Білім беру бағдарламасы: «Құқық және экономика негіздері»



Дата24.12.2021
өлшемі15.81 Kb.
#148217
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
НПА СӨЖ-эссе


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Факультет: «Жаратылытану және ақпараттандыру»

Білім беру бағдарламасы: «Құқық және экономика негіздері»

Пән: «Орта білім беру аясында нормативтік құқықтық актілер мен іс қағаздар жүргізу»


ӨСӨЖ

эссе:


«Қазіргі білім саласындағы өзгерістер заманындағы мұғалімнің орны»


Орындаған: Бейсенбаева Мадина Аманжоловна

Тобы: МИ-21

Тексерген: Бошыбаев Тұрғынбек Балғабайұлы

Арқалық, 2021

Қазіргі білім саласындағы өзгерістер заманындағы мұғалімнің орны
Жоспар:

  1. Қазіргі білім саласындағы басты мақсат.

  2. Мұғалімнің бүгінгі қоғамда жас ұрпақтың  қалыптасуына қосатын үлесі.

  3. Қазіргі білім саласындағы өзгерістер заманындағы мұғалімнің орны.

Қазіргі заманда өзгерістерге толы білім саласындағы басты мақсат – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, ал жан-жақты дамыған, зерделі, парасатты азамат тәрбиелеуші, барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі – мұғалім.

Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі – шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Қазіргі техниканың дамыған заманында оқушыға берілетін білім де сол техникалармен байланысты болу керек деген ойдамын.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Ендеше білім алуға құштар жанды шабыттандыру нағыз ұстаздың, ұлы ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті, болашағы.



Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын идеялық-адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар, әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс. Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық, пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технологияларды пайдаланады. Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс. Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый-құрметіне бөленбек.

Мұғалім бүгінгі қоғамда жас ұрпақтың  тәрбиесіне, жаңа және озық технологиялардың дамуына, қоғамның прогрессивті дамып, қалыптасуына үлкен үлес қосуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру – бүгінгі ұстаздардың басты борышы.

Бүкіл қазақ халқының арманы – отыз елдің қатарына ену, дамыған мемлекеттермен терезесі тең болу. Осы орайда дамудың биігінен көрінгісі келген кез-келген мемлекет ең алдымен білім беру сапасын жолға қойып, санасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше бәсекеге қабілетті, рухы мықты, сенімі күшті өскелең ұрпақ тәрбиелеу – мұғалімнің қолында. Адам тәрбиелеу – жауапты міндет. Ол міндетті атқарушы – мұғалім.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді