6) Құзіреттілікті тәсіл. Құзіреттілікті тәсілдің мақсаты – мәліметтердің мөлшерін меңгеру емес, оқушыларға өз мақсаттарын анықтауға, шешімдерді қабылдауға және стандартты емес жағдайларда әрекет етуге мүмкіндік беретін біліктіліктерді меңгеру. Құзіреттілікті тәсілдің басты тапсырмасы – оқушылардың бастамаларды көтеруге және дербестікке мотивацияларын туғызу. Ол білім алушылардың әрқайсысы жеке қызығушылықтарын жүзеге асыруға және жеке өзіндік қызметті ұйымдастыруға ықпал етеді. Құзіреттілікті тәсіл білім алушылардың бьілімдер мен біліктіліктерді жеке-жеке емес, кешенді түрде меңгеруін ұсынады.
7) Жүйелік тәсіл студенттердің өз бетінше оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға негізделген, әмбебап оқыту іс-шаралары жүйесін қалыптастыру және дамыту мүмкіндігін береді. Ол оқу үрдісін өзіндік оқыту, өзіндік даму, өзіндік ұйымдастыру режимінде ұйымдастыру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Жүйелі тәсіл сонымен қатар курстардың бөлімдерін жеке емес, өзара байланыстырып оқытуды ұсынады.
8)Коммуникативті тәсіл. Оқытудың коммуникативті тәсілі – бұл екі немесе одан да көп адамның сөйлесу үдерісінде ақпарат беру және хабарлау, білімдермен, дағдылармен және қабілеттермен алмасу. Коммуникативтік тәсілдің нәтижесі – қарым-қатынастың басқа қатысушыларымен өзара әрекеттесу үрдісінде тілмен қарым-қатынас жасау, тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалану және қарым-қатынас жағдайына сәйкес келетін коммуникативтік мінез-құлықты таңдау мүмкіндігі. Оқу үрдісінде коммуникативті тәсілге сәйкес қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға және нақты қарым-қатынас шарттарына (жұптық және топтық жұмыс) сәйкес келетін жұмыс режимдерін қалыптастыруға көмектесетін міндеттер қолданылады.
9) Интеграциялық тәсіл. Интеграциялық тәсілмен оқу үрдісі студенттердің бірнеше түрлерін және студенттерді дамытудың әртүрлі тәсілдерін біріктіру қағидасына негізделеді. Интеграциялық тәсіл қозғалмалы белсенділік қызметінің көптеген түрлерін қамтиды: физикалық жаттығулар, үзілістерді ауыстыру, театрландырылған ойындар. Интеграциялық көзқарас студенттердің сөздік қорын қалыптастыруға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға; эстетикалық талғамды дамытуға, өнер туындыларын түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |