Білім беру бағдарламасы Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация



бет11/51
Дата10.06.2022
өлшемі0.85 Mb.
#267632
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
Байсенгирова М
Имекова
"Көптеген әндерде ерекше әуен, тосын сарын жоқ" деп мойындайды белгілі әншілер. Сонан соң қазіргі кезде саз өнерінде "синкретизмдік" өнерпаздық бағыт өріс алуда. "Синкретизм өнері" дегеніміз — бесаспап өнерпаздықты мойындату. Бұл өнер иелері, яғни әнді шығарушы да, өлеңін жазушы да, әнді орындаушы да өзі. Яғни біртума Ақан сері, Біржан сал дерсің. Ал Ақан сері мен Біржан салдың әндері қандай, "синкретизм" өнерпаздарының әндері қандай? Әрине, синкретизмдік әндерге селт етпейсіз, жадында жатталмайды, су сияқты сылдырап өтеді. Мұндай құбылыс, бір сөзбен айтқанда, музыкалық мәдениетіміздің өркендеуіне қатты кесірін тигізіп отыр деуге мәжбүрлейді.
Болмысымызға жат әндерді қаншама рет естісең де есіңе сақтай алмайтынның тағы бір себебі, сол әндердің әуендерінің де, мәтіндерінің де, аттарының да өзара айнымай ұқсас болып жатуынан. Міне, осындай жағдайлар әннің тарихи мәні мен міндетін оқушы жастардың туалай түсінбейтін жағдайына жеткізді. Мұны біз жастарымыздың эстетикалық болмыстағы сазды өндерімізден ажырап қалуынан деп түсінеміз. Нәтижеде эстетикалық мәдениеттің құлдырауы пайда бодды. Мұндай жағдайдан арылмайынша, оқушылардың эстетикалық мәдениетін дамытушы көркемөнер қозғалысын жасау мүмкін емес сияқты. Ендеше қазіргі міндет музыкалық тәрбие жүйесін жаңадан жасау қажеттілігін мемлекеттік деңгейде мойындау және соған қажетті саяси-экономикалық және әлеуметтік алғышарттарды жасауды қолға алу ауадай қажет-ақ.
Ол үшін мынадай шаралардың іске асырылуы шарт.
1. Көркемөнерпаздар жетекшілерін (ол қашанда салалық педагогикалық қызмет түрі) даярлауды қайтадан қолға алу керек. Өйткені, көркемөнер үйірме жетекшісі қызметінщ өзіне тән әлеуметтік функциясы, материлдарды ұйымдастыру тәсілі, өнерпаздарға әсер етуі мен бірыңғай көркемдік әдісі сипаттарын айқындайтын өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары бар. Арнаулы дайындығы жоқ жетекшілер көркемөнер ерекшеліктерін білмейді. Неге десеңіз шығармашылық үрдістерді ұйымдастырудың да педагогикалық амалдары бар. Мұндай жағдайларды арнаулы білімі жоқ көркемөнер жетекшілері біле бермейді. Сондықтан да арнаулы білімі жоқ көркемөнер үйірме жетекшілері репертуар тандауда, композициялық, көркемдік тәсіл қалау жолында әбден қалыптасқан дайын үлгідегі дүниелерге үйірсек келеді. Олай болса, қазіргі таңда жалпы музыкалық (саз) тәрбие жүйесіне де үлкен өзгеріс енгізе отырып, маман кадрларды даярлаудың жаңа бағыт бағдарламаларын жасау керек. Ол үшін жоғары кәсіби білім беру мамандықтар классификаторына "Көркемөнер ұжымдары жетекшісі" мамандығын ендіру керек сияқты.
2. Қосымша білім беру ұйымдары, т.б. мәдени-ағарту қызмет салалары құрылымдарында "эстетикалық тәрбие бойынша әдіскер-менеджер" лауазымын ендіру керек. Ол көркемөнер жұмысының көркемдік деңгейінің көтерілуін, жетекшілердің жауапкершілік міндеттерінің артып әдістемелік амалдарының жетілуін, дидактикалық және әдістемелік талдаулар, зерттеулер жүйелерін қамтамасыз етуді жолға қояды. Көркеменер жұмысымен айналысатын арнаулы мамандар даярланса, көркемөнерпаздарды әдістемелік қамтамасыз етудің мән-мағынасына өзгерістер енгізілсе, балалардың көркеменер мәдениеті өсіп, көркемдік-эстетикалық деңгейлері көтерілері сөзсіз. Міне, сонда ғана жалпы саз өнері саласында пайда болған көркемдік-эстетикалық сапасы төмен, шалағай-шөлкес дүниелер құриды және бұл саз онері жастарды шығармашылық үрдіске тікелей тартып, олардың бойына адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық әдетті, қарым-қатынас әдебін дарытатын күшке айналады. Ең бастысы, бұл жастарды қажырлылыққа, терең ойлампаздыққа, білімдарлыққа, жан-жақты қабілет иесі болуға тәрбиелейді.

1.3 Бастауыш сыныпта мектеп оқушыларының сөйлеу, қарым-қатынас дағдысын қалыптастырудың міндеті мен маңыздылығы



Қазіргі кезде жаһандық және қазақ халқының рухани қайта өркендеуі жағдайында жас ұрпакты өз халқының рухани қазынасымен, оның эстетикалық құндылықтары негізінде тәрбиелеуді ғылыми теориялық және практикалық тұрғыдан жетілдіру т.с. қажеттілігі айқындалып отыр. Егемен елдің болашақ, азаматтары - оқушылардың қандай құндылықтарға бағытталғандығы, иесі қадірлеп, қастерлейтіні, қоғамда қандай әлеуметқіқ қызметті атқаруда даяр екендігі мемелекеттің өсіп-өркендеуіне әсер етуші факторлардың бірі ретінде маңызды орын алады.
12 жылдық білім беруге кешуде алғашкы саты - бастауыш білімнің орны ерекше. Бала өзінің отбасынан және балабақшадан меңгеріп келген алғашқы құндылық бастауларын мектепте жүйелі түрде жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінде толықтыра түседі. Сондыктан білім беру жүйесінің бастауыш сатысында оқушылардың эстетикалық құндылық бағдарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі қоғам қажеттілігінен туындап отыр.
Құндылықтар мәселесі қай кезеңде де өзінің өектілігін жоймай педагогика ғылымының зерттеу нысаны болып келеді. Эстетикалық құндылықтарды танып білу, меңгеру және эстетикалық мәдениетіің қалыптасқан негіздері ағартушылар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, А.Байтұрсыновтың рухани мұраларынан бастау алады [31].
Жоғарыда аталған еңбектер оқушыларды эстетикалық құндылықтарға тәрбиелеу мәселесінің біркелкі зерттелгенін айқындайды. Дей тұрғанмен, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылық бағдарын қалыптастыру арнайы қарастырылмаған. Бастауыш білім мазмұндағы эстетикалық құндылық бағдар қалыптастыруға негіз болатын оқу материалдарын жүйелеу мен оқу-тәрбие үдерісін осы бағытта тиімді ұйымдастыру негізгі міндет болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асырудың ғылыми-теориялық, әдістемелік негіздерін қарастыру қазіргі педагогиканың өзекті мәселелерінің біріне айналып, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылык бағдарын қалыптастырудың тиімді жолдарын зерттеу қажеттігі анықталды.
Сол себепті бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың эстетикалық құндылық бағдарын қалыптастырудың қазіргі таңдағы кажеттілігі мен оның ғылыми-педагогикалық, әдістемелік тұрғысынан негізделуі арасындағы кайшылық орын алып отырғандығы байқалады.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеудің жалпы жүйесіндегі, эстетикалық құндылық бағдар қалыптастыру жұмысын баланьң мектеп табалдырығын аттаған алғашқы жылдарынан бастаудың маңызы өте зор. Сондықтан осы мәселеге қатысты ғылыми ой-пікірлерді жүйелеп, қазіргі ақпараттық қоғам жағдайындағы мүмкіндіктермен кіріктіруге көңіл аударылады.
Қазіргі кезде құндылық термині философия, әлеуметтану, мәдеииеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылуда. Бұл еңбектерде құндылық ұғымы әр қырынан зерттеліп, оның мәні мен табиғатына, тәлім-тәрбиелік жақтарына жан-жақты көңіл бөлінген.
Философ Т.Қ.Ғабитов «құндылықтар - қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт, дәстүрлерін игеру нәтижесінде орын алатындығын ерекше бағаласа, психологтар құндылыктарды тұлға аралық катынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың объектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субъектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.
Педагогикалық сөздікте: «құндылық- адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін тұрақтылығы, қайырымдылыгы, мейірімділік тәрбиесі», - делінген. Сондықтан біз «Құндылық» ұғымын адамды тәрбиелеу үшін оның өмір сүруіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы дүниелердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырамыз.
Бүгінгі таңда маңызды әлеуметтік құндылықтар болып табылатын эстетикалық құндылықтардың мәні ерекше артып отыр. Әрине, эстетикалық құндылық тақырыбы тек бүгінгі күннің мәселесі деуге болмайды. Бұл адамзат тарихында сонау ІХ-ХҮ ғасырлардағы Қорқыт, Әл- Фараби, Ж. Баласағұни, М.Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Асан Қайғы сияқты казақ даласының ойшылдарының еңбектеріндегі «Кемел адам» тұлғасын жасау идеяларында айқындалған. Ғұламаларымыздың еңбектеріндегі құндылықтарды зерделей келе, былайша топтастыруға болады:
- заттар мен құбылыстардың маңыздылығын түсінуге көмектесетін кұндылықтар: Өмір, Теңдік, Жер, Отан, Отбасы т.б.

  • кемел тұлғаға тән дара қасиеттер түрінде көрінетін құндылықтар: өмір-сүйгіштік, имандылық, ізгілік, тектілік, парасатгылык, тәубешілдік т.б.

  • адамдардың өзара қарым-қатынасының ережелерін белгілейтін құндылық өлшемдер: туысқандық, достық, жолдастық, т.б.

Эстетикалық құндылық бағдар қалыптастырудағы басты жол ретінде осы еңбектердегі құндылықтарға әркез орала отырып, осынау мол мұраны жас бүлдіршіндеріміздің игілігіне айналдырудың, олардың ұлт азаматтары ретінде қалыптасуына көмектесудің маңызы күннен күнге артып отыр.
Педагогика ғылымында эстетикалық құндылықтардың әлеуметтік, адамгершілік маңызы туралы идеялардың дамуы Г.Н.Волков, Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Р.К.Төлеубекова, Е.Ш.Қозыбаев, Ш.И.Джанзакова т.б. ғалымдардың іргелі зерттеулерімен тығыз байланысты. К.Қожахметова әр адамның бойына қуат беретін, жігерін жасытпай рухтандыратын эстетикалық рухани-адамгершілік құндылықтарды ерекше бағалай келе төмендегідей түрде жіктейді:
- Жалпы адамзаттық: Отан, отбасы, тәрбие, білім, махаббат, достық, бейбітшілік, теңдік, бостандық, ана, дін, өнер, жауапкершілік, адалдық, отансүйгпштік, сенім, ерлік, азаматтық, сыйластық, түсіністік, мейірбандық.
- Эстетикалық: Ар, намыс, ана тілі, дін, рух, тәубешілдік, ризашылдық, Отанның тарихы, туған жер, ізеттілік, парасаттылық, рахымшылдык, қанағатшылдық, ата салты, дәстүр, жеті атасы, шежіресі.
Педагог ғалымдар Г.Аңламасова, Н.Мұхамединова, Ж.Ембергенова, С.Қоңырбаева т.б. өз еңбектерінде эстетикалық құндылық ұғымын әр қырынан қарастырып, анықтамалар берген. Мәселен ғалым Н.А. Мұхамединова эстетикалық кұндылыққа мынадай анықтама береді: «Эстетикалық құндылық белгілі бір ұлтқа тән, адам болмысындағы, қарым-қатынасындағы адами құндылықтың, ұлылықтың жетілген бейнесі».
Отандық педагогика ғылымында құндылық бағдар қалыптастыру мәселесі әр түрлі деңгейде зерттелуде. Мәселен, профессор Нұрғалиева Г.Қ. өзінің еңбегінде құндылық бағдар қалыптастырудың философиялык, педагогикалық-психологиялық негіздерін саралай келіп, құндылык бағдардың өзіндік тетіктер арқылы жүзеге асып отыратынына көңіл аударады (іздену -бағалау - таңдау - көшіру).
Бастауыш мектеп жасы құндылық бағдар қалыптастыру жұмысын тиімді іске асыру үшін біршама мүмкіндіктердің бар екендігімен ерекшеленеді. Бұл олардың эмоциялық көңіл-күй көтеріңкілігі, сыртқы әсерлерге берілгіштік қасиеттері және жағымды құндылыктар әлеміне бағытталғандығы арқылы түсіндіріледі. Бастауыш мектепте қаланған құндылық негіздер бала тұлғасының бұдан кейінгі жас кезеңдеріндегі қалыптасуына әсерін тигізетіндігі туралы кейбір ғылыми еңбектерде жазылған. Ең, алдымен баланың, жас ерекшелігіне сәйкес, ұғына алатын, меңгеруге мүмкіндігі жететін эстетикалық құндылық түсініктерінің көлемін анықтаудың маңызы зор. Бастауыш сынып оқушысының құндылық бағдар үдерісінде ең маңызды мәселе олардың қандай құндылықтарды иеленетіндігінде. Бала белгілі бір заттың немесе құбылыстың құнды қасиеттерін білмеуі және оны пайдаланбауы мүмкін. Мұндай жағдайда ол оған құндылық болып табылмайды. Сондықтан тұлғаны кұндылықтарға бағыттауда ақпараттық қызметтің рөлі зор және құндылық бағдар беру құндылықтардың қасиетін, сипатын ашқан кезде жүзеге асады. Құндылық бағдар қалыптастыру мәселесін қарастыратын педагогикалық, психологиялык әдебиеттерге және бастауыш мектептің нормативтік құжаттары мен оқулықтарына талдау жасай отырып, біз бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылық бағдарының төмендегідей анықтамасын келтіруге болады: Эстетикалық құндылық бағдар - тұлғаның эстетикалық келбетін анықтайтын өзіндік сана-сезім эстетикалық құндылықтарға қатынасын көрсететін сенімі, көзқарасы, ұмтылыстары түріндегі ерекше тұлғалық құрылым.
Жеке тұлғаның тәрбие арқылы құндылық бағдарын қалыптастыруды модельдеумен Г.Қ.Нұргалиева, Қ.Т.Әтемова, А.К.Қалиева, С.С.Қоңырбаева және т.б. зерттеушілер айналысқан.
Эстетикалық кұндылыктар жүйесі туралы бастапкы білім негіздерін меңгерген, құндылықтарды бағалайтын және оларға ұмтылатын, өзіндік сана-сезімі қалыптасқан, эстетикалық құндылық бағдары анықталған тұлға тәрбиелеуде бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылық бағдарын қалыптастырудың бағдарламасы мен әдістемесін ұсынуға болады.
Тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы қағидасы эстетикалық құндылық бағдар қалыптастыру жұмыстарының мақсатын белгілеуде манызды. Тәрбиелік ықпалдардың бірлігі қағидасын басшылыққа ала отырып, модельдің әрбір бөліктері мен элементтерін түгел бір тұтастықты құрайтын педагогикалық жүйе ретінде қарастырылады. Жас және дара ерекшеліктерді есепке ала отырып, бастауыш сынып оқушысының жасқа байланысты және жеке ерекшеліктерін физиологиялық, психологиялык, педагогикалык тұрғыдан сипаттай келе, олардың эстетикалық құндылық бағдар қалыптастыруға байланысты есепке алынуы басты назарда болды. Тұлғаға бағытталған қатынас педагогикада «тұлғалық бағдарлы» ұғымымен түсіндіріледі. Эстетикалық құндылық бағдар қалыптастыру бастауыш сынып оқушыларының дербес мүмкіндіктерін дамытуға, олардың бойында субъектілік сапалық өзгерістердің қалыптасуына жағдай туғызуы қажет.
Эстетикалық кұндылық бағдардың құрылымы мен мазмұны тұлғаның бағыт-бағдарын, ұстанымдарын айқындайды. Мазмұндық бөліктің мақсаты пәндік оқу материалдарының ішінен бастауыш сынып оқушысының эстетикалық құндылық бағдарын қалыптастыруға негіз болатындарын іріктеп, жүйелеу арқылы сабақты әдістемелік қамтамасыз етудің дидактикалық мүмкіндіктерін көрсету. Біз өз зерттеуімізде құндылық бағдар қалыптастыру мәселесін қарастыратын педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге және бастауыш мектептің нормативтік құжаттары мен оқулықтарына талдау жасай отырып, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылық бағдарының төмендегідей мазмұнын белгілейміз: Отан, Туған жер, Ана тілі, Отбасы, Салт, дәстүрлер, Ел рәміздері, Тарихи тұлғалар кұндылығы.
Құндылықтар иерархиясын жасай отырып, оның басым бағыттарын белгілеуде ана тілі сабағындағы мәтінмен жұмыстар ерекше орынға ие. Бастауыш сыныптағы сабақтарда эстетикалық құндылықтардың мәнін ашатын, арнайы бағыттайтын шағын мәтіндерді таңдап, талғап пайдалану арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің жалпы жүйесіндегі эстетикалық құндылық бағдар қалыптастыру жұмысы жүзеге асырылады. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық құндылық бағдарын қалыптастыруда тиімді әдістер деп ролик ойындар, пікірсайыс, видео-әдіс, этикалық жағдаяттар, өнеге- ұсынамыз. Мұғалім мен оқушының атқаратын іс-әрекеттерін талдай келе, олардың өзара белсенді әсерін ақпараттық технология арқылы қамтамасыз етуді кездейміз. Мұғалім эстетикалық құндылық бағдар қалыптастыру жұмысында электрондық оқу құралын көмекші ретінде пайдалану нәтижесінде балалардың қызығушылығын, ақпараттарды бағалау іскерлігін жетілдіреді.
Құндылық бағдар теориясына сәйкес, бастауыш сыныптағы оқушыларда эстетикалық құндылық бағдардың қалыптасу тетіктерін іске косу осы жас кезеңіндегі баланың барлық сфераларының өзара үйлесімділігі арқылы жүзеге асады: эмоциялық, танымдық, әрекеттік. Құндылық бағдар теориясына сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық кұндылық бағдарын төмендегідей сызба түрінде көрсетеміз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру