Білім беру бағдарламасы Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация


Ана тілі Отан, туған жер



бет12/51
Дата10.06.2022
өлшемі0.85 Mb.
#267632
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Байланысты:
Байсенгирова М
Имекова
Ана тілі




Отан, туған жер

Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылық бағдары

Іздену




Салт-дәстүр

Бағалау




Таңдау

Отбасы


Тарихи тұлғалар

Көшіру

Ел рәміздері

Сурет 1 – Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылық мазмұнының сызбасы
Іздену сатысында оқушыларға ақпараттар беру, қызығушылық туғызу, құндылық объектілерге көңіл аударту арқылы мотивациялық компонент көрініс табады. Бастауыш сынып оқушылары білуге құмарлығымен ерекшеленеді және олар өздеріне кызық немесе ұнаған нәрсеге мейілінше ұмтылыс білдіреді. Баланың осы қасиетін іздену сатысында есепке алмыз. Мотивация окушының жеке өз сұранысы мен қоғамдық сұранысты дамытуға әсер ететін басты қозғаушы күш. Сол арқылы іздену тетігі іске косылады.
Бағалау - салыстыру, мәнін ашу, құндылығын көрсету нәтижесінде мүмкін болады. Сондықтан құндылықтарға ерекше мән беру, соған сәйкесті эмоциялар туғызу, құндылық бағалау әрекеттерін жүзеге асыру негізінде қалыптасқан кұндылық қатынастың мәні зор. Бастауыш сынып оқушысы өз мінез-құлқын осы құндылық қатынасқа сай реттеп отыру іскерлігіне қол жеткізеді. Бұл кезеңде құндылықтың маңызын, құндылыктар жөніндегі білімдердің қажетті мөлшерін, тереңдігін, әсерлілігін қамтамасыз ету көзделеді.
Құндылық объектілерді таңдау, сондай-ақ, жеке тұлғаның құндылықтарды тануы мен бағалауын қажет ететін жағдайларды тудыру барысында мақсатты іс-әрекетті жүзеге асыра отырып, эстетикалық кұндылықтарды жеке тұлғаның қажеттілік объектісне айналдырамыз. Бұл саты тұлғаның бірнеше объектіден нақты біреуіне таңдау жасауы арқылы көрініс табады. Құндылық қатынас қалыптасуының бастауыш сынып оқушыларындағы ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаның қоршаған дүниені танып білуі келесі бір адамның қатысуымен жанама түрде жүзеге асады. Осыған байланысты қабылданатын білімдер бөтен адамның бағасы мен жеке қатынасы және өзінің жеке көзқарасы мен сезімдері арқылы жетеді. Осының әсерінен баладағы «білемін», «білмеймін» деген ұғымдар енді құндылық мәнге ие болып «жақсы», «жаман» ұғымдарына ауысады.
Көшіру сатысында баланың таныған, қабылдаған құндылыктарына қатынасы оның ішкі сеніміне айналып, оның әрекетін, мінез-құлқын реттеп отыруға көмектеседі. Сөйтіп, баланың күнделікті өмір барысындағы мінез-кұлықтары, іс-әрекет сапалары тұлғадағы эстетикалық құндылық бағдар нәтижесі ретінде көрініс тауып отырады.
Эстетикалық құндылық бағдар қалыптастыру әдістерінін. тиімділігін анықтау үшін жүргізілген жұмыстың нәтижесін көру және эстетикалық құндылық бағдардың қалыптасқандығының көрсеткіштерін нақты белгілеу қажет. Ғалымдардың зерттеулерін талдау арқылы бастауыш сынып оқушысындағы эстетикалық құндылық бағдар қалыптасу компоненттерін төмендегі нұсқада белгіледік: мотивациялық құндылық, мазмұндық, әрекеттік-мінез-құлықтық.
Мотивациялық-құндылық өлшем бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылықтарға қызығушылығын, оларды тануға деген ынтасын көрсетеді. Мазмұндық өлшем эстетикалық құндылықтар туралы білімінің көлемімен, олардың мәнін саналы ұғынуымен көрініс табады. Әрекеттік мінез-құлықтық өлшемі эстетикалық құндылықтарға сәйкес мінез-құлық дағдыларының қалыптасуы мен іс-әрекетте қолдана білуі арқылы байқалады. Бұл өлшемдер негізінде айқындалған көрсеткіштерге сәйкес эстетикалық құндылық бағдар қалыптасуының мүмкін болатын үш деңгейі анықталды:
Жогаргы деңгей - оқушының эстетикалық құндылықтар туралы білуге деген ынта-ықыласы жоғары. Өзіндік сана, сенім-мұраттары, эмоциялық сезімдері қалыптасқан. Эстетикалық кұндылыктардың мәнін, маңыздылығын саналы түрде меңгеріп, иелене отырып, өз іс-әрекеттерінде ұмтылыстары арқылы көрсете біледі. Эстетикалық құндылық түсініктеріне сәйкес өз мінез-құлықтарын реттей алады.
Орташа деңгей - оқушы эстетикалық құндылықтар туралы білуге ұмтылмайды, қызығушылығы тұрақты емес, мұғалім ұсынған ақпараттарды онша құндылықты болмаса да меңгергенімен оларды маңызды деп есептемейді, меңгерген эстетикалық құндылықтар туралы түсініктерін мұғалімнің талап етуі бойынша ғана өз іс-әрекеттерінде пайдаланып отырады. Эстетикалық құндылықтар арқылы өзін-өзі реттеуге онша ынталы емес.
Төмен деңгей- бұл деңгей бастауыш сынып оқушысы эстетикалық құндылықтар туралы түсініктерінін жеткіліксіздігімен анықталады. Эстетикалық құндылықтар туралы өзінің білімін толықтыруды қажет етпейді. Эстетикалық құндылықтардың маңызына мән бермейді. Балалар өз мінез-құлықтарында эстетикалық құндылық түсініктеріне сүйенбейді.
Оқушының тұлғалық жетілуінде оның өзін ұлт өкілі ретінде сезінуі отбасы көлемінде ғана емес, мектепте, коғамдық орталарда көрініс тауып отырады. Баланың адамдармен қарым-қатынасының эстетикалық құндылық негізде болуы қандай құндылықтардың ең басты құндылық ретінде ұғынылатынына байланысты.
Эстетикалық құндылық бағдардың қалыптасу деңгейін анықтау мақсатымен окушылардың эстетикалық салт, дәстүрге өзіндік қатынасын, этноәлеуметтік рөлдерді орындауын қарастыру барысында олардың эстетикалық құндылық бағдарын анықтау басты назарда болды. Халқымыздың ғасырдан ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлерін бүгінгі бастауыш сынып оқушысы қаншалықты біледі, білмегенін білуге ұмтылады ма, ата салтын мақтаныш тұта ма? Оны күнделікті тұрмыста қолдануы қандай деңгейде? Ана тілін қастерлеп, оның байлықтарын меңгеру ынтасы қандай? Ел тарихы мен рәміздеріне құрмет сезімі қалыптасқан ба? Осындай сұрақтарды қамтитын сауалнамалар педагогикалық тәжірибенің анықтау кезеңінде пайдаланылды
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылық бағдарын қалыптастыру жұмысы мұғалімнің осы бағыттағы атқаратын тәрбие жұыстарына да тәуелді. Оқушылардың эстетикалық құндылықтар туралы білімін молайтып, белгілі бір құндылық бағалау, қатынас қалыптастыру үшін мұғалімнің шығармашылық сипаттағы іс-әрекеті, тұлғалық бағыттылығы, рефлексиялық қабілеттілігі мен осы жұмысқа дайындығы ерекше рөл атқарады.
1-4-сыныптардың «Ана тілі» оқулығына талдау жасай отырып, эстетикалық құндылықтармен оқу үдерісінде таныстыруға баса назар аударылып, арнайы тақырыптар беріліп, сағат саны бөлінгенін айтуға болады. Оқулык әдебиеттердің мәтіндік-ақпараттық мазмұнын анықтағанда авторлар өзіміздің эстетикалық сипатымыз бен ерекшеліктерімізді аныктайтын және ұлтымыздың тарихынан, мәдениетінен рухани нәр алатындай эстетикалық құндылықтарды таңдауды әрі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұғынықты етіп баяндауды үнемі ескеріп отыратындығын байқадық. Дей түрғанмен, оқулықтарда эстетикалық құндылықтармен таныстыру ғана көзделген. Оқушылардың меңгерген ұғым түсініктеріне сыни тұрғыдан бағалауға, құндылық қатынасын білдіруге жетелейтін жұмыс түрлері жетіспейді. Эстетикалық құндылықтар туралы жан-жақты мәлімет беру және сол құндылықтарға сәйкес кажеттіліктерді туғызу жолдары қарастырылмаған. Салт, дәстүрлерді насихаттайтын материалдардың бүгінгі күн дәстүрлерімен үндестігін және олардың күнделікті тұрмыста орындалып отыру мүмкіндігін керсету дүрыс болады деп ойлаймыз. Тақырыпқа сәйкес мәтіндермен қосымша жұмыс түрлері де аз. Құндылық бағдарлы шағын мәтіндерді қосымша ұғым бөліктерінде ұсыну арқылы эстетикалық құндылықтардың мәнін түсіну, оларға жағымды көзқарас қалыптастыру мүмкін болады [32].
Бастауыш мектептің 1-4 сыныптарында «Дүниетану» оқулығында қарастырылатын эстетикалық кұндылық бағдар беруге арналған оқу материалдары пәннің негізгі мақсатына сәйкес жан-жақты қамтылған. Мысалы Отан, туған жер тақырыбы бойынша Қазақстан картасымен таныстырылып, жер көлемі, қазба байлықтары туралы мәлімет берілген. Бұл ақпараттар оқушылардың өз Отанын мақтан етуге негіз болары сөзсіз. Қазақстанның мәдени мұралары туралы, бастауыш сынып оқушысының таным-түсінігіне сай деңгейде мәлімет бере отырып мәдени-өнер мұраларын сактау, қорғау кажеттігіне көңіл бөлінеді. Осындай материалдар беріліп отыруы, оқушылардың «эстетикалық құндылық» деген ұғымының ауқымын кеңейтуге көмектеседі деген ойдамыз. Оқушыларға өздерінің тұрғылықты жерлері бойынша мәліметтер жинақтауға тапсырмалар беру арқылы «Кіші Отанға» ұқыпты қатынас, оның бүгіні мен болашағы туралы ой салу мақсаты жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру