4. Курстың академиялық саясаты:
- оқытушы өзінің іс-әрекетін жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырады;
- қарым-қатынас стилі – демократиялық, оқытушы білім алушылардың дара ерекшеліктерін ескереді;
- оқытушының білім алушыға талабы кәсіби этикаға негізделіп позитивті сипатта болуы тиіс;
- оқытушы және білім алушылары әрбір аудиториялық сабаққа күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес алдын ала дайындалады;
Академиялық тәртіп ережелері:
Сабаққа міндетті түрде қатысу, кешікуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және болмауы 0 балмен бағаланады.
Тапсырмаларды (БӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда орындалған тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |