Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


-кесте. Уәжге әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет21/43
Дата03.01.2023
өлшемі0.59 Mb.
#405563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
ман математика
КУРС ТАПСЫРМА, ИВИЭ Біріктірілген ЭКЗАМЕН
7-кестеУәжге әсер ететін факторлар 
УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР
УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР
түрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын 
белсенді мұғалім 
негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция оқитын 
мұғалім 
көп оқушыны қамтитын белсенді 
тапсырмалар 
аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде 
қатыспайтын тапсырмалар 
белгілі бір мағынасы бар және осыған дейін 
өтілген тақырыппен байланысты жаттығулар 
айқын емес, түсініксіз және осыған дейін 
өтілген тақырыппен байланыспайтын 
жаттығулар 
сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті 
деңгейде және барлық оқушылар орындай 
алатындай етіп сараланған 
сабақтағы жаттығулар сараланбаған және 
басында орындау тым қиын немесе жоғары 
қабілетті оқушылардың қабілеттері 
ескерілмейді 
оқыту мен оқудың сан алуан әдістері 
қолданылады – сабақтың қандай болатынын 
күні бұрын болжау мүмкін емес 
оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі 
қолданылады – сабақтың қандай болатынын 
күні бұрын болжап білуге болады 
оқушыларға «ойлануға» уақыт бере отырып, 
сабақ қарқынын өзгерту 
сабақтың қарқыны өте жылдам не баяу және 
оқушылардың «ойлануына» уақыт берілмейді
әр оқушыға жеке қолдау көрсету 
оқушылар мұғалімнен көмек күтеді 
көп мақтау және мұғалімнің дене 
қимылдарын, ымды тиімді қолдануы 
мақтау айтылмайды және мұғалім дене 
қимылдарын, ымды тиімді қолданбайды 
оқушылар сабақ мақсатын және өздерінен не 
күтілетінін біледі 
оқушылар сабақ мақсатын және өздерінен не 
күтілетінін білмейді 
 
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кері байланыс 
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру жаңартылған оқу 
бағдарламасының оқу жоспарын рәсімдеуде маңызды болып табылады. Блэк және басқа 
авторлар (2003) мұндай тәсіл оқушылардың үлгеріміне жағымды ықпал етіп, оң нәтиже 
беретінін айтады және мұны бірқатар танымдық талдаулар да дәлелдейді. 
Бірінші кезекте оқушылардың күшті жақтары мен олар кездестіретін қиындықтарды 
анықтап алу қажет. Бұл көп жағдайда оқушылардың ауызша жауаптарын бақылау арқылы 
және жазбаша жұмыстарын оқып тексеру арқылы жүзеге асады. Сонымен қоса, бұл ақпарат 
әр оқушының үлгеріміне көмектесетін жаттығуларды жоспарлау үшін пайдаланылады. 
Бұл үдерісті табысты етуге көмектесетін бірқатар элементтер бар: 
- мұғалімдер оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін 
қолдайды; 
- мұғалімдер оқушыларға өз жұмысының сапасын бағалау тәсілдерін ойлап табуға 
көмектесу мақсатында барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды; 
- мұғалімдер оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін оқу 
мақсаттарын белгілеу арқылы, мақсатқа жетуді бақылау және оқытуды түзету арқылы оқу 
үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді


31 
- мұғалімдер әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 
оқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре 
қолданады;
- мұғалімдер оқушылардың жұмыстары туралы ауызша және жазбаша кері байланыс 
ұсынады, бұл кері байланыс уақтылы, айқын болып, нақты критерийлерге негізделеді 
(OECD, 2005).
Оқу бөлмесі негізінен күрделі оқу ортасы болып табылады және дәстүрлі оқытумен 
салыстырғанда, белсенді оқу мен жекелеген оқушылардың танымдық қажеттіліктерін 
қанағаттандыру осы күрделіліктің артуына ықпал етеді. Мұғалімдер «сыныпты 
тыныштандырудың» (мұғалімнің сабақта тыныштық сақталуын қадағалауы, өзінің сөйлеуі) 
орнына, оқушылардың мағынаны түсіну, заңдылықты байқай алу, шешім қабылдау мен 
тұжырымдау, түзете алатындай етіп орындалуын бақылау құзыреттіліктерін 
қалыптастыруы және дамытулары керек (Hattie, 2012). Мұндай хабардарлық мұғалімдер 
өздерінің тәжірибесі туралы және оқушылардың үлгеріміне тигізетін ықпалы туралы 
ойланып, ой елегінен өткізген жағдайда ғана дамитын болады. Сол себепті 
тыңдаушылардың осындай ойлау дағдысын арттырып, оқу бағдарламасында көзделген 
белсенді оқу тәсілдеріне жаттығып дағдылануы үшін, біліктілікті арттыру курсы аясында 
ықшамсабақ жаттығулары қарастырылған. Сабақтарда қамтылатын белсенді оқу тәсілдері 
тәжірибелік, эксперименттік, пікірталас, жоспарлау және бағамдау жаттығуларын жүргізіп, 
топтық жұмыс және ықшамсабақтар ұйымдастыруды көздейді. Бұл тәсілдерде оқу 
бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін сыныпта қолдануға болатын 
тәжірибелік идеялар қамтылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы