Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


  Мұғалімге арналған нұсқаулық (мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқыту



Pdf көрінісі
бет32/43
Дата03.01.2023
өлшемі0.59 Mb.
#405563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
ман математика
КУРС ТАПСЫРМА, ИВИЭ Біріктірілген ЭКЗАМЕН
 


43 
Мұғалімге арналған нұсқаулық (мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқыту 
әдістемесі) – сабақтың негізгі оқу мақсаттары анықталған әдістемелік құрал. Онда 
мұғалімге сабақты өткізу жайында әр қадамы нақты көрсетілген нұсқаулық, мұғалімге 
көмекші қосымша деректі материал, сабақты өткізуге арналған қосымша ескертпелер, 
оқушылардың тапсырмаларына мүмкін болатын жауаптардың нұсқалары мен олардың 
орындалу жолдары немесе үлгілері, қосымша тапсырмалар және олардың бағалау 
критерийлерінің үлгілері берілген.
Мұғалімдер әсер етулері керек: 
 Оқу бағдарламасының басқа пәндермен байланысын орнатуға;
 Мазмұны бойынша бірігетін мәтіндер, тапсырмалар, жаттығулар мен есептер туралы 
пән мұғалімдерімен идея алмасуға; 
 Пәнді зерттеудегі қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін пән мұғалімдерімен 
жұмысқа; 
 Оқушылар үшін маңызды әлеуметтік, педагогикалық және функционалды маңызы 
бар пән мазмұнын таңдау. 
Мұғалім нұсқаулығы келесі ақпаратты қамтиды: 
 Оқу мақсаттары; 
 Оқу ресурстары; 
 Пән бойынша оқулық пен жұмыс дәптеріне қиылысқан сілтемелер
 Мазмұын тәселдері; 
 Тиесілі базалық ақпаратты; 
 Оқулыққа сәйкес қызметке қолдау көрсету үшін мұғалімге арналған біртіндеп 
ескертпелер қатары; 
 Пәнаралық байланыстарды
 Дамытушы тапсырмалар. 
Одан бөлек, мұғалім ескертпелері формативті бағалау мен оқуышларды саралауын 
қолдауды қамтиды (мұғалімнің тиімді сауалнама, бақылау мен қадағалау жүргізу 
дағдыларын қоса алғанда). 
 
Жұмыс дәптері (оқушы дәптері) 
Жұмыс дәптері – тәжірибе жүзінде орындауға арналған түрлі жаттығулар мен 
тапсырмалар жинақталған әдістемелік құрал. Жұмыс дәптерінің мақсаты сабақта алынған 
білімді іс жүзінде бекіту болып табылады. Пәнге және сыныпқа қарай жұмыс дәптеріндегі 
тапсырмаларды сыныпта немесе үйде орындауға болады. 
Жұмыс дәптері балаға өз бетінше оқуға мүмкіндік береді және пән бойынша білім мен 
дағдыларды бекітуге және дамытуға арналған материал ұсынылған жұмыс парақтарынан 
тұрады. Сонымен қатар, жұмыс парақтарында қалыптастырушы бағалау мен оқуды саралау 
жолдары ұсынылған. Сондай-ақ, әр бөлімше бойынша оқушының әрекетін шолу парағы 
бар. Ол бағалау үшін (онда өзін-өзі немесе өзара бағалау көзделген), оқушыларға бағалау 
нәтижелері туралы хабар беру үшін қолданылады, не болмаса қамтиды. 
Оқушыларға оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша жұмыс істеуге көмектесу 
үшін мұғалімдерге жұмыс парақтарын өз қалауы бойынша қолдану ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет