Білім беру бағдарламасы Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация


ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРЕТІН БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ



бет14/51
Дата10.06.2022
өлшемі0.85 Mb.
#267632
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
Байсенгирова М
Имекова
2. ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРЕТІН БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.

2.1 Бастауыш сынып оқушыларын педагогикалық шеберлігін жаңартылған бағдарлама бойынша арқылы тәрбиелеудің тәсілдері

Ғасырлар бойы қалыптасқан батырлар жырын тарихпен, халықтық таныммен сабақтасып келетінін ескере отырып, өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді елі мен туған жерін сүюге, оны қорғауға, патриоттыққа тәрбиелеп, ұлттық психологиясын қалыптастыруда жыр-дастандарымыздың алатын орны ерекше. Батырлар жыры балаларға мейлінше жақын, барынша түсінікті болғандықтан, сол арқылы балалар туған жерін ардақтап, айнала қоршаған ортаны барлай алады, халықтың ұлттық салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрпы туралы түсінік алады. Мұның өзі баланың тұлға ретінде дамуына қажетті қасиеттерді бойына жинауда халықтың рухани мұрасының құндылығын қуаттайды.


Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу үлгілері, сөзге қызығушылығы мектептің алғашқы сыныптарында қалыптасатын болғандықтан оларға ұлттық тәрбие бере отырып, халықтың сан ғасырдан бізге дейін сақталып жеткен салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу, қазақ халқының ешкімге ұқсамайтын, өзіне ғана тән төл мәдениетін бойына сіңдіру – бастауыш сыныптарда атқарылатын жұмыстырдың негізгі мақсаты болуы шарт.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда халық ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерінен қысқаша мағлұматтар, үзінділер беріледі. 3-4-сыныптарда бастауыш сынып оқушылары батырлар жырынан алынған үзінділермен танысады. Батырлар жырында халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы да молынан көрініс тауып отырады. Қазақ халқының сан жылдардан бізге сақталып жеткен ауыз әдебиеттің кәусарлары бүгінгі ұрпақты да өз бұлағынан сусындатуда. Жыр мазмұнымен таныстыра отырып, рухани мәдениет үлгілерінің де танымдық мәнін оқушыларға түсіндіру – бүгінгі мұғалімнің басты міндеті.
Бүгінгі күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы қолымыз жеткен тәуелсіздігімізді орнықтыру, нығайту мақсатында жүзеге асырып жатқан қыруар іс-шаралары да, мемлекетімізді әлем мойындайтын, жер жүзі танитын деңгейге көтерсем деген арман-мұраты да осы мақсатпен, осы арнада үндесіп жатқанын айтуымыз керек. Ұлы батырларымыздың ұлттық тарихи тұлғалар ретіндегі туған жері, туған елі үшін жасаған баға жетпес ерен ерліктерін де, олардың халық жүрегіндегі орнын да осы тұрғыдан бағаласақ, қадірлеп, қастерлесек қателеспейміз [33].
Ең бастысы осы идея, осы арнадағы құндылықтар – қазақ әдебиетінің сан ғасырлар бойында жасалған, сандаған кезеңдерді көктей өтіп, бірақ берік ұлттық рухани арқауынан бір сәтке де айырылмаған бай тарихындағы көркем әдебиет үлгілерінің барлығында да басты нысана болған. Сондықтан да осынау әдебиет үлгілерін қазіргі күнге дейін қазақ руханиятының алтын ұстындарындай ұлт үшін, оның болашағы үшін қызмет етіп жатқан қайталанбас қазыналарымыз ретінде қабылдауымыз қажет. Және де ұлттық идеяның алтын діңгектеріндей бой көтерген рухани құндылықтарымыздың барлығы да бір ғана мақсат жолында, бір ғана мұратты көздеп халық жүрегіне жол тартты. Ол мақсат пен мұрат түптің түбінде бізді бүгінгі ұлттық тәуелсіздігімізге, ұлттық мемлекетіміздің мәңгілік баянды болуы идеясына біріктіріп отыр.
Ұлттық тәрбие балаларымызға тіл арқылы берілетінін ескерсек, тіл, Мағжан атамыз айтқандай, Алтын күннен бағасыз бір белгі боп қалған - Нұрлы жұлдыз, рухани байлығымыздың қайнар бұлағы, алтын қазынамыз. Тілді қорғау, оны жас ұрпаққа меңгерту – ұлттық мүддеміз, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Балаларға біліммен бірге тәрбие беру, соның ішінде ұлттық тәрбие мәселесі барлық сабақтарда өз дәрежесінде қаралуы тиіс. Ұлы бабамыз Әбу Нәсір әл-Фарабидің Тәрбиесіз берілген білім апат әкеледі деген сөзін ескерсек, жас бүлдіршіндеріміздің ұлтжанды, отансүйгіш, қазақи рухта тәрбиелеу үшін ата-баба дәстүрлеріне арқа сүйеуіміз қажет. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ тізгінін ұстар азаматтары – бүгінгі бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы жеті басымдықтың бірі қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, оны қайта жаңғыртуды ұлан-ғайыр жасалар жұмысының ұстанымы етіп отыр [34].
Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден кем жатқан күрделі саласының бірі – батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан елді қорғау, халық үшін ерен ерлік еңбек ету идеясынан туған. Дәстүрлі қазақ эпосы – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Елін, жерін қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы халық жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжандылыққа үйретуге тырысқан. Мысалы, «Қамбар батыр» жыры ерсектермен қатар, кіші сынып оқушыларының қабілетіне сай шығарма. Қамбар батырдың ерлік істері, халқына сіңірген еңбегі балаларды қажырлы өжет іске бастайды.
Батырлар жыры - ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр. Батырлар елін сүйген, атамекенін, халқын, оның ар-намысын қорғау, елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған, көзсіз батырлық, ерлік көрсеткен. Батырлық дастандардағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты ерен ерлер ерлігіне осы қасиеттер негіз болған.
Ел-жұрттың арманы - сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Бұл, әсіресе, ерте кездегі жаугершілік замандарда оңай болмаған. Сондай жағдайда халық ел қорғайтын хас батырларды аңсаған. Олардың батырлық, қаһармандық істерін мадақтап, жырға қосқан.
Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал қызмет еткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың халық әдебиетінде алар орны ерекше. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Алғашқы үлгілері есте жоқ ерте заманда туған батырлар жыры бертін келе өзінің даму үрдісінде шыңдалып, жетілу үстінде болған. Ол халықтың әр кезде жасаған ерлік істерін жырлау негізінде өсіп ұлғайған. Әрбір тарихи кезеңде, халыққа төнген қауіп-қатер кезінде асқан ерлік жасап, ел-жұртына қорған болған, батырлардың қаһармандық істері халықтың әдебиетінен де орын алған. М.Горькийдің: «ауыз әдебиеті тарихқа өзінше ілесіп отырады», - дейтіні осыдан. Әрине батырлар жыры тек қана жеке адамдардың ерліктерін суреттеп қойған емес. Ол жеке образдар арқылыбүкіл халықтың батырлық тұлғасын, ерлік ісін, сарқылмас күш-қуатын елестетеді, соларды бейнелеп көрсетеді. Батырлар жырының басты мәні де осыған байланысты.
Ертеден келе жатқан батырлар жыры біздің заманымызда да халықтық мәнін жойған жоқ. Ескі мәдени мұраны қадірлей білетін қазақ халқы бұл жырлардың ең таңдаулысын, идеялық-көркемдік сапасы жоғарыларын пайдалануда. Бұған батырлар жырының ең таңдаулы үлгілерінің жинақ болып бірнеше рет басылуы, ғылыми еңбектер жазылуы, оқу орындарында оқытылуы, театр сахналарында және киноларда көрсетілуі дәлел. Сондай-ақ, патриоттық ерлік істерді, Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын халық аса жоғары бағалайды, ескіден сақталған мәдени мұраның ең жақсы үлгілері деп таниды.
Батырлар жырын оқыту барысында оқушылардың қабілет деңгейін есепке алу керек. Батырлар жырын оқыту арқылы теориялық білімдері ұғымдар арқылы көріністер бере бастайды. Батырлар жырындағы кейіпкерлер арқылы жақсы мен жаманды өзі таңдап, талдай алатын деңгейге жетеді. Батырлар жырын бастамас бұрын оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады.
1. Ауыз әдебиетінің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Батырлар жыры дегеніміз не?
3. Қандай батырлар жырын білесің?
Бұл сұрақтарды қою арқылы оқушылардың қабілеттері де сабақ үрдісінде дами түседі. Яғни, оқушы психологиясына тереңірек бойлаған сайын оқу сапасы арта түспек. Батырлар жырын оқытуда оқушылардың отансүйгіштік, елжандылық сезімін қалыптастыруға, өтірік айтпауға, әділдікке, қайырымдылыққа тәрбиеленеді.
Мұғалім өзі баяндап бермей, оқушыларға сұрау салып, оны шешуге бағыттайды. Л.Выготский баланың ақыл-ой дамуының өзекті және жақын арадағы даму аймағы деп екі деңгейде қарастырып, оқытудың маңызды белгісін жақын арадағы аймақ жасайды, баланы өмірге шақырады, қозғалысқа келтіреді деп, ойлау мен сөйлеудің ара қатынасына ерекше мән береді [35].
Сөйлеумен тығыз байланысқан ойлау - ми қызметінің нәтижесі. Балаға сусындай керегінің бірі - сөйлеу. Түрлі білімнің түбірлі - баланың сөйлеуі, білімге құмарлығы. Мұның бәрі батырлар жырында жақсы көрінеді. Батырлар жырында оқушының зейіні, есі, қабылдауы жоғарылап, ойлану мүмкіндігі негізгі рөл атқарады. Балалардың ойлауын дамытуда мұғалім мынадай шараларды естен шығармауы керек. Мұғалім батырлар жырын оқыту барысында оқушыға құр жаттатып, үстірт оқытпай, оларды ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Осы жерде Әл-Фарабидің мына сөзін есімізде ұстаған жөн. «Құрғақ жаттап алғаннан гөрі ұғынып алу жақсы...» . Сонда ғана оқушылардың қызығушылығы арта түседі. Біз эксперимент жұмыстарын 4 – сынып оқушыларына өткендіктен, оқушылардың эстетикалық құндылықтарын дамытуға арналған жұмыстар жүйесін 4-сыныпта «Ана тілі» сабағында жүргіздік.
Сабақтың кіріспесінде жалпы эпостық жырлар туралы толықтай мәлімет беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы