Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану


Ақпараттық технология — ақпараттарды жинау, сақтау жəне өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген əдістер — технологиялық құралдардың жиынтығы

Loading...


бет2/2
Дата05.05.2021
өлшемі112.1 Kb.
1   2
Ақпараттық технология — ақпараттарды жинау, сақтау жəне өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген əдістер — технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мəліметтерді əр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бап 7-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған [4]. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында шетел тілі сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Яғни, оқытудың мұндай жүйесінің құралы компьютер болып табылады.

Мектепте компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Заман талабына сай техникалық құралдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану — мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол.

Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:


  • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;

  • оқыту-тəрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау;

  • дайын бағадарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;

  • ойлау қабілетін дамыту;

  • ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пəндік материалда меңгеруді қолдана білуге үйрету.

Осыған орай, оқытудың жаңаша əдіс-тəсілдерінің ең күрделі түрі — «Мультимедиалық кабинетте компьютер жəне интерактивті тақта арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу». Бұл оқушылардың пəнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. Сабақ үстінде өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының оған қызығуы арта түседі. Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: түрлі-түсті иллюстрациялар, аннимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.

Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа компьютерлік жүйесін пайдаланудың мынадай ұтымды жақтарын атап көрсетуге болады:



  • оқушылардың ойлану дəрежесіне, материалдық қабылдау ерекшелігіне байланысты əрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерда бағдарлама құрып, оқушылармен дербес жұмыс жасауға болады;

  • компьютер арқылы нашар оқитын оқушыларды оқытудың тиімділігі артады;

  • компьютерді сабақта пайдалану уақытты үнемдейді;

  • оқушының сабаққа деген қызығуын арттырады.

Əр сабақта сөз əрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым. Əр сабақ төмендегілерді қамтиды:

  • компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас;

  • компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады;

  • оқушымен жекелей жұмысты іске асырады;

  • компьютер оқытудың аудио- жəне бейнеқұралдардың мүмкіндіктерін табысты байланысты- рады.

Компьютерде мəтінмен жұмыс жасау барысында тапсырмалар мынадай бөлімдерден болуы мүмкін.

  1. Берілген мəтіннің тақырыбын ашу.

  2. Мəтіндегі кейіпкер тобын ажырату.

  3. Мəтін мазмұнында кездесетін қанатты сөздерді жазу.

  4. Мəтін мазмұны бойынша сұрақтар қою.

  5. Мəтіннің əрбір бөліктеріне тақырып қою.

  6. Ұнаған тақырыбына қысқаша өз ойын жазу.

Өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізеді. Бұл жағдайда ағылшын тілі пəні мұғалімінің міндеті оқушыларға əр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету өз бетімен компьютерді қолдануды үйрету болып табылады. Сондай- ақ ағылшын тілін меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор.

Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту жəне дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың əрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. Сабақ арасында ойын элементтерін тиімді пайдалану олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі, əрі баланың бойындағы қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзып, теңдік сезіледі. Ұялшақ, жасқаншақ оқушылар ойын барысында белсенді серік болуға мүмкіндік алады. Ағылшын тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор.



Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бірі — Интернет. Интернет оқу үрдісін жеңілдетіп, сабақты қызықты, əрі тиімді ұйымдастыруға, оқу-білім сапасын көтеру үшін көптеген мүмкіндіктер береді:

  • сұраныс бойынша ақпарат алу;

  • Интернет тараптарында берілген пəн бойынша тапсырмалар мен жаттығулар орындау;

  • пəн бойынша əр деңгейде тест жұмыстарын ұйымдастыру;

  • сабақ тақырыбына байланысты ақпарат көздерін табу;

  • тақырыптық жобалар дайындау;

  • шетел авторларының шығармаларымен танысу;

  • электронды сөздіктерді қолдану;

  • электронды пошта арқылы шетелдіктермен хат алмасу;

  • аудио-, бейнематериалдар қолдану.

Интернет мүмкіндіктерін жоба жасауға қолданған да қызықты. Мысалы, мұғалім қазіргі кезде мазалап жүрген мəселелерді Интернеттен тауып алып, оқушыларға ұсынып, тапсырма береді. Берілген мəселе бойынша оқушылар ақпарат жинап өз жобасын құрады, ол жобаға енгізген материал бойынша өз ойын, ұсынысын беріп, ақпараттармен келісіп немесе келіспей талқылай алады. Əр мəселе бойынша материалдар ұсынуға болады. Интернеттегі аудио-, видеобағдарламаларды оқушыларға сабақта тыңдатуға, талқылауға болады (мысалы, президенттік сайлау, əлемде болып жатқан оқиғалар, білім беру жүйесіндегі жаңалықтар т.б). Бұндай жұмыс түрлері оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Осыны айта келе, ағылшын тілі сабағында Интернетті қолдану арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады.

Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тəсілдерді дұрыс қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы керек. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді міндеттейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 29 мамырда бір топ бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесуінде «Тілдердің үш тұғырлығы» мəселесіне байланысты ағылшын тіліне деген өзінің ой пікірін төмендегі сөзімен дəлелдеп берді: «Ағылшын тілі — XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, əлемдік деңгейге шығаратын тіл».

Сондықтан да ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру əрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Мектептердегі ағылшын тілі пəні мұғалімдердің мақсаты — оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру — үлкен істің бастамасы.

Шетел тілін оқытуда оқушылардың танымдық қызығуын ояту, шығармашылық белсенділікті, өз бетінше ізденуді арттыру жолында əр түрлі сабақтан тыс тəрбие жұмыстарының да көп көмегі бар. Мұндай тəрбиелік іс-шаралардың оқушылардың сабақ кезінде алған білімін, іскерлік дағдыларын, ой- өрісін дамытуда маңызы зор. Оқушылардың пəнге деген қызығушылығы сыныптан тыс жұмыстарды өткізуде ерекше байқалады.

Өз тəжірибемізде сабақтағы теориялық білімді сабақтан тыс шаралармен ұштастыра отырып, оның өткізілу түріне, тəрбиелік, білімділік, мазмұнына баса көңіл бөлеміз. Себебі оқушылар бойында белсенділік, мақсат көздеушілік, ұйымшылдық, намысшылдық, жауапкершілікті сезіне білу сияқты саналы көзқарас, жақсы қасиет осындай тəрбиелік іс-шараларда қалыптасатыны белгілі.

Ағылшын тілі пəнінен өткізілген апталықтар барысында «Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің əдет-ғұрыптары» тақырыбында демалыс кеші «Ағылшын тілі мақал-мəтелдерде», «Полиглот» атты білім сайыстары, «Ұлы Абай» поэзия кеші, «Ағылшын грамматикасының білгіштері» сайысы кезінде оқушылар үлкен белсенділік танытып, жоғарыда аталған кештердің жəне тағы да басқа іс- шаралардың өз дəрежесінде өтуіне өзіндік үлестерін қосып келеді.

Сабақтың соңында туған ой-толғанысымыз келесідей. Сабақтың жаңа жобада өтуі оқушылардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізулеріне, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай болды. Бұндай əрекеттер сабақтың үш сатысында байқалып отырды. Оқушылар сабақтың барлық сатысында қызығушылықпен, белсенділікпен қатысып, өз ойларын, пікірлерін қызу түрде ортаға салып отырды. Шығу парағын толтыруда оқушылардың көпшілігі «не үйреніп, білдің?» деген сұраққа «мақсатқа жетуде орта жолда қалып қоймай, жету керек екенін түсіндім» деп жауап берді. Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларымызға өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың, идеялар туындауына жол ашты. Сонымен бірге көбіне қазақтың балалары өз ойын кесіп айтудан жасқанады жəне жеткізіп айта да алмайды. Сондықтан «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламаның ұтымды жағын көре отырып, былтырғы оқу жылынан оқушылар шығармашылығын дамытумен айналыстық. Сабақ барысында СТО бағдарламасының стратегияларын қолдана отырып əр түрлі міндеттерді шешіп, проблемалық сұрақтарды талқылап, дискуссия ұйымдастырдық. Оқушылардың жазған эссесін оқығанда оқуға деген мотивациясы артып, ойлау қабілеті белсендендіріліп, креативті, сын тұрғысынан ойлауы дамыды деп айтуға болады. Оқушылардың пікірі бойынша, сабақта алынған білімдері терең бекітіліп қалды.



Орындаған: Абдуалиева А.Т.

Балқаш қаласы ЖББ №5 мектеп

Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
бағалауға арналған
Әдістемелік кешені
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
білім беретін
республикасы білім
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
оқыту әдістемесі
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
қызмет регламенті
болып табылады
пәнінен тоқсан

Loading...