Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет7/22
Дата22.11.2022
өлшемі75.03 Kb.
#360886
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
2 ежелгі силлабус
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, лекция
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/жоспары:
1)Толғауларының тақырыптық-идеялық ерекшелігі
2)Жырау толғауларындағы ел бірлігі мәселесі
Дәріс тезисі: Б.Қалқаманұлы (1668 -1781) – қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Абылай ханның кеңесшісі, ақылгөй биі. Бұхар жырау – қазақ халқының ынтымағын, бірлігін ту етіп көтерген ұлы тұлға, кемеңгер жырау. Жыраудың өмірі туралы мәлімет. Бұхар жырлары жыраулық дәстүрдің жалғасындай болғанмен, әлеуметтік- саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік ерекшелігімен дараланады. Жырау шығармашылығын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай : адамгершілік-имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат толғаулар, ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға арналған толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулар деп топтастырып қарастыру. Бұхардың өзіндік шеберлігі
. Көтеш ақын (1745-1818) –жоңғарларға қарсы күресті жырлаған жауынгер ақын. Ақынның тұрмыс, кедейлік мәселелерін жырлаған толғау жырлары. «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің бауыры күнде дауыл», «Арқа Ойылдың құба жон түсер қатар» т.б. өлеңдері


Сағат саны:1
Әдебиет
1. Мағауин М. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет». - Алматы: «Ана тілі», 2013.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: «Ана тілі», 2013.
3. Мағауин М. Қобыз сарыны. – Алматы: «Атамұра», 2010.
4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. – Алматы: «Санат», 2013.
5. Мағауин М Ғасырлар бедері. – Алматы: «Ана тілі», 2011

14 ЛЕКЦИЯ


Тақырыбы Мөңке Тілеуұлының шығармашылығы
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/жоспары:
1) Қазақ ордасының құрылуы
2) Қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы
Дәріс тезисі: Академик Сейіт Қасқабасовтың«Жырау – ханның немесе белгілі бір дәрежедегі ел билеушісінің идеологі», «Жыраулықтың соңғы үлгілері – Жәңгірдің жанында болған Байтоқ жырау, Кенесарының қасында жүрген Нысанбай жырау», – деген тұжырымдары есепке алынып, оқу-әдістемелік құралға Әбілқайыр ханның қасында болған Мөңке жыраудың, Байтоқ пен Нысанбайдың шығармашылық өмірбаяны енгізіліп отыр. Тәуелсіздік алғанға дейін бұл жыраулардың шығармаларын насихаттауға, зерттеуге тыйым салынды. Соның салқыны әлі күнге шейін сақталып келеді.
Әрбір ойшыл өзі өмір кешкен кезеңге ақыл парасатына орай өз көзқарасы тұрғысынан қарайды, баға береді, мәселе етеді, талқыға ұсынады, келешекте қоғамдық сананың қай тарапқа қарай бағыт аларын болжайды. Он бесінші ғасырда өмір сүрген Асанқайғыны Шоқан Уәлихановтың даланың дана философына теңеуінің сыры осы мәселелерге қатысты. Кеніш ойдың иесі Асанқайғы Алтын Орданың орнына пайда болған хандықтардың бәрінің құрып бітетінін айтып бере алған еді. Қазақ тарихындағы осы үрдіс сабақтастығын он жетінші ғасыр данагөйі Мөңке Тілеуұлы (1675-1756) толғауларынан байқай аламыз. Сол дәуірдегі қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананы терең зерттей алған Мөңке қазақ халқын келешекте не күтіп тұрғанын болжап бере алды. Ол айтқан осындай толғауларының бірі профессор Серік Негимовтың «Шешендік өнер» атты оқу құралына енді..
Әдебиет.
Мағауин М. Қобыз сарыны. – А., 1968 ж. 118-142 б.
2.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – А., 1997 ж. 218-233 б.
3.Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек. Сәуле журналы № 1. – А.,1924 ж.
4.Асанов Ж. Мөңке би өмірі мен шығармашылығы. // Ақтөбе мемлекеттік университетінің хабаршысы №2. 2003 ж. 9-16 б.
5.Асанов Ж. Шекті Мөңке би Тілеуұлы. – Астана. Елорда. 2001 ж.
6.Хандық дәуірдегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы,1992 ж.:

15 ЛЕКЦИЯ


Тақырыбы XIX ғасыр басындағы қазақ жыраулары.Нысанбай жырау. : Байтоқ,Жанұзақ жырау шығармашылығы.
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/жоспары:
1) Жыршы- қазақ әдебиетін дамытушы
2) Жыршылық өнердің өзіндік ерекшеліктері
Дәріс тезисі: Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да маңызды орын алар тұлға. «Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір жырауларына тән қасиет» - делінген жоғарыда аталған еңбекте. Иә, жыраулық мектептің түп негізі абыздардан басталады. Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді болжап отырды. Хандардың түсін жорып, халық арасындағы қарым-қатынастардың қалай бағыт алатынын болжап, оны жыр жолдарымен жеткізіп, абыздық дәстүрді әдебиетпен байланыстыра дамытты. Жыр және жыраулар туралы деректер М.Қашқаридің «Диуани-лугат-ат түрк» еңбгінде кездеседі. Оның еңбегінде Шөже жырау (XI ғасыр) туралы сөз болады. Онда Шөже жырау – жырау әрі көп жыр білетін жыршы екендігі жайлы айтылады. Сонымен қатар Қорқыт (IX ғасыр), Сыпыра жырау (XIV ғасыр) есімдері арқылы біз жыраулық поезияның тамыры әріде жатқандығын білеміз. Дегенмен XV-XVII ғасырлар жыраулар поэзиясының дамып, жетіліп кемелденген шағы болып табылады. Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған. Олардың орындаушылық ерекшеліктерінде ұқсастықтармен қатар айырмашылықтар да бар. Ж-лар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды. Олар бұрыннан белгілі халық дастандарын, поэмаларды айтып таратады. Кейбір Ж-лар өз жанынан өлең-жыр да шығарады. Ж-ны халық ақынмен, әншімен, шешенмен қатар қойып қадірлеген. Қазақта Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Нұрпейіс Байғанин – нағыз жүйрік, танымал Ж-лар. Ж. кейде белгілі бір әдеби шығарманы дастанға айналдырып жырлайды. Бұл – кейінгі кезде пайда болған дәстүр. Мыс., А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын қазақ ақындары, Ж-лары халық тіршілігіне бейімдеп жырлап, жаңа нұсқалар тудырған (Ә.Найманбаев, т.б.). Талантты Ж-лар халық сүйіспеншілігіне бөленген. Эпикалық туындыларды көп білгендіктен олардың кейбірі “жырау” деп те аталған (Марабай, Мергенбай, Базар, т.б.). Қазақ эпосының сақталып, өркендеуі үшін Ж-лар зор еңбек сіңірді. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілері солардың арқасында заманамыздың игі мұрасына айналды.
Әдебиет
1. Мағауин М. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет». - Алматы: «Ана тілі», 2013.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: «Ана тілі», 2013.
3. Мағауин М. Қобыз сарыны. – Алматы: «Атамұра», 2010.
4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. – Алматы: «Санат», 2013.
5. Мағауин М Ғасырлар бедері. – Алматы: «Ана тілі», 2011


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені