Жобалық тәсіл. Оқу жобасы – білім алушылардың немесе білім алушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық мәселені шешулеріне бағытталған оқу-танымдық қызмет. Ортақ мақсатпен, әдістер мен әрекеттердің үйлесімділігімен, мәселенің кеңейтілген шешімімен сипатталады. Жобалық тәсілдің элементтерін пайдаланғанда білім алушы өз алдына мәселені қойып, оны шешудің жолдарын жеке өзі іздестіреді. Жобалық тәсілді пайдалану кезінде ұжымдық, топтық жобаларды әзірлеу бойынша білім алушылардың қызметін ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстар тек сабақтың сағаттарымен шектелмейді, сондықтан сабақтан тыс қызметпен интеграциясы да қатар жүреді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдаланудағы құзыреттілік АКТ-ның негізгі дағдыларына негізделген және жұмысқа, бос уақыт пен коммуникацияға арналған технологияны дұрыс және креативті қолдануды қамтиды. Оқушылар ақпаратты іздеп, жасап және онымен жұмыс істеп, ақпараттар мен идеялармен серіктесе және алмаса отырып, онымен қатар өзінің жұмысына баға беріп, жетілдіріп, жабдықтар мен бағдарламалардың кең тарапын қолдана отырып, барлық оқу пәндерін меңгеру барысында АКТ бойынша біліктіліктерін дамытады.
Кейс-стади – бұл мысалға немесе зерттеуге, бизнес ойынға талдау жасау.Кейс-стадиді пайдалану барысында топтық сауалнамадағы оқушылар кейс-мәтіннің мәселесін анықтайды, жағдайға баға береді, оқиғаға немесе үрдіске талдау жасайды, өздерінің шешімдерін ұсынады. Кейс-стадиді пайдалану: – жүйелік, корреляциялық, факторлық, статистикалық және өзге де талдау түрлерін қалыптастыруға ықпал етеді; – оқушылар жұмысының қосымша нұсқаларын ұсынады; – пікірталастарды, «ми шабуылын», ғылыми дауды, негізгі, бірақ шешімдері бойынша айырмашылық жасайтын дебаттарды әзірлеу мен өткізуді ұсынады. Кейс-стадиді қолданған кезде оқытудың негізгі бағыты дайын білімді меңгеруге емес, оны жетілдіруге, студенттердің теориялық білімдерін практикалық мәселелерді шешуде қолдану дағдыларын дамытуға, студенттер мен оқытушыларды біріктіруге ерекше назар аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |