Пәннің мақсаты студенттерге қоршаған орта туралы жалпы түсініктер мен тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, олардың тіршілік ортасы жайлы заңдылықтары туралы дағдыны қалыптастыру, студент ғаламдық экологиялық проблемалардың болмысын, туындау себептерімен және осы проблемаларды шешу жолдарын іздестіруге қабілетті. Болашақта аталған салаларда жұмыс істейтін мамандарға осы пәнді игеру барысында алған білімдерін кәсіби қызметте қолдану тәжірибесін қалыптастыру құзіреттілігіне ие болады.
«Экология және тұрақты даму» пәнінің негізгі міндеттері болып табылады:
антропогендік әрекеттерден туындап отырған нақтылы әлеуметтік-экологиялық проблемаларды түсінеді және шешу жолдарын қарастырады;
қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде экологиялық ой-жүйені қалыптастыру және дамыту жолдарына баға береді;
тыңдармандардың болашақтағы мектептердегі жұмысы барысында, немесе туризм және экономика салаларындағы қызметі барысында оларды әлеуметтік-экологиялық жағдайдың одан әрі нашарлау нәтижелерінің мейілінше қауіпті болатындығын болжайды және ҚО жағдайын оңтайландыру үшін шешім қабылдайды.