Білім беру бағдарламасы игерілу мерзімі 2016-2020 жылдар Мектеп директорының «1» қыркүйек 2016 №1-03/197 бұйрығымен бекітілді және

Loading...


Дата18.10.2020
өлшемі75.48 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы
«Павлодар қаласының № 40 жалпы орта білім беру мектебі»

мемлекеттік мекемесі


27.08.2016 жылғы педагогикалық кеңес отырысында № 12 хаттама ҚАБЫЛДАНДЫ




БЕКІТЕМІН

Павлодар қаласының

40 ЖОМ директоры



________ Л. Задубняк


Павлодар қаласының № 40 ЖОМ

«Мектеп бәріне ортақ» инклюзивті білім берудің

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Игерілу мерзімі 2016-2020 жылдар

Мектеп директорының

«1» қыркүйек 2016 №1-03/197

бұйрығымен бекітілді және

қолданысқа енгізілді

Павлодар қ, 2016 ж.

«Мектеп бәріне ортақ»

инклюзивті білім беру

бағдарламасының

ПАСПОРТЫ


Бағдарламаның атауы

«Мектеп бәріне ортақ» инклюзивті білім беру

Бағдарламаны даярлаушы

«Павлодар қаласының № 40 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі

Мектептің заңды мекенжайы – 140017, Павлодар а., Береговая к, 60/1.

Мектептің электронды мекенжайы - 40 school@mail.ru.

Мектеп директоры - Задубняк Любовь Владимировна

Бағдарламаның игерілуіне жауапты - инклюзивті білім беру бойынша ДОТІО Ережепова Бибігүл Махметқызы


Бағдарламаның игерілу мерзімі

2016 жылғы қыркүйек – 2020 жылғы мамыр

Бағдарламаның мақсаты

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар, мүгедек балалар үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етудің құралы ретінде инклюзивті тұрғыдан даярлау және жүзеге асыру.

Бағдаламаның міндеттері

1. Мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін арнайы жағдай жасау

2. Білім беру кезеңдерінің сабақтастығы жағдайында мұмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға жеке қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

3. Білім беру мекемесінде қосымша білім алуға мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың кіруін қамтамасыз ету

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүгедек балаларға мектеп және қалалық қоғамдастықтың толеранттық көзқарасын қалыптастыру.



5. Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаларға көмекті үйлестіру үшін қоғамдық ұйымдармен, әлеуметтік қорғау және медицина ұйымдарымен әлеуметтік серіктестікті дамыту

Бағдарламаның күтілетін нәтижесі

Бағдарлама:

1. Қолжетімді сапалы білім алу үшін бұқаралық мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі, сонымен қатар мүгедектігі бар балаларға бейімді білім беру ортасын құру.

2. Қоғамда баланың әлеуметтену процестерінің әлеуметтік-гуманитарлық қолдау көрсетудегі негізгі бағыттарын қамтамасыз ету.

3. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі, сонымен қатар мүгедектігі бар балаларды олардың физикалық статусына сәйкес келетін қосымша білім беру формаларымен қамтамасыз ету.

4. Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалардың әлеуметтік белсенділігін және өзін-өзі игеру деңгейін арттыру.

5. Мүмкіндіктері шектеулі және мүгедектігі бар балаларға қоғамның толеранттық көзқарасын қалыптастыру процесін қамтамасыз ету.

6. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасында серіктестік орнату, қызметті үйлестіруді және кіріктіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Түсіндірме жазбахат

Денсаулығы әлсіз және мүгедек балаларға білім беру мәселесі бүгінгі күні көкейтесті болып табылады және тиісті назар аударуды талап етеді. Себебі жыл сайын психикалық, ақыл-есі, физикалық дамуында туа біткен, жүре пайда болған ақаулықтары бар балалар саны арта түсуде.

Қазақстан Республикасының Заңнамасында адам құқықтары саласында халықаралық құжаттарға сәйкес барлық балалардың білім алуға тең құқылы екендігі қарастырылған. Балалардың білім алу құқығы кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсету туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы» Заңдарында бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметі «2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған.

Мектебімізде инклюзивті білім алу санатына жататын оқушылар, яғни мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар білім алуда. Сол себепті біздің тарапымыздан «Мектеп бәріне ортақ» бағдарламасы әзірленіп, қазіргі күні игерілуде. Аталған бағдарламада ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бағыттары көрсетілген. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің тиімді формасы болып табылады. Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар өз құрдастырымен кәдімгі жалпы орта білім беру мектебінде оқуға мүмкіндігі болады. Және олардың ұжымына мүше болып кіреді, өз мүмкіндігіне сай дами алады, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысу құқығына ие болады.

Біздің бағдарлама инклюзивті сынып жағдайында дамуында кемістіктері бар балалар мен мүгедек балалардың білім алуына болжамдала жасалған. Инклюзивті сынып – бұқаралық жалпы орта білім беру мектебі жағдайында дамуында ақаулықтары бар және мүгедек балалардың өзі қатарлас балалармен бір сыныпта оқуына болатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың бір формасы. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың аталған формасы жеке оқытуға қарағанда басымдау болып табылады.

Инклюзивті сыныптарды құруда табысты инклюзивті білім берудің ішкі жағдайларын ескердік:

• ата-аналардың баланы дені сау балалармен оқытуға ниет білдіруі, оқыту үдерісінде оларға көмектесуге дайындығы және тырысуы;

• мүмкіндігі шектеулі балаға білікті көмек көрсетуге мүмкіндіктердің болуы;

• кіріктірілген оқытудың вариативтік модельдерін игеру үшін жағдай жасау.

сонымен қатар табысты инклюзивті білім берудің ішкі жағдайлары:

• жас ерекшелігі нормасына немесе оған жақын деңгейге сай келетін психикалық және сөйлеу дамуының деңгейі;

• даму деңгейі қалыпты қалыпты балаларға қарастырылған мерзімде жалпы орта білім беру стандартын меңгеру мүмкіндігі;

• инклюзивті сыныпта оқытуға баланың психологиялық дайындығы.

Инклюзивті сыныптарды құрған кезде ПМПК ұсынымдары бойынша бір білім беру бағдарламасы бойынша оқытылуға тиіс дамуында ақауы бар балаларды, мүмкіндігінше, бір сыныпқа біріктіру қажет.

Мүгедек балаларды жалпы білім беретін сыныптарда білім алуға бейімдеу кезеңі 2015-2016 жылы мектепте жабдықталған арт-терапия кабинетінде, білім беру мекемесінде және одан тыс жерлерде өткізілген сыныптан тыс шараларда өтті.

2014 жылы мектебіміз «Мектеп – денсаулық аумағы» атты қалалық сайысқа инклюзивті білім берудің «Мектеп бәріне ортақ» бағдарламасымен қатысып, жеңімпаз атанды. Біз инклюзивті мектеп артықшылықтарын түсіндік, бұлар:

-тәжірибе алаңы мәртебесін алу;

-түрлі ғылыми және қоғамдық ұйымдар, басқа әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық құру;

-мектепті және мектептің жеке шараларын қосымша қаржыландыру;

-мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балаларды мектеп қызметінің барлық саласына кіріктіру, бұл арқылы мектептің қала бойынша бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

-даму деңгейі қалыпты балалардың мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген толерантты көзқарасын қалыптастыру;

- мүмкіндіктері шектеулі және мүгедектігі бар балаларға қоғамның толеранттық көзқарасын қалыптастыру процесін қамтамасыз ету.

Инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыру барысында мүмкіндіктері шектеулі балалардың сұраныстары мен қажеттіліктерін өтей алатын оқытуды ұйымдастыру мәселелерін шешуіміз керек. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың қоғамда өз орнын тауып, бейімделуі, қоғамның толыққанды азаматы болып қалыптасуы біз үшін өте маңызды. Мектепте әр бала, соның ішінде мүгедек бала да мекеменің білім беру және әлеуметтік өміріне қатыса алатындай орта қалыптастыру керек, бұл баланың табысқа жетуіне, өзінің қауіпсіздігін және қатарластар ортасында өз маңыздылығын сезінуіне мүмкіндік береді.

Мектеп оқушылары ұжымының 11%-ын мүмкіндіктері шектеулі балалар құрайды, сондықтан осындай балалар үшін арнайы жағдай жасау қажет. Мектепте түзету сыныптарында білім алатын мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсетудің мол тәжірибесі бар болғанына қарамастан, түзету сыныбы жағдайында балаларға білім беру нәтижелері біздің және ата-аналардың көңілінен шықпайды. Бар тәжірибені жүйелеп, ортаға салу арқылы бұл санаттағы балалар жалпы білім беру сыныбында оқытылып, қосымша жағдай жасалса, олардың оқытылуы мен әлеуметтену табыстылығы арта түсер еді деген болжамға келдік. Бұл біздің Инклюзивті білім беру бағдарламасын құрып, инклюзивті сыныптарды ашуымызға түрткі болды.

Инклюзивті білім беру бағдарламасы - мүмкіндігі шектеулі балалардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіне көмек көрсетуге бағытталған кешенді бағдарлама.

Бағдарлама мүмкіндіктері шектеулі балалардың дене және психикалық кемшіліктерін түзетуге және бұл санаттағы балалардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіне көмек көрсетуге бағытталған.

Төмендегі нормативтік құжаттар инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық және және құжаттық негізі болып табылады:

Республикандық деңгейде:


  1. «Бала құқығы туралы» БҰҰ-ның Конвенциясы

  2. 2003 жылғы 20 желтоқсандағы «Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктеді қамтамасыз етудің стандартты ережелері» БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы

  3. «Мүгедектер құқығын қорғау» Конвенциясы

  4. Қазақстан Республикасы Конституциясы

  5. 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 «Бала құқығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы

  6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы

  7. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау көрсету туралы» заңы

  8. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

  9. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы Білім берудің арнаулы ұйымдары іс-әрекетінің үлгілік ережелері.

  10. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) сыныптары туралы.

  11. «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат

Жалпы білім беру мекемесі деңгейінде:

  1. Психологиялық қызмет туралы Ереже

  2. Білім беру мекемесінің логопедтік пункті туралы Ереже

  3. Әлеуметтік қызмет туралы Ереже

  4. Мектеп Консилиумы туралы Ереже

Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады:

  1. Білім беру үдерісі жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді психологиялық-медикалық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесі.

2. Білім беруді ұйымдастыру.

3. Балалар дамуының динамикасы, олардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіндегі табыстылығына мониторинг жасау, түзету шараларын толықтыру.

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларын сипаттау.

5. Сабақ, сабақтан тыс және мектептен тыс іс-әрекет бірлігінде қамтамасыз етілуге тиіс отбасы және қоғамның басқа институттарына қатысы бар білім беру мекемесі мен басқа ұйымдардың мұғалімдері, түзету педагогикасы саласындағы мамандар, медициналық қызметкерлердің түзету шараларын жасап жүзеге асыруда өзара әрекет ету механизмі.



  1. Түзету жұмысының нәтижелілігі мен тиімділігінің көрсеткіштері.




  1. Білім беру үдерісі жағдайында мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кешенді қолдау көрсету жүйесі.

Жалпы білім беру мекемесінде білім беру мекемесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі (психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум) мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсетудің маңызды тетігі - болып табылады. Қолдау қызметі (мектеп консилиумы) – даму деңгейі қалыпты және мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі мен дамуына оңтайлы жағдай туғызып, олардың табысты әлеуметтенуіне және қоғамға сіңісуіне ықпал ететін білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі.


Үлгерімді кезеңдік қадағалау, пән мұғалімдеріне ұсынымдар беру

ПМПК қорытындысы

қорытындысы

Медициналық қолдау

Әлеуметтік педагог




Отбасы (ата-аналарға кеңес беру)




Диагностика




Жеке түзету бағыттары







Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар бала

Педагог-психолог

Жұмыс бағдарламаларын түзету

Логопед мұғалім

Тәуелсіз педагог

Оқытудың келесі кезеңіне көшу кезіндегі межелі қадағалау

Білім беру мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық қолдау көрсетіп, баланы оқыту мерзімі бойы қадағалайтын қызмет құрылды.

Қолдау қызметінің құрамына төмендегідей мамандар кіреді:

- педагог-психолог,

- әлеуметтік педагог,

- медициналық қызметкер,

- сынып жетекшілері.

Баланы кешенді зерттеу, баланың ең адекватты проблемаларын, жұмыс әдістерін таңдау, балалардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып білім беру мазмұнын іріктеу мектептің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумында жүзеге асырылады.

Мектепте оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің мақсаты – баланың толыққанды дамуына жағдай жасау, оны әлеуметке (социумға) табысты сіңісуін қамтамасыз ету.

Оқушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге мыналар енеді:



  • тұлғаның когнитивті-танымдық ерекшелігін диагностикалау, педагогикалық байқаулар;

  • тұлғаның дамуына, оқыту табыстылығына қолайлы әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;

  • балаға нақты психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту процесін ұйымдастыру медициналық-педагогикалық және педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Әр оқушыға психологиялық-педагогикалық карта толтырылып, оқыту мерзімі бойы жүргізіледі, бұнда оқушы тұлғасы дамуының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, педагогикалық және психологиялық диагностика нәтижелері, ұсынымдар енгізіледі.

Оқыту мерзімінде қызметтің негізгі бағыттары болып табылады:

1. Оқушылар тұлғасының танымдық, мотивациялық және эмоционалдық-еріктік жақтарын (өрісін, аясын) диагностикалау.

2. Аналитикалық жұмыс.

3. Ұйымдастыру жұмысы ( білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына бағытталған мектептің бірыңғай өрісін құру - мектепішілік психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум, үлкен жіне кіші педагогикалық кеңес, оқыту семинарлары, әкімшілік, педагог, ата-аналармен кеңестер өткізу).

4. Педагогтар, оқушылар және ата-аналарға кеңес беру жұмыстары.

5. Алдын алу жұмыстары (тұлғааралық өзара әрекет мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру).

6. Түзету-дамыту жұмыстары (мектепке бейімделуде қиыншылық көретін оқушылармен жеке және топтық жұмыс).

Мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді психологиялық-педагогикалық қолдаудың кешенді технологиясы және бала мен ата-аналарға түрлі сала мамандары тарапынан дамыту, оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтендіру мәселелерін шешудегі көмек ретінде қарастыруға болады.

Білім беру мекемесіндегі мүмкіндіктері шектеулі балалардың тиімді интеграциялауын қамтамасыз етуде бұл санаттағы балаларға арналған білім беру үдерісінің ерекшеліктері туралы білім беру үдерісінің барлық қатысушылары – оқытылушылар (дамуында кемшілігі бар балалармен қатар, кемшілігі жоқ балалар), олардың ата-аналары (заңды өкілдері), педагогикалық қызметкерлермен ақпараттық, ағарту, түсіндірме жұмыстарын өткізудің маңызы зор.



2. Оқытуды ұйымдастыру.

Мүмкіндігі шектеулі баланың білім беру және оңалту маршрутын, сондай-ақ оның білім беру ортасына интеграциялау формалары мен деңгейін таңдау мәселесі баланың дамуы мен мүмкіндіктері ескеріліп, психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумда, оның ата-аналарының (заңды өкілдерінің) тікелей қатысуымен шешіледі. Балалар үшін дербестілігін біртіндеп ұлғайтуға, өз іс-әрекетін ересек адамның көмегіне жүгіндіруге, оқушылардың өз күшіне деген сенімін ұялататын тәжірибешілік немесе жеңілдетілген тапсырмаларға көшуге бағытталған түзету-дамыту жұмысы жоспарланады,

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін жұмыс формалары

1. Оқушылармен жеке және топтық түзету жұмыстары.

2. Үйде оқыту

3. Сабақтан тыс іс-әрекет.

Жобалау іс-әрекеті мен түрлі бағыттағы үйірме жұмыстары оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жобалау қызметіне қатыстырудың маңызы зор, себебі түрлі еңбек, шығармашылық іс-әрекет арқылы олардың өз мүмкіндіктерін ашуына жағдай жасап, социумға енуіне көмектеседі. Жобалау қызметі оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің көрінуіне ықпал етеді: жеке адами құндылықтарын көрсетеді, адамдарға, іске, еңбек нәтижелеріне деген нақты қатынасы көрінеді.

Мектепішілік шараларды ұйымдастыру кезінде дені сау балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да қатысуы көзделеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар денсаулығындағы ақаулықтарының қандай деңгейде көрініс тапқанына қарамастан, олар басқа балалармен қатар тәрбие, мәдени-сауықтыру, спортттық шараларға қатыстырылады.


  1. Балалар дамуының динамикасы, олардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіндегі табыстылығына мониторинг жасау, түзету шараларын толықтыру.

Балалар дамуының динамикасы, олардың негізгі және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіндегі табыстылығына мониторинг жасау, түзету шараларын толықтыруды мектептің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум жүзеге асырады. Ол оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Мониторингілік іс-әрекет мыналарды көздейді:



  • мүмкіндігі шектеулі балалар дамуының динамикасы мен жеке түзету-дамыту бағдарламаларының тиімділігін қадағалау;

  • түзету-дамыту жұмысын перспективтік жоспарлау. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум нақты оқушылармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыс жоспарының орындалуын талдайды, оқытудың келесі кезеңі үшін ұсынымдар береді.

Мектеп консилиумының келесі мақсаты – оқу-тәрбие процесінде балалардың танымдық әрекетін арттыратын, олардың ой және сөйлеу саулығын жоғарлататын, денсаулығын сақтап, нығайтатын, оқу әрекетін қалыпқа келтіретін, эмоциялық-тұлғалық дамудың теріс тенденцияларының алдын алатын жалпы түзету бағыттылығын қамтамасыз ететін дифференцияланған педагогикалық жағдайларды таңдау

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларын сипаттау.

Дамуында кемістігі бар балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие және түзету жұмысының ерекшелігі жалпы үлгідегі білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымынан интеграциялық білім беруді қамтамасыз ететін арнайы дайындықты қажет етеді.

Білім беру мекемесінің педагогикалық қызметкерлері түзету педагогикасы мен арнайы психология негіздерін білуі тиіс, мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық және дене дамуының ерекшеліктері, осындай балаларға білім беру және оңалту әдістемелері мен технологиялары туралы нақты түсінігі болуы тиіс,


Осыған орай мектепте мүмкіндігі шектеулі балалармен тәрбие және түзету жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс атқарылуда.
Бағдарламаны басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы

Бағдарламаны тиімді басқару мақсатында ұйымдастырушылық-функционалдық құрылым жасалды:



  1. Білім беру мекемесінде инклюзивті білім беруді ұйымдастырып енгізу бойынша шығармашылық проблемалық топ құрылды.

  2. Мұғалімдер үшін даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары жоспарланды.

  3. Эксперименталдық топ жинақтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

  4. Жаңа әдістемелік және оқу әдебиеттерін сатып алу жоспарланды.

Модельді жүзеге асыруға қатысатын барлық тарап іс-әрекеттерін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында проблемалық топ құрылды, бұның құрамына: мектеп директоры, мектептегі инклюзивті білім беруді үйлестіретін директор орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-психолог, медбике кіреді.

Кеңес жұмысының ұйымдастырушылық және аналитикалық қамтамасыз етілуін инклюзивті білім беруді үйлестіретін мектеп директорының орынбасары жүзеге асырады. Проблемалық топ құрамын мектеп директоры бекітеді.



Бағдарламаның жүзеге асырылуын қадағалау

Бағдарламаның жүзеге асырылуын әдістемелік кеңес басқарады, ол төмендегідей қызметтерді атқарады:



  • аралық нәтижелерді және оның жалпы жүзеге асырылу барысын бағалайды;

  • бағдарламаны орындау тәртібі, жеке бағдарламалар мен жобаларды енгізу, алып тастау туралы ұсыныстар дайындайды, мақсаттық көрсеткіштерді нақтылайды;

  • жалпы басқару мен бағдарламаның жүзеге асырылу барысын қадағалауды іске асырады;

  • бағдарламаның қаржылық қамтамасыз етілуі мен оның барлық қатысушыларына қолдау көрсетуді іске асырады (ұсыным түрінде).


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...