Білім беру бағдарламасы Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация


Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар



бет8/51
Дата10.06.2022
өлшемі0.85 Mb.
#267632
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
Байсенгирова М
Имекова
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

  1. Бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық құндылықтарға баулуды ұйымдастырудың қазіргі жағдайына талдау жасау;

  2. Бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық құндылықтарға баулудың мәнін, мағынасын, мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу;

Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2021 ж) зерттеу проблемасының педагогикалық теориядағы және практикадағы жағдайы анықталды, жоғары білім берудің теориясы мен практикасы жөнінде отандық және шетелдік зерттеулерге талдау жасалды, зерттеу тақырыбы анықталды, зерттеудің ғылыми аппараты жасалды.
Екінші кезеңде (2021 ж.) Бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық құндылықтарға баулу жағдайы зерттелді.
Екінші кезеңде (2022 ж.) Бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық құндылықтарға баулу потенциалы анықталды, қалыптастыру эксперименті жүргізілді. Бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық құндылықтарға баулу әдістемесі жасалды.
Зерттеу базасы: .....
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық құндылықтарға баулу әдістемесі ұсынылды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне жеке тұлғаның эстетикалық құндылықтарын қалыптастыруға байланысты әдістемелік тұжырымдар мен ұсыныстар жасалды. Бұл әдістемені бастауыш мектеп мәселесімен айналысып жүрген студенттер мен магистранттар көмекші құрал ретінде пайдаланады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


1. ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРЕТІН БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Жаңартылған бағдарлама бойынша туралы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін талдау, жинақтау және феномендігін айқындау.

Бүгінде философия, психология, әлеуметтану, саясаттану,экономика, мәдениеттану, педагогика, эстетика, әдебиеттану және лингвистика ғылымдары үшін құндылықтар жүйесінің сырына үңіліп, қасиетін тану міндеті деуге болады. Бұл мәселенің филологиялық ғылымдарда да ерекше қарқынмен зерттелуін халықтың бүтін бітімі оның тілі мен әдебиетінен ғана тұтастай танылатынымен түсіндірген жөн. Сонымен бірге, егемендігін алып, өткенін саралай бастаған кез келген ұлт үшін ең әуелгі мақсұт құндылығын түгендеу болмақ.
Бұл жөнінде фольклоршы-ғалым С.Қасқабасов: «Әлемдік тәжірибеге қарасақ, бодандықта көп болып, тәуелсіздікке жеткен мемлекеттер өз өмірінің алғашқы 20-30 жылында тарихи сананы, тарихи жадты қайтаруға, өзінің эстетикалық болмысын нығайтуға күш салады», –дейді. [1] Қазақтың эстетикалық ой-санасына зер салған ғалым А.Қасабек те өз зерттеулерінде аталмыш мәселенің өзектілігіне баса назар аударады. «Эстетикалық руханияттың құндылық болмысы» атты мақаласында ол былай дейді: «Әлемдегі халықтардың, ұлттардың, нәсілдердің бәріне тән жалпыадамдық құндылықтарымен қатар, әр халықтың өзіне тән тарихи қалыптасқан рухани, мәдени байлықтарын, адамгершілік қасиеттерін, яғни өзіндік құндылықтарды жандандыру, солардың негізінде жаңа белеске көтерілу бүгінгі таңның талабына айналуда. Сондықтан да белгілі бір жағдайға байланысты қазақхалқының тоқыраған философиялық және тарихи құндылықтарын терең зерттеу, олардың ішкі мәнін айқындау, жалпыадамдық өркениет аясындағы даму бағыттарын зерделеу –қоғамдық ғылымдардың алдында тұрған басты мәселелердің бірі» [2]. Осы тұрғыдан алғанда, әдебиеттану ғылымының алдында да халықтық сананың қайнаркөзі болып саналатын көркем сөз өнеріндегі құндылықтар жүйесіне талдау жасау міндеті тұр. Өйткені қоғамдағы құндылықтар жүйесіне, оның өткеніне, бүгінгі беталысы мен болашақтағы ықтимал бейнесіне баға беру үшін тек қана әлеуметтік сауалнамалар мен социо-аксиологиялық теорияларға сүйенген зерттеулер ғана емес, халықтың ішкі болмысын дәл әрі кең диапазонда татытатын көркем мәтіндердір негізінде де зерттеу жасау, бір жағынан, тың ғылыми тұжырымдарға жол ашса, екінші жағынан, әдебиеттану ғылымының да аясын кеңейтеді.
Құндылықтар –қоғамның ілгері жылжуының алғышарты, мәдениеттің іргетасы һәм саяси-экономикалық тұрақтылыққа кепіл болушы басты факторлардың бірі. Әлемдегі құндылықтар хақындағы зерттеулерге көз салғанда осы ойымыз беки түсті. Мысалы, өркениеттер арасындағы қақтығыстардың негізгі түйткілдерін таразылаған С.Хантингтон құндылықтардың мемлекет тағдырындағы шешуші фактор екенін тілге тиек етеді [3] Ол аз уақытта көшбасшы елдердің санатына қосылған Оңтүстік Кореяның даму тарихына көз жүгіртіп, алпысыншы жылдары оның Ганамен қарайлас екенін және құндылықтар жүйесін реттеу арқылы отыз жылдың ішінде Азияның озықелдерінің біріне айналғанын жазады [3 б,14]. Ал Л.Харрисон ғылымда тұрақтап қалған колониализм, бодандық, расизм және географиялық ерекшелік (ерекшелеген –біз. Н.Қ.) деген теорияларға түбегейлі қарсы шығып, елдің дамуында аталған өлшемдердің ешқайсысы басты орында тұра алмайтынын, мемлекет саясатының тұрақты болып, экономикасының өрлеуіне түрткі болатын басты фактор елдің мәдениеті мен құндылықтар жүйесі екенін дәйекті пікірлерімен дәлелдейді [3, б,б15-16]. Ал АҚШ-тың профессорлары – Д.Ажемоглу мен Ж.Робинсон «Ұлттар неге ұтылады?» (Why Nations Fail) деп аталатын ғылыми еңбегінде елдің саяси-экономикалық жаңғыруына мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларына қарағанда, мәдени-құндылықтық бағдарлары –өмірге деген көзқарастар жүйесі мен әлеуметтік этикалық нормалардың көбірек ықпал ететінін таратып түсіндіреді [4].
Қоғамның дамуы мен тұрақтылығын социомәдени аспектіде қарастырған зерттеу еңбектері аз емес және мұндай бағыттағы пәнаралық ізденістердің уақыт өткен сайын өз маңызын арттыра түскенін байқауға болады. Кез келген халықтың алуан түрлі игіліктерге кенелуінің түп тетігі моральдық шарттарда жататыны жоғарыда көрнекті ғалымдар пікірлерімен сабақтастыра отырып тілге тиек етілді. Дегенмен, адами құндылықтарға берілетін анықтамалардың да мазмұны бір арнада тоғыса бермейтінін атап айтқан жөн.
Мысалы, Қазақстанның Эстетикалық энциклопедиясында: «Құндылық –объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. ...Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. ...Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді», –делінген [5]. Ал Оксфорд сөздігінде құндылық ұғымына «этикалық бихевиоризм немесе тиісті құлық жөніндегі ненің дұрыс, ненің бұрыс, ненің жағымды, ненің жексұрын екендігі жөніндегі адамдар идеясы» деген анықтама беріледі [6]. Келтірілген дәйектемелерге қарап құндылықтардың субъективті және объективті сипатқа ие екенін көруге болады. Сондай-ақ, оның объективті сипаты біршама күшті деп есептейміз. Оған сай белгілі бір зат не құбылыстың қоғам мүшелері тарапынан ерекше мәнге ие болып, бағасы артып, құндылыққа айналуы мүмкін.
Құндылықтардың қоғам үшін маңыздылығын кейбір ғалымдар бейнелі түрде «үнсіз төңкеріс» (silent revolution. –Н.Х.)деп те атайды. Жалпыадамдыққұндылықтардың қазіргі әлемдік беталысын айқындап, құндылықтар картасын жасаған Мичиган университетінің (АҚШ) профессоры Р.Инглхарт осы атаумен арнайы кітап та жариялаған болатын [7]. Өйткені, құндылықтар –қоғамның барометрі. Оның құлдырауы өз кезегіндеқоғамның да құлдырауына, ал берік орнығуы қоғамның да берік бола түсуіне мұрындық болады.
Жалпыадамдық құндылықтарға рухани және материалдық игіліктер жатады. Ең бастысы, олар –жалпы адам баласына бірдей қымбат, айрықша мәнге ие болуға тиіс. Олар табиғи, әлеуметтік, адамгершілік ұстанымдар мен эстетикалық, құқықтық идеалдар, философиялық не діни идеялар не басқа да рухани құндылықтар болуы мүмкін. Осы арқылы адамзатқа ортақ құндылықтар қоғамның, тіпті өркениеттің рухани діңгегіне айналады. Өркениеттер ғұмырының ұзақ не қысқа болуы көбіне-көп жалпыадамдық құндылықтарға байлаулы. Педагогика ғылымында оған мынадай анықтама беріледі: «...жалыадамзаттық құндылықтар –бұл барлық мәдениет пен замандағы адамдар үшін абсолютті стандарт болып саналатын іргелі, жалпыадамдық бағдарлар мен нормалар, моральдық құндылықтар» [8]. Әлеуметтанушы Джозеф Фихтер құндылықтарды жеке басымыздың ғана емес, сонымен бірге өзгелердің де өмірінің мәніне айналуын қалайтын дүниелеріміз екенін айтады [9]. Ғалымның пікірінше, жалпыадамдық құндылықтар мәдениет пен қоғамның салмағын арттырып, болашағын жарқын етеді [9, б,132].
Адами құндылықтарға қатысты зерттеулерді саралағанымызда олардың үш түрлі негізінің бар екеніне көз жеткіздік. Мәдениеттанушы, профессор К.Клакхон өзінің «Мәдениетті зерделеу» атты еңбегінде «Адами құндылықтар дегеніміз –индивидтің не топтың танымдық, сезімдік немесе әрекеттік (ерекшелеген –біз. –Н.Х.)таңдау жасауына итермелейтін анық я анық емес концепциялары», –деген тұжырым жасайды [10]. Мұндай пікірлерді біз басқа да зерттеушілердің еңбектерінен кезіктірдік [11]. Дегенмен, жалпыадамдық құндылықтар деген ұғымның жоқ екенін, не болмаса олардың батыстық сипатқа ие екендігін айтатын ғалымдар да жоқ емес. Мысалы, этнолингвист, мәдениеттанушы Әділ Ахметов «жалпыадамдыққұндылықтар» деген терминнің өзіне қарсы. Ол еуразиялық өркениет төңірегіндегі ізденістерінде бұл ойын ашық білдіреді. Ғалым әлемнің ноосфералық дәуірге аяқ басып келе жатқанын, өркениет көші біртіндеп Еуразиялық кеңістікке – қазіргі Қазақстан мен Ресей территориясына ауып келе жатқанын тарихи салыстырмалы әдіс арқылы баяндай келе: «...ноосфералық дәуірде жеке және топтық (командалық) арман-мұраттар мен шындықтың тең құқылы феномені бой көтереді. Ал қазір «жалпыадамдық құндылықтар», «жаһандық армандар» жөнінде сөз қылу әлі ертерек. Өйткені, алдағы 500 жыл аумағында адамзат жоғарыда аталған доминанттар қақтығысының аясында өмір сүретін болады. Өйткені, қазір де бір шындықтың басы ашық. Мәселен, бүгінгі таңдағы «жалпыадамдық құндылықтар» деген ұғым, шын мәнінде, «алтын миллиардтың» агрессивті технологиялар арқылы бүкіл әлем мен адам санасын жасандылықпен улап кіргізген құндылықтары», –деп ой қорытады [12]. Осы тақылеттес пікірді Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Ф.И.Гиреноктің сұхбатынан кезіктірдік. Философ-ғалым тіпті ондай ұғымның жоқ екенін алға тартады. В.Б.Румянцевке берген сұхбатында ол: «Мен үшін бұл мәселе әлдеқашан өз шешімін тауып қойған. Біреулердің әлі де аталмыш мәселені шеше алмай жүргеніне таңғаламын. Ешқандай«жалпыадамдық құндылық» жоқ, болған емес және болмайды да», –деп кесіп айтады [13]. Жалпыадамдық құндылықтардың уақыт пен орын талғамайтынын, қандайда бір мәдени кеңістікпен шектеліп қалмайтынын және адамзат түпсанасы мен психологиясына тән табиғи қасиеттер негізінде қалыптасқанын ескерер болсақ, жоғарыда келтірілген пікірлермен келісу қиын болар еді. Біздіңше, жалпыадамдық құндылықтарды белгілі бір саяси-қаржылық алпауыттардың еншісіне салып қоюға болмайды. Өйткені оның мазмұнын әділет, шапқат (мейірім), сұлулық, достық, ізгілік т.б. сынды рухани құндылықтар мен күллі адам баласына бағалы саналатын материалдық игіліктер құрайды.
Қазіргі әлемдегі батыстық үстемдіктің белгілі бір деңгейде құндылықтар жүйесіне ықпал-әсері бар десек те, бұл жалпыадамдық құндылықтардың мазмұнына өзгеріс енгізе алмайтынын баса айтуымыз керек. Өйткені, аталмыш мәселе өмір сүріп отырған заманымызда ғана емес, біздің заманымызға дейінгі дәуірлерде де ақыл-ой алыптарының назарына ілігіп, арнаулы еңбектердің жазылуына түрткі болған. Бұл құндылықтар әлемінің ежелгі дәуірлерден бері өзекті тақырыптардың қатарында болғанын көрсетеді. Мысалы, Аристотель өзінің «Үлкен этика» атты еңбегінде жалпыадамдық құндылықтар жөнінде жазады. Ол Пифагордың, Сократ пен Платонның игілік, құндылық туралы айтқандарын сын тезіне алып, қарсы шығады әрі өзінің көзқарастарын әртүрлі дәйектермен бекітеді. Аристотель: «Игіліктердің кейбіреуі құнды, басқалары –мақтаулы заттардың, үшіншілері –мүмкіндіктердің қатарына жатады. Құндылар деп мен құдайдан тарайтын ең қадірлі игілікті айтамын, мысалы, жанды, ақылды, бұлар –бастапқы алғашқы принцип деуге болатын нәрселер. Құнды –бұл сыйлы, ондай нәрселерді бәрі де құрметтейді. Ізгіліктің әсерімен адам абыройлы болады, сондықтан да ол –құндылық», –дейді [14]. Аталған трактатында Аристотель игіліктерді жанға қатысты, тәнге қатысты және жанға да, тәнге де қатысы жоқ игіліктер деп бөледі. Жанға қатысты игілік түрін ең жоғарғы игіліктер санатына қосып, өз ойын былайша өрбітеді: «Жанға қатысты игіліктер екі жаққа бөлінеді –ақыл иесіне және ақылдан ада жаққа. Ақылға ие жағына ақылдылық, көрегендік, даналық, үйрету қабілеті, ес және сол сияқты қабілеттер тән; ақылдан ада жағына ізгіліктер деп аталатындар: қанағат, әділдік, ерлік және
15басқа да ұнамды мінез-құлық түрлері жатады», –дейді [14, б,257]. Жоғарыда келтірілген пікірлерін ол өз ұлына арнап жазған өсиет кітабы –«Никомах этикасы» атты еңбегінде дамыта түседі [15,].Ежелгі дәуірдің ойшылдарынан бастау алған әртүрлі жіктеулерді бүгінгі аксиология ғылымындағы классификациялар толықтыра түседі. Сонымен бірге құндылықтар теориясына жанама салалалардың да атаулы мәселені айналып өтпейтінін байқауға болады. Мысалы, қазіргі педагогикада құндылықтардың мынадай түрлері аталынады. «Құндылықтар биопсихологиялық (денсаулық) және рухани реттілікте болады. Құндылықтар рухани мәдениет түрлеріне қарай адамгершілік (өмірдің мәні және бақыт, қайырымдылық, жауапкершілік, ұят, ар, абырой), эстетикалық (әсемдік, маңыздылық), діни (сенім), ғылыми (ақиқат), саяси (бейбітшілік, әділеттілік, демократия), құқықтық (заң және құқық тәртібі) болып жіктеледі» [8, б,6]. Әйтсе де, құндылықтардың жіктелуі біркелкі емес. Ол –заңды құбылыс.
Біз ХХ және ХХІ ғасырдағы аксиологиялық зерттеулерге шолу жасағанымызда, олардың кең таралған 50-ден астам классификациясының бар екеніне көз жеткіздік. Солардың ішіндегі ең белгілілері –М.Рокич, Г.Хофстед, Ш.Щварц, Г.Олпорт сынды ғалымдардың жіктеулері. Аталған авторларды құндылықтар теориясына айтулы жаңалықтар әкелген, ғылыми негізін қалыптастырып, болашағына болжам жасаған ғалымдар деп айтуға болады. Мысалы, Рокич құндылықтарды мақсаттық (terminal) және құралдық (instrumental) деп екіге бөліп, жалпы саны 36 құндылықты тізбектеп шығады. Ол: «Адамның өмірде қол жеткізуді қалайтын жағдайы (еркіндік, отбасындағы сенім т.б.) мақсаттық, ал сол мақсаттық құндылықтарға жету үшін жасалатын әрекеттері құралдық құндылықтарды қалыптастырады», –дейді [16].
Мильтон Рокич құралдық құндылықтарға қарағанда абстрактілі, әмбебап және өзгермейтін қалыпқа ие мақсаттық құндылықтардың адамның қалаулы құндылықтары болып саналатынын, ал құралдық құндылықтар болса, мақсаттық құндылықтарға қарағанда әлдеқайда нақты және құбылмалы болып келетінін, аталған екі құндылық түрінің арасындағы айырмашылықты бөліп жару қиынға соғатынын жазады. М.Рокич мақсаттық құндылықтарды жеке тұлғалық және қоғамдық деп, ал құралдық құндылықтарды моральдік және біліктілік деп екіге бөліп қарастырады. Өзіне деген құрмет, қоғамда мойындалу сияқты құндылықтар жеке тұлғалық,ал бейбітшілік пен теңдік қоғамдық құндылықтар санатына қосылады.
Аксиология ғылымында кең тараған кезекті классификация Ш.Шварцқа тиесілі. Ол құндылықтарды онға бөліп қарастырады да, әр адамда құндылықтардың әртүрлі көрінуі мүмкін екенін, кей адамда бір құндылықтың басым болуын, ал кей адамдарда бірнеше құндылықтың қатар көрінуін тілге тиек етеді. Ғалым жалпыадамдық құндылықтардың мынадай түрлерін атап өтеді: күш (power), жетістік (achievement), гедонизм (hedonism), ынта-ықылас (stimulation), өзін-өзі бағыттау (self-direction), әмбебаптық (universalism), мейірбандық (benevolence), дәстүр (tradition), сәйкестік (conformity), қауіпсіздік (security) [17].
Ш.Шварц пен М.Рокичтің классификациясында ортақ құндылықтардың бар екенін байқау қиын емес. Тек М.Рокичтің ғана емес, басқа да зерттеушілердің жіктемесінен Ш.Шварцтың жіктемесін бөлектеп тұрған құндылық –дәстүр. Дәстүрді белгілі бір этностың өзіне тән рухани-мәдени жолы деп есептегенімізбен, оны жалпыадамдық шеңберде қарастыруға негіз бар. Біз эстетикалық және жалпыадамдық құндылықтар арақатынасын үшінші тарауда арнайы сарапқа саламыз.
Жоғарыда құндылықтардың елдің экономикалық, саяси-әлеуметтік жаңғыруының негізі екенін атап айттық. Ол ең әуелі жеке тұлға болмысынан көрінеді.
Жалпыадамдық құндылықтар –жеке тұлғаның мәдени-этикалық Темірқазығы. Оны адамның өзіне ғана емес, жалпы айнала-болмысқа деген көзқарас-ниетін қалыптастырып,адами қалпын анықтайтын ішкі механизмі деуге болады. Мәдениеттанушы Г.Хофстед құндылықтарды бала кезден бейсаналы түрде қалыптасады деп есептейді. «Құндылықтар дегеніміз –қарсы мәні бар сезімдер жиынтығы. Әрқайсысының оң және теріс жағы болады. Құндылықтар мынадай дүниелерге қатысты болады: жауыздық жақсылыққа қарсы, ластық – тазалыққа, қауіп – тыныштыққа, әдепсіздік –сыпайылыққа, ұсқынсыздық – сұлулыққа, табиғи болмаған нәрсе табиғилыққа, қалыпсыздық – қалыптылыққа, парадоксалдылық –логикалылыққа, иррационалдылық – рационалдылыққа, моральдық азғындыққа қарсы боп саналады. Өйткені, құндылықтарымыз өміріміздің бастапқы кезеңінде қалыптанады, олар иррационалды болып саналады (дегенмен, біз өзімізді толыққанды саналы әрі ақылдымыз деп есептейміз!). Шындығында, құндылықтар біздің субъективті болмысымыз бен ой-санамызды анықтайды», –дейді ол өзінің әйгілі «Мәдениеттің салдары» атты еңбегінде [18].
Құндылықтар – адам өмірінің мәні болып саналатын стандарттар, жоғарғы мінез-құлық пен өмірлік сенім-түсініктердің жиынтығы. Әр адам дүние есігін ашқан сәттен белгілі бір әлеуметтік ортаның мүшесі болады. Ал ол оған дейін қалыптасып үлгерген құндылықтар жүйесінің ішінде өмір сүреді де, Г.Хофстед айтқандай, бейсаналы түрде ерте жастан оны өз бойына сіңіреді. Ол отбасынан, жақын ортадан, жазба және визуалды материалдардан еліктеу не үлгі алу арқылы қалыптасады. Құндылықтар адамнан – адамға, қоғамнан – қоғамға, мәдениеттен мәдениетке ауысуы мүмкін. Осы арқылы құндылықтар қоғамдық этика мен әрекеттер жүйесінің анықтаушысы, қоғамды танудың негізі болады. Құндылықтардың қоғаммен қатынасы күрделі жүйені құрайды; адамдар арасындағы ненің тыйым салынғанын, ненің мақтаулы, ненің қылмысқа әкеп соғатынын да белгілейді. Құндылықтар жүйесінің сатыларына сараптама жасау арқылы бізқоғамның даму қарқыны мен әлеуетін анықтап, болашағына болжал жасауға мүмкіндік аламыз. «Қоғамның бірде-бір құндылыққа ие болмауын өзінің ең күшті әлеуметтік реттеуші құралынан айырылғаны деп түсіну керек», –дейді әлеуметтанушы Дж.Фихтер [9, б,137]. Осылайша құндылықтар арқылы біз жеке тұлғаның ғана емес, сол арқылы бүкіл бір қоғамның, елдің бет-бейнесін боямасыз, дәл көре аламыз. Бұл, әрине, қоғамның мәдени болмысына қатысты. Белгілі бір құлық түріне не заттарға айрықша мән сыйлайтындықтан, құндылықтар стандарттаушы нормаларға айналады. Ал нормалар бірте-бірте діл –менталитет ретінде қалыптанып, географиялық не мәдени кеңістіктегі қауымдастықтарды өзара ұқсас тип төңірегіне шоғырландырады.
Нәтижесінде, тіл, сезім, қиял және мінез-құлық тұрғысынан халық ортақ сипаттарға ие болады. Ұлттың даралығы, өзгеге ұқсамайтын бірегейлігі (identity) деген ұғымның о бастағы түпқазығы құндылықтар әлеміне барып тіреледі. Жалпыадамдық құндылықтар бір ұлт мәдениетінің іргетасын қалайды. Ол, сондай-ақ, бір ұлт мәдениетінің өзгеге ұқсамас даралығын ғана айқындап қоймай, сонымен бірге басқа мәдениеттермен қатынасын да реттейді. «Жалпыадамдық құндылықтардың арқасында мәдениет диалогтық феноменге айналады», –дейді ғалым И.Д.Каландия [19]. Осы қырынан қарағанда, адами құндылықтардың өзіне тән ерекшеліктеріне үңілу қажеттілігі туындайды. Ең алдымен, құндылықтардың антропогенді екенін айтуға тиіспіз. Адам бар жерде оның өзіне тән құндылықтық бағдары да болады. Бір нәрсені екінші бір нәрседен абзал санау, салыстыра отырып бағалау –жалпы адам баласына тән қасиет.Жақсылық пен жамандық, әсемдік пен ұсқынсыздық, әділет пен зұлымдық сынды қарсы мәндегі өлшемдердің бәрі де құндылықтардың қалыптасуына түрткі болып, қоғамдық сана мен мәдениетте бекиді де, адамға бағдар беруші, бағыт сілтеуші функция атқарады. Құндылықтардыңстатикалық әрі динамикалық қалпы, екі қыры бар. Зерттеушілердің дәл осы тұста пікір қайшылығына тап болатыны осыдан болар деп ойлаймыз. Дегенмен, көптеген ғалымдардың пікірлері олардың өзгермелі болатынын көрсетеді.Құндылықтар жүйесінің өзгеруіне қоғамдық факторлар, әлеуметтік-саяси, психологиялық факторлар әсер етеді.
Этникалық қазақтардың құндылықтарын ғылыми талдау нысанына алған С.Нұрмұратов: «Құндылықтар, ол –өте үлкен әлем. Олар өзгеруі, дамып бір түрден екінші түрге ауысуы, трансформацияға ұшырауы, жойылып кетіп, жаңасы пайда болуы мүмкін», –дейді [20]. Ал Ә.Рымғазықызы құндылықтарды «адамның жер бетінде өмір сүруінің мәні мен маңызын анықтайтынын» тілге тиек етіп: «Эстетикалық құндылықтардың өзгеру процесі өте көп уақытты қажет етеді. Құндылықтар бағыты жасалуы, жойылуы, сыналуы, өзгеруі немесе жаңа маңызға ие болуы мүмкін», –деп ой қорытады [21]. Осы орайда, жоғарыда есімдері аталған ғалымдардың құндылықтардың жойылып кетуі мүмкін деген пікірімен келісе алмаймыз. Біздің ойымызша, құндылықтар белгілі бір деңгейде мәнін өзгертіп я болмаса қоғамдық өмірде маңызын азайтуы мүмкін, алайда біржолата жойылып кетуі мүмкін емес. Өйткені жалпыадамдық құндылықтар адамзат атаулыға ортақ, бір ауыздан мойындалған, күллі адам баласы үшін қымбат бірліктер болып есептеледі. Тек олардың жекелеген мәдени-географиялық кеңістіктерде өзіндік ерекшеліктері болуы ықтимал. Дегенмен құндылықтардың динамикалық қасиетіне қарағанда, статикалық қасиетінің күшті екендігінде талас жоқ. Кейбір отандық ғалымдар кей құндылықтардың тіпті динамикалық қасиетінің болмайтынын айталы. Мысалы, Г.Смағұлова эстетикалық құндылықтарды осындай қасиетке ие деп санайды. Лингвист-ғалым Г.Смағұлова өз зерттеуінде былай дейді: «Әдетте, адам өмірінде құндылықтар әртүрлі. Мәселен, моральдік (адалдық пен әділеттілік), діни (мойынсұнушылық, төзімділік), әлеуметтік (қайырымдылық), сезімдік (махаббат, достық), эстетикалық (сұлулық, әсемділік, үйлесімділік) т.б. Бірақ құндылықтар әлемі әрдайым өзгеріп отырады. Оған, әсіресе, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер себепші болады. Себебі, адамдардың өмір сүру ерекшеліктері және олардың жеке және топтық көзқарастары құндылықтардың әлсіреуі мен күшеюіне әкеледі. Алайда, аталған және аталмаған құндылықтар арасында эстетикалық құндылықтар көп жағдайда өз деңгейін сақтап қалатын сияқты. Өйткені, өзге құндылықтар өзгермелі болса, сұлулық, әдемілік, үйлесімділік қашанда адамдардың мәңгі құштарлығына арқау болатын конкретті дүние. Мысалы, ақша, мансап бірде бар, бірде жоқ дүние болса, эстетикалық ләззат сыйлайтын әсем табиғат көрінісі, адамның сұлулығы т.б. үйлесімді әдемі зат, сұлу бейне әркез адамдардың көз алдында» [21 б,312]. Ғалымның бұл пікірін қисынды деп санаймыз. Әдебиеттің қалыбына салсақ, бұл пікірдің өзектілігі арта түседі. «Себебі, әдебиет ең алдымен эстетикалық функция атқарады. Танымдық, тәрбиелік қызметінен бұрын оның оқырманға эстетикалық әсер сыйлайтыны, адам жанын сұлулыққа құштар қып, жан әлемін үйлесімділікке баулитыны белгілі» [22] Алайда, біз сөз етіп отырған әдебиеттің өзінде сұлулық әр кезде әркелкі көрінуі мүмкін. Әсіресе, ол көбіне-көп сол халықтың мәдени, эстетикалық даралығына (идентификациясына) байлаулы.
Бір ұлттың сұлулық туралы ұғымының қалыптасуына оның ғасырлар бойғы тұрмыс-тынысы мен табиғи-географиялық ерекшеліктерінің айрықша зор ықпалы болатыны заңды. Әдебиет те сол халықтың мәдени кодында сақтаулы сұлулық ұғымын ашып беруге қызмет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ әдебиетіндегі сұлулық деп танылған дүние басқа ел әдебиетінде мүлдем басқа құбылыспен салғастырылып берілуі кәдік. Бұл жайлы М.Жұмабаев «Алқа» атты әдеби манифесінде орынды пікір білдіреді: «Қазақтың мұрнын тесіп зере салуы Еуропа көзінде сұлулық емес, тағылық деп саналады ғой. Яки Еуропаның күн батқандағы суретті аузынан суы құрып мақтауы қазақтың өз әдебиетінде жоқ қой», –дейді ақын [23]. Сұлулықтың, жалпы эстетикалық құндылықтардың басқа құндылықтармен салыстырғанда біршама тұрақты болатыны жасырын емес. Алайда, ол әртүрлі сипатта көрініс табуы мүмкін екенін осыдан аңғаруға болады. Осы тұрғыдан алғанда, жалпыадамдық құндылықтар ұлттар мен халықтардың бәріне бірдей ортақ болып саналғанмен, олардың өмірге көзқарасына, парадигмасына қарай әртүрлі сипатта көрінетінін ескеруге тиіспіз. Бір жағынан, дәл осы қасиеті құндылықтардың бірегейлік дейтін бүгінгі жаһандану дәуірінде айрықша маңызды тақырыптың мәнін ашуға жол ашатынын қаперге алған жөн.
Әр дәуірдің өз биік құндылығы бар. Құндылықтарды уақыт пен мекенге бағынбайтын абсолютті игіліктер дегенімізбен, олар қоғам ыңғайына қарай әр кезеңде әрқилы көрінеді: маңызы біресе артып, біресе азайып отырады. Бұл жалпыадамдық құндылықтардың жойылып кететінін білдірмесе керек. Қоғам бар жерде құндылықтар жүйесі де қатар жүретіні табиғи заңдылық. Аксиология ғылымының көрнекті маманы Ш.Шварц құндылықтардың негізгі алты ерекшелігін атап өтеді.
Олар:
1.«Құндылықтар –өзара тығыз қатынастағы сенімдер жүйесі. Өз күшіне енген кезде олар адам жанын ыстық сезімге бөлейді. Қандайда қауіп төнген жағдайда тәуелсіздік аса маңызды құндылық болып саналатын адамның ашуын туғызады. Оны қорғай алар қауқары болмаса, торығуға бет алады да, әйтпегенде өзін бақытты сезінеді.
2.Құндылықтар белгілі бір әрекетке жігерлендіретін қалаулы мақсаттармен сабақтас болады. Әлеуметтік тәртіп, әділет, өзгелерге пайдалы болу құндылық болып саналатын адамдар аталмыш мақсаттарға жету жолында жан аямайды.
3.Құндылықтар белгілі бір әрекеттер мен жағдайларға бағынышты болмайды. Мысалы, тіл алғыштық пен адалдық құндылықтары жұмыс орнында, мектепте, бизнес не саясатта, достар мен бөгде адамдар арасында да маңызды болуы мүмкін. Бұл ерекшелік құндылықтарды әдеттегі нақты әрекет, ситуация, объектілермен қатысы бар нормалар мен көзқарастар жүйесінен айырады.
4.Құндылықтар стандарт немесе критерий ретінде қызмет етеді. Құндылықтар саясатта, адамдар арасында, оқиғалар мен түрлі жағдайларда таңдау жасау мен бағалау деңгейін белгілейді. Адамдар ненің жақсы, ненің жаман екенін, дұрыс пен бұрысты, құпталған іс пен тыйым салынған істі жалпыадамдық құндылықтарға сүйене отырып шешеді. Алайда күнделікті тұрмыстағы шешімдерімізге тигізер әсері жағынан олар үнемі саналы түрде бола бермейді.
5.Құндылықтар өзара маңыздылығына қарай реттеледі. Адамдардың құндылықтары олардың индивидуалдық қасиеттерімен реттеледі. Олар жетістікке көп мән бере ме, әлде адалдыққа ма, жаңашылдыққа ма, дәстүршілдікке ме? Аталған иерархиялық ерекшелік те құндылықтарды нормалар мен көзқарастардан айырады.
6.Кейбір құндылықтар әрекет етуге жетекшілік етеді. Кез келген қатынас не мінез-құлықтың бірнеше құндылыққа әсері бар» [17, б,б3-4]. Жоғарыда келтірілген пікірлер легі құндылықтардың өзіндік ерекшеліктерін ашып береді. Жалпыадамдық құндылықтардың жеке тұлға мен қоғам алдындағы рөлі жайында аз-кем тоқталдық. Расында да, құндылықтардың қоғамдық жүйені реттеуші, демократиялық игіліктерге жету жолындағы қызметі орасан деп ойлаймыз. Мысалы, достық, қайырымдылық, қонақжайлылық сынды жалпыадамдық құндылықтар тұтас қоғамның жақсаруына сеп болатыны анық. Егер біз құндылықтар жүйесінің осы қырына үңілетін болсақ, еріксіз олардың функциясы жөнінде сөз қозғауға мәжбүр боламыз.
Құндылықтардың өзіндік қызметі туралы түрлі пікірлер бар. (Рокич, Хофстед, Шварц т.б.). Дегенмен, оның функциясын біршама толымды түрде ашып берген –социопсихолог Дж.Фихтер. Ол құндылықтардың негізгі алты функциясы бар деп есептейді.
1.Құндылықтар –адамдар мен топтардың әлеуметтік игіліктерге жетуіне жол ашатын құралдар. Стратификация жүйесін жасайды. Жеке тұлғаның айналасындағылардың көзінше қай тұста екенін білуге сеп болады. 2.Құндылықтар адамдардың назарын қалаулы, пайдалы әрі маңызды деп танылған мәдени не материалдық нысандар үшін бағыттайды. Өте құнды бір объект қашанда адам мен қоғам үшін ең үздік деп танылмауы мүмкін.
3.Әр қоғамдағы идеал түсінік пен мінез-құлықтар құндылықтар арқылы анықталады. Әлеуметтік тұрғыдан бағалы деп танылған мінез-құлықтың кестесін (диаграммасын) сызады. Осылайша адамдар әрекеттері мен түсініктерін ең жақсы қай жолда көрсету керек екенін ұғына алады. 4.Құндылықтар адамдардың әлеуметтік рөлдерін таңдауында және оны жүзеге асыруында жетекшілік жасайды. Қызығушылық оятып, қайратын қамшылайды.
5.Құндылықтар –әлеуметтік бақылау мен басқарудың құралдары. Адамдарды әдет-ғұрыптарды сақтауға бағыттайды, дұрыс нәрселерді жасауға итермелейді. Сонымен бірге, құндылықтар мақұлданбаған (бұрыс) мінез-құлықтарға тосқауыл болады, тыйым салынған үлгілердің нелер екеніне жөн сілтейді және әлеуметтік тәртіпсіздіктерден туындаған ұят пен кінәлілік сезімдерінің оңай ұғынылуын қамтамасыз етеді.
6.Құндылықтар ниеттестік (ынтымақтастық) құралдары ретінде де қызмет етеді. Әлеуметтанушы ғалымдардың бір шарасы –кейбір топтардың жалпыадамдық құндылықтарды жаю үшін арнайы жасақталуы. Адамдар дәл осы топ мүшелерінен адамгершіліктің жоғарғы үлгілерін күтеді әрі өздері де сол топ мүшелеріне ұқсауға тырысады. Ортақ құндылықтар әлеуметтік ниеттестік (ынтымақтастық) жарататын және оны ғұмырлы ететін ең маңызды факторлардың бірі болып саналады» [9, б,139].
Жоғарыда аталған құндылықтар функцияларын біз қазіргі қоғамның беталысынан да айқын көре аламыз. Әсіресе, демократиялық принциптерге сай жаңа қазақстандық қоғам қалыптастыру барысында аталған қызметтердің орны ерек. Бүгінде жеке тұлға құндылығы алдыңғы шепке шықты деуге негіз бар. Өйткені, адами капиталсыз елдің ертеңі бұлыңғыр болатынығылыми тұрғыдан дәлелденген. Жеке тұлға құқығы, оның қадірі мен құрметі, қауіпсіздігі мен қызметі және оның басқа ұлттар мен діни конфессия өкілдері арасындағы өзара ымырашылдық мәселелеріне қазіргі қазақ қоғамында аса үлкен маңыз беріліп отыр. Бір жағынан, бұл –әлемдік үрдісте, дүниежүзілік мәдени ағыста бар құбылыс. Өйткені, қазақ қоғамы әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлшегі екені шындық. Өмір сүріп отырған дәуірімізге ғылымда әртүрлі анықтамалар беріліп келеді. Постиндустриялық білім қоғамы немесе ақпараттық ғасырда, я болмаса постмодерн дәуірінде күн кешіп жатырмыз дегенімізбен, аталған анықтамалардың бәрі де өз дәуірінің құндылықтар жүйесіне қарай айдар алғаны айна қатесіз ақиқат.
Құндылықтардың бәріне қайта баға берумен ерекшеленетін қазіргі постмодерн дәуірінің өзіндік айырмашылықтары жөнінде қоғамтанушы ғалым Т.Орал мынадай пікір айтады: «Жаһандану жаңа қоғамның дәстүрлі қоғамнан көп айырмашылығы жоқ құндылықтар жүйесіне жаңа өлшемдер енгізіп жатыр. Яғни қауымдастықтардың тіл алғыштық мәдениеті, көршілік қатынастары, қауіпсіздік пен қорғаныс тәртібі, адалдық пен сатқындық, жабықтық пен құпиялылық, махаббат пен төзімділік, құрмет пен үрей, еркіндік пен тәуелділік сынды қоғамдық құндылықтар заманауи құндылықтардың ықпалы астында қалуда яки жаңа мәнгеие болуда. Қоғамдық құндылықтарды мұндай өзгеріске әкеліп жатқан қазіргі заманның құндылықтары мыналар: демократия, бәсекелестік мәдениеті, өнімділік, адам құқықтары және жеке тұлға. Соңғысы, яғни жеке тұлға –постмодерн қоғамының, яғни дәуіріміздегі білім қоғамының ең үлкен құндылығы. Дәстүрлі қоғамдарда қауымдастық, жаңа индустриалды қоғамдарда қорлар (клубтар) ең үлкен құндылық болып саналса, білім қоғамында жеке тұлға ең үлкен құндылыққа айналды. Барлық өзге де қоғамдық құндылықтар осы құндылықтың айналасында және оны алға шығаруға қызмет ету арқылы өмір сүреді» [16, б,23]. Ғалым тілге тиек еткен бәсекелестік мәдениеті мен жұмыс өнімділігі нарықтық қоғамның өзі бізден талап етіп отырған адами құндылықтар болса, адам құқығы мен жеке тұлғаның құрметі демократиялық ұстанымдардың өзегі болып саналады.
Дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды-білім қоғамының құндылықтары жөнінде біз алдағы тарауларды таратып жазамыз. Олардың қазіргі қазақ прозасында көріну арналарын, өзіне тән ерекшеліктерін көркем әдеби мәтіндер негізінде ашуға тырысамыз. Қорыта келгенде, құндылықтар бүгінгі таңда философиялық, психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық, антропологиялық және экономикалық аспектілерде қарастырылып отыр. Әдебиеттану ғылымының аясында құндылықтардың табиғатын ашу міндеті бүгінгі гуманитарлық ғылымдар үшін өзекті болып саналады.
Құндылық дегеніміз –белгілі бір заттың не құбылыстың маңыздылығы әрі пайдалылығы. Аталған екі қасиеті құндылықты қалыптастырады. Құндылықтарды жіктеуге қатысты да бірізділіктің жоқекенін, әртүрлі пікірлердің бар екенін жоғарыда тілге тиек еттік. Біз құндылықтарды мақсаттық және құралдық деп жіктеген М.Рокичтің тұжырымдарына арқа сүйейміз. Сондай-ақ құндылықтардың мынадай негізгі түрлері бар деп есептейміз. Олар: эстетикалық, этикалық, экономикалық, діни, саяси, әлеуметтік және танымдық құндылықтар.
М.Рокич көрсеткен 36 түрлі құндылық аталған негізгі бастаулардан тарайды. Мысалы, әсемдік, сұлулық, жарасымдылық құндылықтары эстетикалық құндылықтар санатына кіреді. Құндылықтарды қарапайым түрде материалдық және рухани деп те жіктеуге болады. Материалдық құндылықтарға экономикалық, ал рухани құндылықтарға эстетикалық, этикалық, діни құндылықтар жатады. Сонымен бірге аталған жіктеулерден тыс эстетикалық және жалпыадамдық құндылықтар деп жіктеу тәжірибесі бар. Біздің ойымызша, бұлардың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ, шартты ұғымдар саналады. Эстетикалық құндылықтар дегеніміздің өзі жалпыадамдық құндылықтардың мәдени-географиялық кеңістіктегі ерекшелігі деп есептейміз. Осыдан ұлттың дәстүр-салты, өзіне тән бірегейлігі мәселесі туындайды. Құндылықтардың табиғаты олардың антропогенді екенін көрсетеді. Адам бар жерде қоғамның болатыны секілді, қоғам бар кезде оның өзіндік құндылықтар жүйесі де қалыптанатынын заңдылық деуге болады. Олар индивидуалдық, ұжымдық және қоғамдық сипатта өмір сүреді.
Құндылықтардың негізгі үш қайнаркөзі бар. Олар –таным, сезім және әрекет. Бұлар –адам болмысының үш тұғыры әрі өзара тығыз қатынастар жүйесіне ие. Индивидтің бойындағы құндылықтар бастапқы кезеңде қоғамдық нормалар негізінде бейсаналы түрде қалыптасады. Өйткені ол –әлеуметтік жаратылыс. Жеке тұлғаның бойында бір мезетте бірнеше жалпыадамдық құндылық қатар өмір сүреді. Алайда дүниетанымдық тұрғыдан жеке тұлғаның құндылықтық бағдары бірдей бола бермейді. Жекелеген адамдардан қоғам құралады десек, әлеуметтік жүйе үшін де құндылықтардың алар орны орасан. Өйткені құндылықтар қоғамдық нормалар мен мәдени жүйелердің негізін қалыптастырады. Құндылықтар жүйесі ұрпақтан ұрпаққа қоғамға отбасы, білім беру жүйесі, БАҚ және әдебиет пен өнер салалары арқылы, сондай-ақ кітапханалар арқылы ауысады, таралады. Қоғамдағы құндылықтар жүйесінің өзгеруіне саяси-әлеуметтік факторлардың тигізер ықпалы өте зор. Бұдан шығатыны, қоғамдық-саяси факторлар аксиологиялық приоритеттерді туғызады. Мысалы, Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы өз кезегінде қоғамда эстетикалық құндылықтарды қайта жаңғыртуға түрткі болды. Ендігі ретте дәстүр, дін мен тіл мәселесі өзекті бола түсті. Сондықтан да біз соңғы ширек ғасырда қазақ қоғамында қайта жаңғырып жатқан эстетикалық құндылықтарды тәулсіздік құндылықтары деп атаймыз. Атауы өзгеше болғанымен, бұларды жалпыадамдық құндылықтардан бөле-жара қарауға болмайды. Құндылықтардың статикалық және динамикалық қасиеті бар десек, олардың өзгеруіне ықпал етіп отырған басты факторлар –нарық қоғамы мен постмодерн дәуірі алдымызға тосқан талап-тілектер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру