Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесі



бет6/8
Дата22.11.2022
өлшемі52.35 Kb.
#361226
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесі
Абайдын кара создери 20, Документ Microsoft Word, физиканы силлабус, лаборатория-2019-2020, AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, ЫТЖС оқу құралы Егізбаева Ж., Сабақ жоспары, мхэжә прог, Таубай.Б 5.4, Акпараттык техн УМКД, ОБ АДҚП англ , Analysis and selection of CRM systems на конкурс, Дінтану силл, 1-2 саб ХПЗН, балалар әдебиеті сил
Қолданбалы аспект – білім беру қызметкерінің психологиялық білімді қолдануын көздейді, білім беру қызметтерінің психологиялық білімдерді қолдануын білдіреді. Бұл бағыттың негізгі өкілдері: тәрбиешілер, педагогтар, әдіскерлер. Олар өздері дербес немесе психологпен біріге отырып, жаңа психологиялық мәліметтерді оқу бағдарламасын, жоспарын, оқулықтарын, дидактикалық және әдістемелік материалдарды жасауды, оқу және тәрбие бағдарламасын құруда қолданылады.
Практикалық аспект - мұны балабақша, мектеп, білім беру мекемелерінің психологтары қамтамасыз етеді. Олардың міндеті: балалармен, топпен, сыныппен жұмыс, белгілі бір нақты міндетті шешуде тәрбиешімен, ата-анамен, мұғаліммен жұмыс жүргізу. Білім беру орындарының, оның ішінде бала-бақша, мектеп және басқа да білім беру жүйесінің қызметкерлері жүзеге асырады. Олардың міндеті – қандай да бір нақтылы мәселелерді шешу үшін балалар тобымен, тәрбиешілермен, мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыстар жүргізу. Олардың міндеті жаңа әдістер құру емес, керісінше, ғылыми түрде бекітілген әдістер мен тәсілдерді кәсіби түрде дұрыс қолданып өңдей білу.
Ұйымдастыру аспектісі - бұл білім берудегі психологиялық қызметтің құрылымын жасау. Практикалық психологтардың білімін жетілдіру және олардың кәсіби әрекетін қадағалау. Бұл бөліктер иерархиялық байланыста бола отырып мынадайтоптардан тұруы мүмкін: тәжірибелік психологтар, психологиялық қызметтің ғылыми-әдістемелік бөлімі (орталықтар, кабинеттер), республикалық немесе федералдық білім беру министрлігіндегі психологиялық қызмет бөлімдері. Тек түбегейлі түрде ұйымдастырылған бөлім қызметкерлері ғана білім беру жүйесіне білікті психологиялық қызмет көрсете алады. Балаларға, ата-аналарға, мұғалімдер мен білім беру орындарына нақтылы түрде көмек көрсете біледі.
 Психологиялық қызмет - оқу-тәрбие процесі мен әлеуметтік жағдайының дамуын ғылыми психологиялық тұрғысынан қамтамасыз ету, яғни даралық даму мен тәрбиені қазіргі психологиялық–педагогикалық теориялар негізінде осы процесті құру және өткізу, ұйымдастыру, сондай-ақ барлық білім беру процесіндегі оқушылардың салауаттылығын сақтау үшін психологиялық жағдайды қаматамасыз етуі тиіс.
Білім беру саласындағы психолог жоғары білімді, біліктілік санатқа ие, еңбекақысы, зейнет кепілдігі мен кезекті демалысы бар, кәсіби құқықтар мен кепілдіктерге ие, нақты білім мекемесінің педагогтарына теңестірілген маман болып табылады. Қызмет саласы бала-бақша, кәсіби, орта білім беретін мектептер, балалар үйі, интернаттар, түзету ұйымдары, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық білім беру психологиялық орталықтары.
Әр түрлі саладағы, аудандық, қалалық, аймақтық білім беру психология орталықтарындағы білім мекемелерініңпсихологиялық қызмет көрсету саласы қызметкері ретінде психологиялық жоғары білімі бар, арнайы курстарда қайта даярлаудан өткен, тұрғылықты жердің әлеуметтік-мәдени, этноерекшелігін толық білетін жоғары білімді мамандар жұмыс істей алады. Әр білім беру мекемесінде кемінде бір психолог (9 дан 14 дейін) қызмет етеді. Егер оқушылар 300-ден көп болса, онда жүктемесі артады. Мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмыс істеу мекемелерінде 80 адамға бір психолог тағайындалып, кемістіктің күрделігіне байланысты балалар саны азайтылады.
Атестациялау жұмысы құзырлы мекемелер мен мамандар тарапынан ҚР «Білім Заңына» сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс бағытын таңдау, әр түрлі жұмыс түрлерінің сәйкестігі білім мекемесінің қажеттіліктерімен және штаттық және штаттан тыс психологтар санымен анықталады.
Жұмысты жоғары сапада, тиімді атқару үшін ыңғайлы жағдай жасалуы тиіс. Жеке жұмыс кабинеті, кеңес беру бөлмесі, топпен жұмыс істеу бөлмесі болып, әрбір кабинетте қолдану үшін таспа – бейне, әр түрлі техника аппараттары мен ыңғайлы жиһаз болуы тиіс.
Білім мекемесіндегі практикалық психологқа кабинеттің безендірілуі және тұтынғаны үшін төлемақы мекемедегі мұғалімдер үшін бектілген нормативке сәйкес төленеді.
Білім мекемелері мен орталықтарда жұмыс істейтін практикалық психологтар атқарған жұмыстарын тіркеп отырады. Әкімшілікке және кәсіби жағынан құзырлы орындарға есеп береді. Бұл психологиялық қызмет мекемелерінің, орталықтарының есептік құжаттарына, тиісті деңгейдегі білімді басқару орындарының есептеріне кіреді.
Әдістемелік және шығармашылық ізденістерге, өзіндік білімін жетілдіруге аптасына бір күн беріледі.
Психологиялық қызмет үш звенодан тұрады:
- нақты мекемедегі практикалық психолог (балабақша, мектеп, гимназия, балалар үйі);
- психологиялық кабинеттер мен бөлімдер;
- психологиялқ қызмет орталығы.
Практикалық психолог нақты оқыту мекемелерінде жұмыс істейді. Мұнда психолог оқыту кезеңі барысында балалардың жеке-дара психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Әр баланың дұрыс дамуына жағдай жасайды. Баланың сабаққа үлгермеуін оның себептерін, тәртіптілігіндегі бұзылыстарды анықтап, түзетіп алдын алады. Тәрбиешілерді, мұғалімдерді білім беру мекемелерінің әкімшілік қызметкерлерін, ата-аналарды психологиялық біліммен қаруландырады, психологиялық білімін көтереді.
Психологиялық кабинеттерде жұмыс істейтін психологтардың негізгі міндеті білім беру мекемелеріндегі психолог әрекетін ұйымдастырады, қадағалайды, сондай-ақ әдістемелік және кәсіби көмек көрсетеді, психологиялық, педагогикалық білімдерді насихаттайды. Ерекше қиын жағдайдардағы психодиагностикалық, психокоррекциялық жұмыстар жүргізеді. Медициналық, психологиялық – педагогикалық комиссияның жұмысына қатысады. Сонымен қатар жеткіншектермен жұмыс жасау комиссиясына да араласады. Білім беру мекемесінің әкімшілігін басқарудың әлеуметтік – психологиялық мәселелері жөнінде педагогикалық ұжымда қолайлы әлеуметтік психологиялық ахуалды орнату жөнінде, басқа да кәсіби мәселелер жөнінде кеңестер береді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені