Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерін оқытудағы тілдік



Pdf көрінісі
бет11/43
Дата03.01.2023
өлшемі0.59 Mb.
#405563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
ман математика
КУРС ТАПСЫРМА, ИВИЭ Біріктірілген ЭКЗАМЕН
«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерін оқытудағы тілдік 
мақсаттар 
«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерінің мазмұны оқыту тілі арқылы 
баяндалады. Әр пәннің өзінің жеке сөйлеу стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық 
тілі» деп атауға болады. Академиялық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде 
қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып 
табылады. Академиялық тілді дамыту тұрақты назар аударуды талап етеді. Оқушылардың 
академиялық тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау 
көрсетілуі қажет. Екінші немесе үшінші тілдер арқылы білім алатын оқушылардың басым 
бөлігі академиялық тіл мен пән мазмұнын игеруі үшін бүкіл оқу барысында қолдауды қажет 
етеді.
Тілдік мақсаттар академиялық тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. 
Оқушылардың олардан қандай нәтиже күтілетінін түсінуі тілдік мақсаттардың анық 
құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушыларға оқуға 
деген ынтасын арттырып, қолдауға көмектеседі. Пән мұғалімдері оқушылардың пән 
мазмұнын меңгеріп, академиялық тілдерін дамытуына қолдау көрсетеді. 
Академиялық тілді меңгеруге қолдау көрсету үшін мұғалімдерге сабақ жоспарларына 
төмендегідей оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады: 
- оқушылардың назарын академиялық тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу 
мақсаттарына жету үшін қажетті терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы 
қолдану); 
- сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін 
ұсыну (мысалы, топтық жұмыс жүргізуге, сұрақты дұрыс қоюға, жағдайды талдап, 
пікірталас жүргізуге қажетті сөздер мен сөз тіркестері); 
- алдын ала оқыту және пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология 
мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды жағдайларда пайдалану; 
- түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін оқушылардың тілдік дағдылардың барлық төрт 
түрін түрлі комбинацияда (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-
айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) қолдануы; 
- оқушыларды пікірталас, диалогтерге қатыстыру (мысалы, оқушыларды толық жауап 
беруге ынталандыру, білу деңгейіндегі сұрақтармен шектелмеу, пікірталас тиімді болуы 
үшін оқушыларды өз білімін қолдануға түрткі болу, сондай-ақ оқушылар диалогке қатыса 
алуы үшін қажетті лексикалық қормен қамтамасыз ету);


15 
- тіл үйренуге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдап алынған материалдарды 
тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метатанымдық сананы дамыту, басқаша 
тұжырымдау, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары); 
- тіл туралы сыни ойларын дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді 
барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді үйренудегі жетістікті бағалау); 
- сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат 
бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау. 
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Сонымен қатар, тілдік 
мақсат үлгісінде академиялық тілдің құрамдас бөліктері ұсынылған, оны оқушылардың 
есте сақтап, пайдаланулары керектігін ескерту маңызды. Бұл құрамдас бөліктер төмендегі 
тақырыпшаларда ұсынылған: 
(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология; 
(2) диалог/ жазылымға арналған пайдалы сөз тіркестері. Егер пәннің тілі анық әрі 
оқушыларға түсінікті болса, бұл олардың пән бойынша оқу мақсаттарына ғана емес, тілдік 
мақсаттарға да қол жеткізуіне көмектеседі. 
Тілдік мақсаттарды белгілеу үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, 
санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, 
сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағамдау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, 
анықтау, негіздеу, келіссөз жүргізу, болжау, өндіру, балама шешім ұсыну, себебін 
түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, 
көшіріп алу, рөлдік ойын ойнау, қорыту, жинақтау және жазу, түрлі мақсатта пайдалану, өз 
сөзімен анықтама жазу, безендіру. 
Оқытуда тілдік мақсаттарға қол жеткізу үшін математика мұғалімдеріне: 
 ауызекі тіл мәдениетн қалыптастыру тәсілдерінің бірі ретінде дауыстап оқу, есеп 
шығару барысын ауызша түсіндіруді пайдалану; 
 кітаппен жұмыс істеуге үйрету, анықтамалық әдебиетті, каталогтар мен картотеканы 
пайдалану, белгілі бір тақырып бойынша әдебиет таңдау, кітаппен өз бетінше жұмыс 
нәтижелерін дұрыс рәсімдеуге, тезистер, конспектілер, әдебиет тізімін құрауға үйрету; 
 математикалық терминдер анықтамаларының дұрыстығы мен нақтылығына аса 
назар аудара отырып, оқушылардың сөздік қорын байыту бойынша, математикалық 
терминологиямен үш тілде таныстыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу; 
кестелерді оқу, құру және салыстыру, диаграмма мен сызбалар, графиктер, 
математикалық модель жасау біліктерін қалыптастыру; 
 диалог, пікірсайыс жүргізу, қажетті дәлел келтіру, қорытынды жасауға жетелеу 
ұсынылады. 
Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде қарастыруға 
болғанымен, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар 
аударуына көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жауап/ шешімге назар аударумен қатар, сол 
жауап/шешімді іздеу үшін қолданылатын үдерістерге назар аударылуын теңдестіруге 
көмектесе алады. Атап айтқанда, осы үдерістерге баса назар аудара отырып, тілдің барынша 
нақты қолданылуын және ойлау әрекетін жақсартуға болады. 
Пән бойынша оқу мақсаттарының басым көпшілігі пәннің мазмұнына бағдарланады 
және кем кемдегенде бір оқу мақсаты тіл дамытуға бағытталуы тиіс. 


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
бекіту туралы
Жалпы ережелер
арналған әдістемелік
болып табылады
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Қысқа мерзімді
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
білім берудің
рсетілетін қызмет
бағалаудың тапсырмалары
тақырыптық жоспар
атындағы жалпы
пәнінен тоқсанға
пайда болуы
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
пәнінен тоқсан
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі