Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет6/22
Дата22.11.2022
өлшемі75.03 Kb.
#360886
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
2 ежелгі силлабус
Ақпарат слайд.а, №9 ӨСӨЖ. А Тағыбергенова. эк.л, 14, ПРОПЕД АБСЦЕС, лекция
Тақырыбы: : Қазақ хандығының құрылуы. Ақын-жырау поэзиясының қалыптасуы. Сипаттары. Қазтуған жырау.
Сағат саны:1
: Тақырыптың негізгі сұрақтары/жоспары:
1)Қазақ хандығының құрылуы
2) Жыраулық өнер ерекшелігі
Дәріс тезисі: Көк Ордада тежеусіз билік құрған Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр билігінен бас тартады да, соңына ерген барлық жұртымен тұп көтеріле көшіп, Қазыбасы дейтін байтақ қоныспен Шу өзенінің бойында дербес халықтың туын көтереді,бұл жаңа ұлыс Қазақ Ордасы деп аталады.Ортағасырлық атақты тарихшы Мұхаммед-Хайдар Дулаттың куәландыруы бойынша,бұл оқиға 1456 жылы болған.
Керей мен Жәнібектің соңына ерген,қазақ болып бөлінген жұрттың әуелгі саны-екі жұз мыңдай кісі еді. Сол заман үшін көп халық. Бірақ байтақ ұлыста қалған туыстардың саны бұдан алты-жеті есе артық болатын.
: Қ. Сүйіншіұлы – қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. «Бұдырайған екғ шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар. Қазтуған – жорықшы, жауынгер жырауға Мұрат ақын «Қазтуған» деген жыр арнаған. Мұнда Қазтуған бейнесі жауынгер – жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.
Әдебиет
1. Мағауин М. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет». - Алматы: «Ана тілі», 2013.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: «Ана тілі», 2013.
3. Мағауин М. Қобыз сарыны. – Алматы: «Атамұра», 2010.
4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. – Алматы: «Санат», 2013.
5. Мағауин М Ғасырлар бедері. – Алматы: «Ана тілі», 2011
6.Келімбетов Н.Қазақ әдебиетінің бастаулары Алматы,2001
1. Мағауин М. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет». - Алматы: «Ана тілі», 2013.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: «Ана тілі», 2013.
3. Мағауин М. Қобыз сарыны. – Алматы: «Атамұра», 2010.
4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. – Алматы: «Санат», 2013.

10ЛЕКЦИЯ


Тақырыбы Асан қайғы. Доспанбет жырау
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/жоспары:
1)Асан Қайғы туралы аңыз бен ақиқат,ол жайлы аңыздар
2)Асан Қайғы жөнінде тарихи деректер
3)Доспамбет-дорық жырауы
4) Толғауларының негізгі тақырыптары
Дәріс тезисі: Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІҮ-ХҮ ғғ.) өмірі туралы мәлімет. Аңызға айналған данышпан. Аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері, дидактикалық сарын. Әз Жәнібек ханға айтқан арнау-толғаулары. Болжалдық сарын. («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Қилы-қилы заман болмай ма» тирадасы).
Доспамбет жырау толғауларында билеуші қауымның салтанатты өмір-тұрмысының жырлануы. Өз заманының белді өкілі болған Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы. («Тоғай, тоғай, тоғай су»), дүниенің өткіншілігі, адам өмірі туралы ой толғаныстарының жырлануы.
Әдебиет
1. Мағауин М. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет». - Алматы: «Ана тілі», 2013.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: «Ана тілі», 2013.
3. Мағауин М. Қобыз сарыны. – Алматы: «Атамұра», 2010.
4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. – Алматы: «Санат», 2013.
5. Мағауин М Ғасырлар бедері. – Алматы: «Ана тілі», 2011:

11 ЛЕКЦИЯ


Тақырыбы: Тақырыбы: Шалкиіз жырау Жиенбет пен Марқасқа жыраулар
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/жоспары:
1) Өмірі,ол жайындағы зерттеулер
2) Шалкиіз бидің Темірге арналған толғаулары Жиембет-әрі батыр,әрі жырау
2)Есім ханға айтқаны
3)Марғасқа- ерлікті,адамдықты жырлаған қазақ поэзиясында көне жыраулар поэзиясы дәстүрін жалғастырушы
Дәріс тезисі: Ш.Тіленшіұлы (1456-1560) – қазақ поэзиясында философиялық бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау. Жыраудың өмірбаяны. Шалкиіз - әскербасы, батыр. Поэзиясы – белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия, рухы – ерлік. Ұрыс даласындағы батырдың қимыл-қозғалысын жанды суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің статикалық күйде сомдалу үлгілері. Би Темірге арналған толғаулары («Аспанды бұлт құрсайды», «Қара бас күспен шалдырып»)
. Қазақ әдебиеті тарихында ХҮІІғ. әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірмен салыстырғанда біршама аз. Бұл кезеңдегі поэзияның ірі өкілі – Жиембет жырау және жалғыз толғауы ғана сақталып жеткен – Марғасқа жырау. Жыраулардың шығармашылық өмірбаяны Есім ханмен байланысты. Жиембет Бортоғашұлы (ХҮІІ ғасыр) – Есім ханның әскербасы батырларының бірі әрі жорықшы жырауы, қабырғалы биі. Жырау өмірінен мәлімет берер аңыз әңгімелер. Жиембеттен қалған елеулі мұра – Есім ханға арналған толғаулары. Арнау-толғауларындағы Жиембеттің хан мен халық алдындағы үлкен еңбегі, жоғары беделді көрініс табуы. Арнау-толғауларында билеуші мен жырау арасындағы қайшылықтардың суреттелуі және хан дәрменсіздігінің әшкереленуі, толғаудың сыншылдық сипаты.
Марғасқа жырау (ХҮІІ ғасыр) – Есім ханның батырларының бірі, жырау. Өткір тілді, суырып салма өнердің шебері. Марғасқа жырау – ерлікті, беріктікті жырлаушы. «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» толғауының шығу тарихы.
Әдебиет
1. Мағауин М. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет». - Алматы: «Ана тілі», 2013.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: «Ана тілі», 2013.
3. Мағауин М. Қобыз сарыны. – Алматы: «Атамұра», 2010.
4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. – Алматы: «Санат», 2013.

12 ЛЕКЦИЯ


Тақырыбы: : ХVІІІ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай. Жырау поэзиясының даму ерекшеліктері. Ақтамберді жырау. Тәтіқара мен Үмбетей шығармашылығы
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/жоспары:
1)Ақтамберді-ерлікті жырлаған жорық жырауы
2) Жырау тіліндегі шеберлік
Дәріс тезисі: ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының саяси-экономикалық даму жағдайы. ХҮІІІ ғасырдың қазақ қоғамының тарихында аса бір қиын да күрделі кезең болғаны, осы кезеңдегі қазақтар иен жоңғар қалмақтары арасындағы соғыстар.
ХҮІІІ ғасыр поэзиясында жыраулық дәстүрдің одан әрі дамуы және ақындық поэзияның алғашқы өкілдерінің шығуы. Жыраулық поэзиясының тақырыптық, көркемдік жағынан толығуы. Адам образының жасалуы, тарихи тұлғалар бейнесінің жырлануы. Ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілдері – Көтеш және Шал ақындардың шығармашылығы.
Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) – жоңғарларға қарсы күрес дәуірінде қол бастаған батыр, жортуыл жыршысы. Жыраудың өмірінен мәлімет. Ең қиын кезеңде өмір сүрген Ақтамбердінің жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы болғаны. Толғауларындағы басты сарын - ерлікке, батырлыққа шақыру. Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы. :
Тәтіқара ақын- қазақ халқының тарихында сырт жауларға қарсы күрестің ұраншысы, жауынгер ақын. Тәтіқара ақынның Абылай ханның жортуыл жыршысы болуы.Ақын өмірінен деректер. «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы ерлердің рухын көтеру, жігерлендіру үшін айтылғаны. Абылайға арналған «Кебеже қарын , кең құрсақ» өлеңіндегі ақынның турашылдығы.
Үмбетей (1706-1775) -өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін жырлаған үлкен тынысты жырау. Үмбетей жырау толғауларында ел тұрмысындағы маңызды мәселелер, батырлардың ерлігі мадақталып,жырлануы. Үмбетей –Абылай және ХҮІІІ ғ батырлары жайындағы жырларды туғызушылардың бірі. Жырау толғауларында ел, жер тарихы туралы деректердің берілуі.Үмбетейдің даңқын шығар,ан «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту»
Толғаулары. Жырау шығармашылығындағы жоңғарға күрестің қаһарманы, атақты қолбасшы Бөгембай образының жасалуы.

Әдебиет
1. Мағауин М. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет». - Алматы: «Ана тілі», 2013.


2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы: «Ана тілі», 2013.
3. Мағауин М. Қобыз сарыны. – Алматы: «Атамұра», 2010.
4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. – Алматы: «Санат», 2013.
5. Мағауин М Ғасырлар бедері. – Алматы: «Ана тілі», 2011

13 ЛЕКЦИЯ


Тақырыбы: Бұқар жырау. Көтеш ақын поэзиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені