Білім беру бағдарламасы Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация



бет25/51
Дата10.06.2022
өлшемі0.85 Mb.
#267632
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Байланысты:
Байсенгирова М
Имекова
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт. (аңыз)
Сабақтың мақсаты: қорқыт ата жайлы аңызбен таныстыру, түсініп оқуға, түсінгенін әңгімелеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құрастырып, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Ертегі мен аңызды ажырата білуге, зерек болуға, терең ойлауға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі Суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ.Өткенді сұрау: Жігіттің қандай өнері Әл – Фарабиге ұнап қалды деп ойлайсың? Әл – Фараби жігітке қандай ұсыныс айтты? Ондағы мақсаты не?
ІІІ. Өткенді қорыту: Әбу Насыр әл – Фараби кім? Ол туралы не білесің? Қандай мақалды таптық? Ол не жайлы? Сенің ойың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Қарақожаұлы Қорқыт ата (ҮІІІ – ІХ ғасырларда өмір сүрген) – ақын, жырау, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Қорқыт туралы аңыздар тек қазақта ғана емес, өзге елдерде: түркімен, әзірбайжан елдерінде де көп айтылады. 2. Мәтінді түсініп, теріп оқу. 3. Қорқытты қандай сауалдар көп ойландырады? (Ажал жайындағы ой қатты толғандырады, адамдар неге өледі?) Қорқыт түсінде не көрді?(ажал) Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады? (Өгізшесі байлауын үзіп кеткенде. Өліп қалайын, бірақ іздеп тауып аламын.)
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Бұл шығарманың аңыз екенін қандай оқиғаларды оқығанда білуге болады? Тауып оқы. Ертегі мен аңыздың айырмашылығы неде? 2. Аңызда кездесетін жер – су аттарын дәптеріңе жаз.(Бетпақдала, Сарыарқа, Сырдария, Қармақшы)
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Қорқыттың күйін аң – құс, жел, өзен қалай тыңдайды, соны мына сызба бойынша жаз.
Қайтеді?
Құстар ұшуын тоқтатады
Жел соғуын доғарады
Аң – құс Сырдарияның жағасына келеді
Өзен оқтын – оқтын ағысын тоқтатады.
Аңыз бойынша Қорқыттың өмірі қалай аяқталады?
Үйге тапсырма: 1. оқу, түсінігін айту. 2.Бағалау.

Бүгінгі таңда біздің еліміздің көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуымыз үшін ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Басты міндетіміз – рухани және әлеуметтік, адамгершілік дүниесі бай, жаңашыл, шығармашылық ойлау қабілеті мен ұлттық дүниетанымдық мәдениеті жетілген зерделі тұлға қалыптастыру. Сондықтан да, Отанымыздың болашақ дамуына үлес қосатын ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлтжандылық дегеніміз – адамның өзінің араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік ортасына – Отанына деген аса терең сезімі. Ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, жастардың азаматтық санасын қалыптастыру, оқушылардың саяси білімдерін жетілдіруге, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін, туған жердің, өскен елдің табиғатын аялай білу сезімін қалыптастыра білуге тәрбиелейміз. Бұл үшін елімізден шыққан біртуар тұлғаларды оқыту арқылы қол жеткіземіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы