Білім беру бағдарламасы Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация



бет49/51
Дата10.06.2022
өлшемі0.85 Mb.
#267632
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Байсенгирова М
Имекова
4. Тұрар Рысқұлов – мемлекет және қоғам қайраткері. 1916 жылғы ұлтазаттық көтерілістің басшысы болған. Белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» романынан келтірілген үзіндінің жалғасын оқу арқылы Тұрардың жарқын бейнесімен танысуды жалғастырамыз. 5. Романның үзіндісін түсініп, жалғастырып оқу.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Үзіндіде мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті? (Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антарктида,Россия ). Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе? «Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды? Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың? Әңгеме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады? Бұл сөздің астарынан не түсіндің?
ҮІІ. Қорыту. Әңгімедегі елдердің, көлдердің аттарын дәптеріңе жаз. Картадан тап. Мәтіннен Тұрардың көңілі жүдеп, мұңайып қалған жерін тауып оқы. Оның себебін түсіндір. (- Жоқ, әншейін, - деді бала бір түрлі мұңайып. ...)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, «Қызыл Жебе» кітабын тауып оқу.
Балалар мен жасөспірімдердің эстетикалық мәдениетін ұлттық өнер, әдебиет арқылы қалыптастыру білімдік көзқарастар қорын айтарлықтай молайтып, қазақ халқының өмір салтына, дәстүрлеріне және ежелгі тәжірибесіне деген қызығушылықтарды қалыптастырады. Ұлттық өнер, халық ауыз әдебиеті мазмұнында қоршаған болмыстың көркемдік бейнелерінің, әсіресе, бала үшін тартымды образдардың орасан зор көлемді материалдары бар. Ұлттық өнер, халық ауыз әдебиеті туындыларында баланы ең алдымен мазмұнды түсінудің жеңілдігі, сөз сипатының түрлілігі қызықтырады. Осыған байланысты, жастарға эстетикалық тәрбие беру мәселелерін шешудің ұрымтал жолдарының бірі – оқу үрдісі мен сабақтан тыс жұмыстарда ақын-жазушылардың шығармаларындағы эстетикалық ой-пікірлерді тиімді пайдалану.





2.3 Жаңартылған бағдарлама бойынша және мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін әдістемесінің тиімділігін тексеру эксперимент нәтижесі

Бастауыш мектеп жасында эстетикалық құндылықтар туралы түсініктің қалыптасуы тәрбиенің басты факторы болып табылатын құрбы-құрдастарының арасында өтеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушысының жеке тұлғасының дамуының маңызды үшінші көрсеткіші эстетикалық құндылықтар болып табылады.


Сонымен бастауыш сынып оқушысының эстетикалық құндылықтар дамуын оқып-үйрену жекеленген жақтарды - оқушының оқу іс-әрекетіне деген қарым-қатынасын, оның адамгершілік сапаларын, сондай-ақ сыныптағы құрбы-құрдастарымен, басқа құрдастарымен және ересектермен тіл табысуын зерттеуді көздейді[60].
Біз зерттеу барысында оқу-тәрбие беру процесі жағдайында өтетін диагностикалық жағдаяттардан құрылған жеке тұлғаны зерттеу әдістерінің негізгі тобын айқындадық. Әрбір оқушыға психологиялық-педагогикалық бақылау картасы ашылды, оны толтыра отырып, әрбір оқушы туралы жалпы мағлұмат алынатын мынадай сұрақтарға жауап алуға тырыстық: қалай оқиды? Оқудың мотивтері қандай? Оқушының ұлттық сана-сезімі, эстетикалық құндылықтары қандай? Ұлттық мінез-құлқының ерекшелігі неде? Өз ұлтының салт-дәстүрлеріне қалай қарайды? және т.б.
Нақты оқушы туралы мағлұматтарды – оның қалауларын, қызығушылығын, достарына, оқуға деген қарым-қатынасын біртіндеп анықтай отырып, оның жеке тұлғасының дамуының адамгершілік ұлттық бағыттылығын айқындауға мүмкіндік туды. Сонымен бірге олардың ұлттық мінез-құлқындағы қарама-қайшылықтарды да есепке алып отырдық.
Ең алдымен, әрбір сыныптағы оқушыларды есепке алу мен отбасын оқып-үйрену жүзеге асырылды.
Бұл зерттеулердің нәтижесі арнайы ата-атаналар жиналысында талқыланды. Осы жиналыста ұлттық тәрбие берудің мазмұнын жетілдіру жұмыстарының жоспары қарастырылады: мұғалім әрекетінде нені өзгерту керек, оқушылардың бойында ұлтымызға тән қасиеттерді қалыптастыру үшін қандай жұмыстар өткізу керек, тексеру нәтижелерінен ата-аналарға нені және қалай хабарлау керек. т.б.
Біз бастауыш сынып оқушылардың ұлттық тәрбиелілік сапаларының көрінуін мынадай жағдайларда бақыладық:

  1. Отбасындағы мінез-құлқы.

  2. Үлкендермен қарым-қатынасы.

  3. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы.

  4. Көшедегі және қоғамдық көліктегі тәртіптері.

  5. Өзіне қарым-қатынасы.

Анықтау барысында оқушылардың эстетикалық құндылықтарының қалыптасу деңгейі төмендігі мынадай жағдайлардан көрінеді:
- ұлттық салт-дәстүрлер туралы білімнің жеткіліксіздігі;

  • Ұлттық мәдениетке жағымсыз көзқарас;

  • эстетикалық құндылықтарының қалыптаспауы;

  • өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігінің қалыптаспауы;

  • эстетикалық құндылықтарының жеткіліксіздігі;

  • басқа ұлттарға сыйлы қатынасының көрінбеуі;

- эстетикалық құндылықтарының төмендігі.
Осы кезеңде зерттелiп отырған мәселенiң мүмкiндiк шарттарын айқындау мақсатымен бастауыш мектептің тәрбие жоспарлары, бастауыш сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс жоспарлары, бағдарламалары мен оқушыларға ұлттық тәрбие беруге арналған ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттерi зерттелiп, талқыланды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі жасалды.
Қалыптастыру экспериментiнің мақсаты бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын сынақтан өткізу және оның тиiмдiлiгiн тексеру болды. Бұл мақсатқа жету төмендегiдей мiндеттердiң шешiмiн табумен байланысты:

  • эстетикалық құндылыққа тәрбилеу арқылы бастауыш сынып оқушыларымен ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын жасап, сынақтан өткiзу;

  • бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық құндылыққа тәрбие беру бағдарламасын жасап, сынақтан өткізу;

  • бастауыш мектептің оқу процесінде оқушыларға эстетикалық құндылыққа тәрбие беру бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау;

  • ата-аналармен педагогикалық-ағартушылық іс-шараларын ұйымдастыру;

  • бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс бағдарламасын жасап, сынақтан өткізу;

  • күнделікті іс-әрекеттерінде оқушылардың эстетикалық құндылықтар бойынша бiлiмдерiн бекiту, олардың ұлттық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Эксперименттiк жұмысты жүргiзу барысында тәртібі қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу моделі мен оқушыларда зерттелiп отырған сапаның қалыптасуын салыстырмалы түрде талдау нәтижелерi басшылыққа алынды[54].
Қалыптастыру экспериментi бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты үш кезеңде өткiзiлдi, олардың әрқайсысы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік сапаларын сатылап тәрбиелеуді көздедi.
Эстетикалық құндылыққа тәрбие берудің мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз ету үшiн оқушыларда белгілі бір білім, білік, дағды көлемінің қалыптасу қажеттiгi анықталды:
- бастауыш сынып оқушыларының белгілі бір ұлтқа тән адамгершілік сапалары, салт-дәстүр жөнінде алғашқы нақтылы білім көлемі және сапалы түсінігі бар екендігі туралы көрсеткіш;
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық сана-сезімі, өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігі, ұлтжандылығы, басқа ұлттарға сыйлы қатынасы көрсеткіші;
- өздерінің күнделікті іс-әрекеттерінде бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мінез-құлық дағдысы.
1-шi кезеңде бастауыш мектептің оқу процесінде оқушыларға халықтық педагогика құралдары арқылы эстетикалық құндылыққа тәрбие беру көзделді. Бастауыш сынып оқушыларына білім беру жүйесінде ана тілі, қазақ тілі, математика және дүниетану пәндерінің жетекшi орынға ие болатынын ескере отырып, бiз оқушыларға эстетикалық құндылыққа тәрбие беру барысында бұл пәндердiң барлықмүмкiндiктерiн пайдаландық. Бірінші кезеңде оқушылардың ұлттық дүниетанымын, білімдерін қалыптастыруға байланысты жұмыстар жүргізілді.
Осыдан кейін балалардың эстетикалық құндылықтар тәрбиелілік деңгейін анықтау мақсатында арнайы әдістемелерді қолдану арқылы бақылау қиықтары алынды.
Бақылау қиықтарының нәтижелерi оқушыларда ұлттық тәрбиеліліктің қалыптасу деңгейiндегi өзгерiстердi аңғартты.
Қалыптастыру экспериментiнiң 2-шi кезеңiнiң соңында жүргiзiлген жұмыс сапасын айқындау мақсатында, әсiресе аталған бағдарламаның ұлттық тәрбие беру сапасына нәтижелi ықпал ететiндiгiн байқауда ата-аналар арасында алдын-ала даярланған сұрақтар бойынша сауалнама мен оқушыларға бақылау қиықтары жүргізіліп, олардың нәтижелері бағдарламаның тиiмдiлiгiн дәлелдедi. Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін өзіндік іс-әрекеттерінде және күнделікті мінез-құлық iс-әрекеттерінде пайдалану, өзіне-өзі баға беру білiгi мен дағдысын қалыптастыру мақсатымен 3-шi кезеңінде ұлттық мінез-құлыққа дағдыландыру іске асырылды.
Бақылау эксперименті барысында бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылықтар тәрбиелілігінің компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері бойынша өлшеу жұмыстары жүргізілді, алынған нәтижелерге салыстырмалы талдаулар жасалды, бастауыш сынып оқушыларын ұлтжандылық рухта тәрбие беру үшін қолдануға әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылықтар тәрбиелілігінің когнитивті компоненті бойынша белгілі бір ұлтқа тән адамгершілік сапалары, салт-дәстүр жөнінде алғашқы нақтылы білім көлемі мен және сапалы түсінігін айқындау үшін оқушыларға арнайы бақылау сұрақтары, тестер, сауалнамалар және тапсырмалар берілді.

Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылықтарының когнитивтік, эмоциялық және мінез-құлықтық компоненттерінің қалыптасуына мониторинг жүргізілді. Мониторинг бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылықтарының деңгейін жүйелі түрде өлшеуді қажет ететіндіктен, біз қорытындыларды бір-бірімен өзара тығыз байланыста жасап отырдық. Алынған нәтижелердi талдау және оларды айқындау экспериментi барысындағы және бақылау тобындағы көрсеткiштермен салыстыру эксперименттiк жұмыстың бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылықтар сапасына тиiмдi ықпал еткенiн аңғартты (кесте 4).


Бастауыш сынып оқушылары мен оқушылар ұжымының дербес ерекшеліктерін зерттеуді ұйымдастырудың мұндай әдісі тәрбие процесінің тиімділігін арттырады, себебі ол Адам деген құрметті атқа сай өмір сүруге қабілетті баланың жеке тұлғасын дамыта отырып, жас және дербес ерекшеліктерді есепке алу негізінде жүзеге асырылады.
Кесте 4 - Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылықтарының өзгеру қарқыны
Эксперименттік жұмыс нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылықтарының қалыптасуында ерекше мәнге ие болатындығын көрсетті. Ең бастысы, әрбір оқушыны табысты іс-әрекетке жеткізу үшін мұғалімнің өзі іс-әрекетін табысқа жететіндей құра білу керек. Оқушыларға дұрыс тұлғалық қатынас жасау, әрбір тәрбие жұмыстарын ізгілендіру қағидаларына негізінде құру, жүйелілікті басшылыққа алу принциптері мұғалімнің бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық құндылыққа беру тиімділігін қамтамасыз етеді. Әрине, бұл жерде материалдық, әдістемелік, психологиялық жағдайлар да негізге алынуы қажет.
Экспериментке дейін және эксперименттен кейін бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылықтар деңгейлерiнiң қалыптасу

Сурет 4 – Бақылау тобындағы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылықтар көрсеткіштері
Бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық құндылықта тәрбиелеудің педагогикалық шарттары мен оны іске асырудың әдістемесін эксперименттік түрде тексеру оның барлық кезеңдерінде нәтижелі екендігін, бастауыш мектепте пайдаланудың тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру