Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет40/43
Дата03.01.2023
өлшемі0.59 Mb.
#405563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
ман математика
КУРС ТАПСЫРМА, ИВИЭ Біріктірілген ЭКЗАМЕН
Диалогтік оқыту Мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол 
оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың 
және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере 
отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені 
(проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы 
іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.
Джигсо әдісі 
ең алғаш Джигсо әдісін Е.Аронсон мен Д.Бриджмен (1979) әзірлеген. Бұл 
бойынша оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты игеріп, оларды 
пазлдың бөлшектері сияқты бірге жинауға тартылады. Әр оқушы өз 
білімінің терең түсініп, басқаларға оны үйрету керек. Яғни әр оқушы 
«сарапшы» рөлінде болады деген сөз. Сонымен қатар, оқушылар құнды 
ресурс ретінде бір-бірін тыңдауды үйренеді. 
Жақын арадағы 
даму 
аймағы 
(ЖАДА) 
Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары
қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын, орындау 
үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар ауқымында 
қалыптасатын дағдылар арасындағы оқу кезеңі. Скаффолдер рөлінде 
мұғалім немесе анағұрлым жақсы оқитын сыныптастары болуы мүмкін. 
Жиынтық 
бағалау 
Жиынтық 
бағалау 
оқу 
бағдарламасының 
бөлімдерін/ортақ 
тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан/триместр, оқу жылы, 
орта білім беру деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат 
алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі 
Кері байланыс 
белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, 
келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір, 
баға беру, жауапты реакция. 
Креативтілік 
(ағыл. create – жасау, creative – жасампаз, шығармашыл) индивидтің 
дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан ауытқитын, түбегейлі 
жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға дайындығымен ерекшеленетін 
және тәуелсіз фактор ретінде дарындылық құрылымына кіретін 
шығармашылық қабілеті, сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап, оларды 
ерекше тәсілдермен шешу қабілеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет