Зерттеушілік тәсіл: – академиялық таным процесінің барлық кезеңдерінде (қабылдаудан практикалық қолданысқа дейін) ғылыми-зерттеудің жалпы және жеке әдістерін енгізу; оқу ішіндегі және оқудан тыс ізденімдік-шығармашылық қызметті ұйымдастыру. Зерттеушілік амал «мұғалім – оқушы» қарым-қатынасының сипатын өзгертуге, сондай-ақ танымдық қызығушылықты арттыруға, оқу мен білім алуға деген оң мотивацияны арттыруға, терең, күшті және тиімді білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Зертеушілік амалды пайдалану тұлғаның интеллектуалдық саласын дамытуға, өзіндік білім алу қабілеттері мен біліктіліктерін қалыптастыруға, яғни белсенді танымдық қызметтің әдістерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқытудың құндылыққа-бағытталған тәсілі – бұл нақты құндылықтар тарапынан оқу қызметін ұйымдастыру және орындау, оның нәтижелерін алу және пайдалану әдісі. Құндылыққа-бағытталған оқу үрдісі білім алушының құндылықтар жүйесін мақсатты түрде қалыптастырады. Құндылық бағыттары – бұлар тұлғаның өз қызметінде бағдар ретінде нақты құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарға бағдар алу) қабілеті (қасиеті), сондай-ақ оларды жеке әлеуметтік құндылықтары ртеінде түсініп қабылдай алуы. Құндылықтарды жүзеге асыру құндылықтардан басталатын талаптарды орындаудан және күнделікті өмірін осы талаптарға бағындырудан тұрады. Құндылықтардың маңыздылығы нақты қоғамның сәтті тіршілігі үшін қажет нормаларын,әдеттерін, өмір салтын, мінез-құлық стилін қалыптастыру саласында көрініс табады.
Тұлғаға-бағытталған тәсіл. Тұлғаға-бағытталған бағдарлаудың мақсаты – білім беру үдерісін жеке-дараландыру, оқушының жеке басын үйлесімді түрде қалыптастыру және толығымен дамыту, әлеуетін ескере отырып, оның психикалық және физикалық дамуының жеке ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мінез-құлқының себептерін ескере отырып, шығармашылық күштерін толық ашу.
Әрекетшілдік тәсіл. Әрекетшілдік тәсілде білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі іздестіреді, өзінің оқу қызметінің мазмұны мен формасын ұғынады, оның нормаларының жүйесін түсінеді және қабылдайды, бұның нәтижесінде оның білімдері, оқу дағдылары мен біліктіліктері және кең ауқымды біліктіліктері белсенді және сәтті түрде қалыптасады. Білім алушылардың әрекеттері «білу», «түсіну», «қолдану», «талдау», «бағалау», «синтездеу» сияқты категориялар бойынша топтастырылған.
5) Дифференциалды тәсіл студенттердің әртүрлі топтары үшін білім беру үдерісінің мамандануын, студенттердің сипаттамаларын ескеру үшін түрлі топтарға түрлі оқу жағдайларын жасауды қамтиды. Дифференциалды тәсіл пәнді оқытудың арнайы құрастырылған құралдарының және әрекетті дифференциалдаудың тәсілдерінің көмегімен оқытылатын түрлі топтардың оқу қызметін ұйымдастыруды құрайды. Дифференциалданған жұмысты ұйымдастырудың шартына күрделілігі бойынша, танымдық қызығушылықтары бойынша, мұғалімнің тарапынан көмек бойынша бөлінетін дифференциалданған тапсырмаларды ұйымдастыру жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |