Білім беру бағдарламасы Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация



бет41/51
Дата10.06.2022
өлшемі0.85 Mb.
#267632
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
Байланысты:
Байсенгирова М
Имекова
ІҮ. Сабақты бекіту: «Кім мықты?» сайысы.
А). «Өнер» тобының тапсырмасы. Ара мен Шыбын қанатын жамылып, рөлге бөлініп ойнайды.
Ә). «Оқу» тобы мысалдағы түйінді ойды жазады.
Б). « Жазу» тобы Ара мен Шыбын жайлы «Егер мен Шыбын болсам ...» тақырыбына эссе жазады.
«Кім ақын?» тапсырмасы. Үш топқа өлең бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі.
Келді араға Шыбын
Жиып жатқан шырын,
Шақырды Шыбын қонаққа.
Ара келсе кешігіп,
Жатып қапты шешініп.
Қонақты дұрыс күтпепті,
Шыбынға ақыл жетпепті.
Жұмысты тез әрі дұрыс орындағандары үшін ұпай беріледі.
«Кім ұтқыр?» тапсырмасы. Бұл тапсырма бойынша мынандай сұрақтар таратылып беріледі. Оқушылар ойларын мына сұрақ негізінде жинақтайды:

  1. «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?

  2. «Қонақ» деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?

  3. Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?

«Кім тапқыр?» тапсырмасы.
Мысал бойынша мақал-мәтел тауып жазу тапсырмасы беріледі.

  1. Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.

  2. Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза.

  3. Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Ү. Қорыту. Қандай тарауды аяқтадық?
ҮІ. Үйге тапсырма:1. оқу, кестені толтыру. 2.Бағалау.
Әсем сөйлеуге көп тыңдап, көп оқып, халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе айтқыштық пен терең ойдың інжу-маржандары – мақал-мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу арқылы, кітапты көп оқу арқылы жаттығып төселеді. Халықтағы «Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды. Бір айтпаса нақылды – ақылсыз айтпайды» деген тұжырым содан шыққан. «Жүздің көркі – сақал, сөздің көркі – мақал» деген де соған меңзейді.
Сөйлеудегі ең жақсы қасиет – ой-пікірін қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік. Алтын, күміс, гауһардың қымбат саналуы – олардың аздығы, тазалығы десек, қысқа, қоспасыз, ұғымды сөз де қадірлі. Орыстың аса шебер жазушысы А.П.Чеховтың: «Қысқалық – таланттың сыңары», - деуі де сондықтан. Ғұламалар көп нәрсенің қадірі болмайды дегенді айтады. Мұның сөйлеуге де тікелей қатысы бар. Бұрынғының даналарынан қанша көп сөйлесең, сонша аз айтасың деген нақыл қалған. «Көп сөйлеген езбе болады, көп қыдырған кезбе болады», «Көп сөз – көмір, аз сөз –алтын», «Көп сөйлеген я жолдасынан, я құрдасынан айрылады», «Жақсы байқап сөйлейді, жаман шайқап сөйлейді», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Сөз қуған бәлеге жолығады», «Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі», «Бір жақсы сөз мың сөгістен артық», «Жақсы сөйлеген ас жер, жаман сөйлеген тас жер», «Жақсының сөзі назалы, жаманның сөзі ызалы», т.б. халық мақалдарында сөйлеудің алуан түрлі сипаттары тамаша бейнеленген.
Әйтеуір сөйлей алады екем деп тасыраңдамай абайлап сөйлеу – ақылдылық, инабаттылық белгісі, өзің опық жеп, өкініп жүрмеу үшін, өзгенің жанына жазықсыздан жара түсірмеу үшін байқап, бағамдап сөйлеудің мәні ерекше зор. Қазақтардың «Айтылған сөз – атылған оқ», орыстардың «Сөз шымшық құс емес, ұшса, қайтып қонатын» деген мақалдары мен ежелгі скиф елінің шешені Анахарсистің: «Тіліңді, тәбетіңді, нәпсіңді тиып ұста», - дегендерінің түп төркіні бір жерден шығып жатуы тілге абай болудың жүрдім-бардым қарайтын мәселе емес екенін көрсетеді. «Тілімнен жаздым» деп кейіп, пұшайман болып жүрмес үшін, алдын-ала ойланып алуды әдетке айналдыру жақсы қасиет саналады.
Бұл өзі – ғылымда да дәлелденген шындық. Атақты академик-ғалым И.П.Павлов адамдардың денсаулығын сақтауда, әсіресе, жүрек-қантамырларының сырқатына шалдықпауда айналадағы адамдар сөзінің әсері зор екенін анықтаған. Сондықтан, шәкірттерге айналасындағы адамдарға «ей», «сен» деп дөрекі тіл қатпай, «сіз» деп сыпайы сөйлеудің мәдениеттілік, ізеттілік қана емес, қарым-қатынасқа жұмсақтық, жайдарылық дарытатын күш екенін ұғындырып отырған жөн.
Жылы шырай – тек сәлемдескенде ғана емес, адамдарға тіл қатқанда, сөйлескенде де керек нәрсе.
Сөйлеуге «ғафу етіңіз», «құлағым сізде», «ләббай» деген сияқты сөздерді орнымен кірістіріп отыру жағдайды жайландырып отыратыны есте болуға тиіс. Ондай жұмсақ, жайдары жүзділік сәлем беру, тіл қату, сөйлеуде қандай қажет болса, тыңдау үшін де сондай қажет сипат. Халықтың аса жоғары бағалап, «иман жүзді» дейтіні де содан шығады. «Жүзінде күлкі шырайы жоқ адам дүкен ұстауға тиіс емес» деп тектен-текке айтылмаса керек.
Отбасы мен қоғамда бұрқ ете түсетін үлкен-кіші ұрыс-керістер мен кикілжіңдердің түпкі себебі дөрекі, қопал айтылған түрпі сөз екеніне зер салып тексерген кісінің көзі айқын жетеді. Және дөрекі де, анайы ауыр сөз, дүт мінез бен тұрпайы қылық, тәрбие көрмеген, тас-бауыр, төмен адамдардан шығатыны белгілі. «Бұлттан шыққан күн ащы, жаман адамның тілі ащы», «Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен», «Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады» сияқты мақалдар халық тәжірибесінен қорытылған шындық екені даусыз. Ондай сөздер қоғам ісіне ауыр зардап тигізіп, жеке адамның да көңілін қалдырып, жанын күйзелтеді. Ә.Науаидың:
Аузына келгенін айту – наданның ісі,
Алдына келгенін жеу – хайуанның ісі, – деуі де сондықтан. Тәрбиесі аз адамдар мәнсіз, орынсыз, дөрекі сөздердің ауыр зардаптар келтіретінінде шаруасы болмайды. Жас ұрпақты ондайлардан бойын аулақ ұстап, қандай жағдайда да «сұрқия сөздерді» (Абай) қолданбауға үйреткені абзал.
Сөйлеудің қасиеті әдептілігі мен әдемілігіне қоса сайып келгенде, шындығында. Жалған айту, өтірік сөйлеу кісілікке жатпайды. Тегінде шын сөйлеу – әдептіліктің ең негізгі белгісі. Сөйлеу кем дегенде екі адамның тілдесуінен тұрады. Кейде мұндай сөйлесуде әркім өзі көбірек айтып қалуға тырысады, екінші адамның да айтқысы келіп отырған сөздері барын ескере білмейді. Ал сөйлеу әдебі сол екінші әріптесіне үнемі назар аударып, оның да қалаған кезінде өз ой-сезімін білдіруіне мүмкіндік беріп, сезімталдық көрсетуде. Бұл – сөйлесудің мәнін арттырып, екі жақтың да қанағат сезімін тудырады. Көпшілік жағдайда сөйлеуге қатысқан адамдар өздері өте мәнді санаған ой-пікірлерін ортаға салып, бір-біріне жаңалықтарды, тың деректерді жеткізгісі келеді, өзін толғандырған мәселелер жөнінде басқалардың салиқалы, дәлелді пікірін білуге талпынады.
Сондықтан, ондай сөйлесуге жеңіл-желпі қарамай, өз тарапынан лайықты ілтипат көрсетіп, ұстамды, ойлы жауап беру парасаттылық болып табылады. Өтіп жатқан әңгімеге қашан, қай мезгілде қатысуды бажайлай білу де – әдептілік белгісі. Жалпы алғанда, сөз орынды іске бағытталған, адамды рухани байытуға септігін тигізетін және сындарлы сипат та болуы тиіс.
Сөйлесетін адамның мінез-құлқын, мәдени деңгейін өзіндік ерекшеліктерін білген, ескерген жөн. Мәселен, орынсыз әзіл айту, немесе оған қызықсыз әңгімені суыртпақтап тұрып алу, көңіліне дақ түсіретін жөнсіз мақтау не кінәлау, әйелдердің, айталық, жеке басына қатысты жайларды тәптіштеп сұрау, т.б. әдептілікке жатпайды. Сөйлесіп тұрған екі адамға үшінші адам қосылғанда, ол осыған дейінгі әңгіменің қысқаша мазмұнынан хабардар етілуі керек. Ал оны әңгімеге тартудың, араластырудың қажеті болмағанда, сөзді бірден шорт тоқтатпай «әншейін, өткен-кеткенді айтысып тұр едік», «жұмыс жайында сөйлесіп тұр едік» десе де жөн болады.
Әңгіме үстіне үшінші адам келіп қалғанда оны қатыстырудың қажеті жоқ жәйтті ары қарай астарлап, жұмбақтап сөйлеу жараспайды. Әрі ол кісіге жайсыз, ыңғайсыз соғады, әрі күдік-күмән тудырады. Көптің ішінде сыбырласып жату да ерсі. Бұл басқаларға қолайсыз тиеді. Сөз арқылы өз ой-пікіріңді, сезіміңді, қуаныш-қайғыңды айтып жеткізу, басқаның да жан дүниесіне еніп, сыр-сипатын танып, өзара түсінісу жүзеге асады. Сөйлесу барысында біреуді риза етуге, көңілін жайландыруға, қиын-қыстау жағдайда дем беріп, жігерлендіруге, инабаттылық жолына бағыттауға болады. Әр адам өз ана тілінде сөйлей білуі керек. Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас адамгершілік, мәдениеттілік, тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады. Қай кезде де сөз құдіреті жоғары бағаланған. Сөйлеуге, тілге қатысты халық даналығында көптеген мақал-мәтелдер, тұщымды ой-дәлелдемелер, мәні жоғары ұлағатты, нақыл сөздер бар. Тіл – ұлттың жан дүниесі. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі (Л.Н.Толстой).
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллегент емес деуге болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады (М.Әуезов).
«Тіл байлығы – елдің ерлігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылымын, салт-санасын, жауынгерлік дәстүрінің қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері», - деп Б.Момышұлы да тіл байлығы қашанда мол болу керектігін, сол арқылы өзгеге өз дәрежемізді таныта алатындығымызды айтып кеткен.
Міне, осы ұлылардан тараған ұлағатты сөздермен қатар қазақ әдебиетінде сөйлеу әдебіне қатысты, сөйлеу мәдениеті жөнінде ақын жазушыларымыздың жазған өлеңдері де аз емес. Әр адам өзінің сөйлеу әдебін сақтап, өз орнымен, тартымды негізді сөйлеуге дағдылануы арқылы бірінші кезекте өзінің мерейін арттыратындығын түсінуі керек. Қазақта «киімімен қарсы алып, ақылымен шығарып салады» деген жақсы сөз бар. Қазіргі қоғамымызда да осы айтылған сөздің шын мәнінде солай екендігіне көз жеткізіп жүрміз.
Замана көші алдыға қарай тоқтаусыз жылжыған сайын қоғам да еш қалыспай дами түсіп, жарыса жаңа сипатқа көшеді. Соған орай заманына қарай адамдардың да танымы мен әр нәрсеге деген көзқарастары да өзгеріп отыратыны белгілі. Бұл процестер көркемдік-эстетикалық талғам, құндылық, мұрат, адамдар арасындағы қарым-қатынас, махаббат, сүйіспеншілік, табиғатқа, адамдық қасиеттерге деген мәміленің де жаңғырып отыруына себеп болуда.
Жастардың эстетикалық талғамы мен құндылықтары, ішкі жан дүниесі көп жағдайда көркем сезімге, жоғары эстетикалық санаға ұмтылмай, жеңіл-желпі көзқарастан: киім-бұйымға қызығу, мінез-құлық пен қарым-қатынастағы дөрекілік, сыртқы пішін-бейнесінен, жеңіл музыкаға қызығуынан, «селкілдеп» босқа уақыт өткізу сияқты өмір салтынан байқалады. Мұндай келеңсіздіктерді жастар арасында азайтып, дұрыс жолға салудың басты мекені – тәлім-тәрбие мекемелері және ондағы мақсатты ұйымдастырылған эстетикалық тәрбие жұмыстары. Бүгінгі күні эстетикалық тәрбие жастар өмірінің барлық салаларынан мықтап орын алуы тиіс. Мысалы, сабақты талдай отырып оқушылардың эстетикалық талғамы қалыптасады. Қазына көтерген бала. Әнуар Жапаров.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені