Білім беру бағдарламасы Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация



бет10/51
Дата10.06.2022
өлшемі0.85 Mb.
#267632
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
Байсенгирова М
Имекова
Таудың беті қызыл шұға Кестелеген тау өңірін
Сыңсып біткен бүлдіргендер, Кездеседі түрлі гүлдер.
Табиғат сұлулығын жырлаудың, ең алдымен, эстетикалық сипаты күшті. Табиғат құбылысынан неше түрлі дыбыстардың, бояулардың жарастықты келісімін көруге болады. Оның өзі көзге тоят, көңілге ләззат береді.
Айна көл көктей мөп-мөлдір, Аспан көлге төніп тұр
Айнала буйра қарағай, Төңкерілген шарадай, -
деген шумақтарды Ә.Тәжібаевтың 1930 жылдардың орта кезінде жазған "Меруерт моншақ тіземіз" өлеңінен кездестіруге болады. Өз өлеңінде ақын табиғат пен адам көңіл күйін ұштастыра нәзік сезіммен жеткізеді. Құстардың әдемілігіне, табиғат сұлулығына таңдана отырып, сүйіктісін аққуға теңеп, осындай әдеміліктің ортасында жүргендіктен өзін бақытты санайды.
Шыжыған ыстық айларда Теңіздей майса толқиды
Не жетсін тауда жайлауға! Желпіп жел, жауын шайғанда.
Жайылған малға қосылып Жазығы жайған кілемдей
Жатады булттар сайларда. Жарысып құлын ойнауға,-деп ақын өзінің "Жайлау" өлеңінде жайлаудағы көріністі тамаша суреттейді. Осы өлең шумақтары кез келген оқырманды бейжай қалдырмайды, керісінше, оны еліктіріп сол жайлауға барып өз көзіммен көріп қайтсам ғой деген ой қалдырары сөзсіз. Әсіресе, қазіргі қала оқушыларына бұл таң көрініс. Осындай тамаша табиғат көріністері әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда зор рөл атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, әстетикалық түсінігін байытады.
Ә.Тәжібаев туған жерге деген шынайы сезімін, оның сұлу табиғатын поэзияға айналдыру арқылы жеткізеді.
Әрбір гүлге бір бұлбұлдан сайраса, Әрбір көңіл жоғарыға қомданса,
Әр сұлуға жыр шертеді бір ақын. Бұлттан да әрі тауымыз бар шығатын.
Ә.Тәжібаев бұл өлеңінде Алматы қаласының табиғатын жырлайды. Ақын көшелерге қанат жайып шыққан емендерді, жапырағымен көкті сүртіп тұрған алтын бұйрат теректерді бейнелейді. Алатауын, оның жібек, самал желін жып-жылы сезімге бөлеп береді.
Ә.Тәжібаев туған жердің, туған елдің табиғатын ғана жырлап қойған жоқ, ол сонымен қатар көне Рим қаласын әсем жырлағаны сондай, оның көрінісі нақты көз алдыңа елестейді.
"Көктем", "Қыс пен жаз", "Қыс ата күндіз", "Қыс ата түнде" өлеңдерінде де жыл мезгілдерін өзіне сай етіп жырлаған.
Әзірленді қыс ата Көпсітті қармен алаңды,
Қырауын жапты еменге, Ақ қала жары жаңарды.
Бұтақтар бұқты төменге, Сырғанақ бетін сыпырды,
Моншағын тақты қайыңға, Шиырлар, іздер жоғалды...
Бұршағын септі селеуге.
Бұл жерде ақын қысты адам бейнесінде "қыс ата" деп алады, Қыстағы табиғат құбылыстарының барлығы шынымен де қыс атаның әрекеті сияқты көрінеді. Қыс ата түнде ұйықтамай емендерге қырауын жауып, алаңның қарын көпсітіп, балалардың ертеңгі ойынына қамқорлық жасайды. Біз қыс табиғаттың бір мезгілі екенін түсінумен бірге, соның әлгі қимыл-әрекеттерінен біздің бақытты балаларымызға жасалған Отанымыздың қамқорлығы екенін сезінеміз. Ақынның жақсы идеясы поэтикалық символика арқылы жүзеге асқан. Поэтикалық символика өзінің эстетикалық айқындығын жоғалтпаған жағдайда үлкен ақындық мәдениетті танытатын шеберлік екені даусыз.
Жылдың әр мезгілінің өз қасиеті бар. Алайда көктем ақын үшін айрықша қымбат. Күннің от лебін көтере келген көктем әндете келіп,далаға егін, бақшаға гүл егеді, аққу, қаздар ұшып келе бастайды.


Көтеріп күнніңот лебін, Шулатып аққу, қаздары
Көтере күнгей шөптерін. Көліме қонды көктемім.
Ә.Тәжібаев тек ғана табиғаттың әсемдігін ғана суреттеп қоймай, сонымен қатар келіншек қыздардың бейнесін де тамаша безбеңдейді. Оны біз ақынның "Аттан түскенде" өлеңінен табамыз.
Көрдім нұрлы бір келіншек, Шыққан жазда бейне жас гүл,
Қасы қара, шашы сүмбіл, Сөзі сынық, тым ләззатты,
Ақ дидары туған айдай, Қос көзінде от жанып тұр.
Әбділда Тәжібаев сұлу да сырлы табиғатты, адамның әдемілігін жырлай отырып, оқырманына дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өз оқырманына әдемілік ұғымын тартымды, түсінікті түрде жеткізе алады. Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білуге үйретеді. Дүниенің мәңгі жасарып, жайнап тұрғанын қалайды. Кейінгі ұрпаққа әрқашан әдемілікті сақта, оны бүлдірме, аяла деген өсиет сөз қалдырады.
Біз бұдан ақын Әбділда Тәжібаевтың жастарды эстетикалық тәрбиелеуде өзінің зор үлес қосқанын көре аламыз. Әсемдікті жырлау арқылы оқушысын жігерлендіріп, өмірге құштар етеді. Ең бастысы, қауымға ой қалдырады.
Қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды дамыған тұлға тәрбиелеуде барлық өнер түрлері үлкен маңызға ие екендігі белгілі. Әсіресе, өнер түрлерінің ішінде өскелең жастардың эстетикалық дүниетанымын, соның негізінде мәдениетін қалыптастыруда және дамытуда музыка (саз) өнерінің алатын орны ерекше [30]. Оның мәні мынада: музыка өнері әрбір адамның адамгершілік тұрғыда тәрбиеленуіне, әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және зандылығы болуы керек. Бұл ойымызға дәлел бар. Айталық, бұл жағдай әсіресе кеңестер үкіметі дәуірінде үлкен қоғамдық мәнге ие еді. Өйткені, тәрбиедегі басты мақсат: қоғам мүшелерін әлеуметтендіру болатын, яғни өнер адамның тек қана рухани өмірінің құрамдас бөлігі ғана болып қалмай, әлеуметтендірудің аса пәрменді құралы болды. Музыка өнерінің мақсаты-жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыру, олардың бойында белгілі бір адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық әдетті тәрбиелеу. Осы мақсаттың игілікті болуы үшін керкем-өнерпаздар үйірмелері жаппай ашылып, жұмыс жүргізді. Ол жастарды музыка өнері арқылы шығармашылық қызметке қамтудың өзіндік арнайы формасы және ұйымдастырушы құралы болды. Неге ендеше қазіргі кезде оқушылардың көркемөнерпаздық жұмысы өз деңгейінде ұйымдастырылмай жүр? Неге саз өнерінің "хор, жеке ән айту, дуэт, трио, квартет, ән ансамблі" сияқты түрлерімен айналысуына деген қызығу төмен?
Біздіңше оның жүзеге асуы үшін біріншіден,істің әлеуметтік-саяси негізі қаланып, оған объективті жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік қамқорлық қажет. Мұндай пікір айтуға көркемөнер жұмысына қажетті жағдай жасауға арналған тарихи тәжірибелер негіз болып отыр. Өйткені тәуелсіздікалғалы бері бұл мәселенің әлеуметтік-экономикалық және идеологиялық негізіне әлі жете мән берілмей келеді. Олай дейтініміз, 2000 жыл "Мәдениет" жылы болып жарияланса да, бұрынғы мәдениет ошақтарын қалпына келтіру мәселесі туралы үкімет нұсқауы күйіндегі жәй пәрмен ғана болып қалғаны жасырын емес. Тіпті бұл мемлекеттік шара біршама мәдениет ошақтарын қалпына келтіруге қозғау салғанымен, саз өнерінің қоғамдық мәні мен міндеттерінің өз деңгейінде ашылуына және шешілуіне толыққанды мүмкіндік жасаған жоқ. Нәтижеде саз өнерінің қайтадан тәрбиелік қызметке айналу механизмі жасалынбай қалды.
Ол үшін әлеуметтік маңызы бар факторлар: әсіресе оның ішінде халық тұрмысының қанағаттанарлық деңгейде болу жағдайының төмендігі өз әсерін тигізді. Нарық экономикасына көшу еңбек бөлінісі формасындағы өзгеріс, оған жастардың бейімделуі саз өнерінің тәрбиелік құралдық қызметінің пәрменіне үлкен тежеу болып, жастардың стихиялы факторлар жетегінде кетуі белең алды.
Үшіншіден, саз өнері әлемінде тосын сарыны жоқ бағдары белгісіз бағыттар пайда болды. Яғни саз өнерінде дұрысы мен бұрысын ажырату қиын соққан оқушы жастарды әп-сәтте арзан қолды дүниелермен алдаусырататын ән лектері қаптаған бағыт дамыды. Бұл жағдай ән жанрының әлемін бүлдірді. Сөйтіп, саз өнеріне деген талғампаздыққа жойқын кедергі келтірді. Енді осы жойқын күш алған бағытқа қысқаша сипаттама беріп көрелік.
Қазіргі кезде шетелдік мағынасы жоқ "дақыш-дықыш", "нана-наға" айналған, әуезділігі эстетикалық ән табиғатына мүлдем жат, тек ырғағы ғана бар әнсымақтар қаптады. Ол әнсымақтарды компьютерлік техника құдіретімен дауысы бар да, жоқ та айтады. Мұндай әнсымақтарды неше рет естісең де есіңе сақтай алмайсың. Өйткені жүрекке жол таппаған ән сол жерде-ақ ұмытылып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы