1 – тапсырма. Автордың түйінді, яғни негізгі ойын табу.
А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жеде жазылған?
Мысал бізді неге шақырады?
Мысалдың тәрбиелік мәні – балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.
Қорытынды: Мысалда негізгі ой шығарманың басында немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.
2 – тапсырма. Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақал жазу. Мысалы:
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Әрбір топ жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.
3 – тапсырма.Мысалды сахналық қойылым етіп дайындау. Бұл тапсырма бойынша балалармысалды алдын ала диалогке айналдырып алады. Автор сөзі болады. Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.
Аққу айтады: – Достар, келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, - дейді.
Шортан айтады:
– Мұны көлге апарайық, - дейді.
Шаян айтады:
– Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.
Автор:
– Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.»
Осылайша балалардың әрқайсысы өз сөзін айтып, мысалды әр түрлі етіп импровизация жасауға болады.
Сергіту жаттығуы Ал, балалар, тұрайық,
Қане, қанат жазайық.
Аққу болып ұшайық,
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп, жүзіп алайық.
Қане, айналып, қарайық.
Қорытынды. Мақал-мәтелдер:
1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,
Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
2. Бірлік болмай, тірлік болмас.
3. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында, кемел ғұмыр кешуінде орнымен, дәмді, дәйекті сөйлей білуі, тауып айтатын тапқырлығы үлкен рөл атқарады. Өйткені, ақылы, кемел, кісілігі зор, білімі мол адам ғана солай сөйлей алады. Ондай қисынды, қысқа қайыратын қызықты, айшықты да әділ сөзді халық ұйып тыңдап, «тура сөз» деп уәжіне тоқтаған. Орынды сөйлеу, қисынды сөйлеу – ол да бір дара бақыт. Сондықтан, әр елден шыққан арғы-бергі заман даналарының, ақылгөйлерінің сөзі мен сөйлеулерінің маңызын аса жоғары бағалап, ой толғамағаны жоқ десе де болады. Ұлы ақын Абай тіл құдіретін:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас, – деп тамсана бағалаған.
Дегенмен, адамның мейірін қандырып, мерейін өсіретін – құр жағын жанып, тілін безеп сөйлей беру емес. XI ғасырда өмір сүрген тәжік шайыры Кайкавус: «Ұқыптылық атаулының ішіндегі ең жақсысы – ұқыпты сөйлеу», – дейді. Бұл жерде әңгіме сөздің тұжырымды, айқын, бейнелі болуы жайында екені түсінікті. Сөйлеудің тағы бір аса маңызды қасиетін аша отырып, өзбектің ұлы ойшыл ақыны Ә.Науаи: «Ас тұзбен дәмді, су мұзбен дәмді. Ал адам салиқалы, сапалы сөзімен мәнді», - деп көрсетеді.
Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, жақтастарын көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді. Әрине, сөйлей білу – үлкен өнер. Ол арымай-талмай шешендік сырын зерттеуді, жаттығуды, мол білімді, ой өрісі мен қиял кеңістігін қажет етеді. Абай: «Тіл өнері – дертпен тең», - деп өткеннің сабағын, өз басынан кешкеннен шығарып айтып отыр.
Тақырыбы: Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров.
Мақсаты: Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |