Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі
Қайта Даярлау және Біліктілікті Арттыру Орталығы
Педагогикалық кадрлердің біліктіліктерін арттыру курстарының аясында
«Жалпы білім беру мектебі педагогының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру»
білім беру бағдарламасы бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛ
Модуль II
Алмаы 2019 ж.
1-күн
1-дәріс. Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға білім мен ғылымды дамыту бойынша 2016 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің №205 Үкімімен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес білім сапасын арттыру бойынша негізгі жұмыс бағыттарына білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын үздік білім беру ресурстары мен технологияларымен қамтамасыз ету; оқушылардың жылдам өзгеріп жатқан әлемдегі табыстылығын қамтамасыз ететін білімді алу қажеттіліктерін қанағаттандыру; жалпы білім беру мектептерінде Қазақстан Республикасының интеллектуалды, физикалық және рухани дамыған азаматын қалыптастыру жатады. Бүгінгі күні білім беру іргелі реформалардың қатарына еніп, олардың негізін түбегейлі жаңа ойлау құрайды.
Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның 16 білімдері мен біліктіліктерін атап көрсетті. Олар:
Топта жұмыс істеу біліктіліктері;
Көшбасшылық қасиеттер;
бастамашылық;
IT-құзыреттілік;
Қаржылай және азаматтық сауаттылық және т.б.
2017-2018 оқу жылы 2, 5, 7 сыныптар білім берудің жаңартылған мазмұнына өтеді. Ғаламдық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептік білім беру мазмұнын жаңартудың жеделдетілген шапшаңдығын талап етеді. 2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8, 10 сыныптар жаңартылған мазмұнға өтеді. 2019-2020 оқу жылы – 4, 9, 11 сыныптар ауысады.
Функционалдық сауаттылық деп – мектепте игерілген білімдерді, дағдыларды, біліктіліктерді (БДБ) адамзат тіршілігінің әр түрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық араласу мен әлеуметтік қарым-қатынастарда өмірлік кең ауқымдағы тапсырмаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі айтылады. Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың аясында бағаланатын функционалдық сауаттылықтың түрлері: оқу сауаттылығы (қазақ және орыс тілдері), математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, география).
Жаратылыстану сауаттылығы – қоршаған ортаны және оның тіршілігіне адамның тигізетін өзгерістерін түсіну үшін, сонымен қатар сәйкес шешімдерді қабылдау үшін жаратылыстанудың ғылыми білімдерін пайдалану, мәселелерді анықтау жән негізделген қорытындыларды жасау қабілеттілігі.
Үй жұмысын орындауға кететін уақытты (бір оқу күніне) ескере отырып, үй жұмысы көлемі бойынша нормативтер өзгертілді. Үй жұмысын орындауға 2 сыныпта 50 минут, 3-4 сыныптарда 70 минут, 5-6 сыныптарда 90 минут, 7-9 сыныптарда 110 минут, 10-11 сыныптарда 130 минуттан аспауы қажет.
Білім беру ұйымдары жеке өздері қашықтық білім беру технологиялары (одан әрі – ҚББТ) бойынша білім беру үрдісін жүзеге асыра алады. Білім беру үрдісін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігімен 2016 жылы 22 қаңтардағы №61 Бұйрығымен бекітілген экстернат формасында оқыту Ережелерімен регламенттеледі.
1-кесте – оқу үрдісін және мектепішілік бақылауды жүзеге асыру нормативтері
№
|
Бақылау объектілері
|
Норма
|
1
|
Сабақтарға және сабақтан тыс іс-шараларға қатысу және талдау жасау
|
Айына 8-10 сабақ (директор меңгерушілері үшін)
Айына 2-3 сабақ (мектеп директоры үшін)
|
2
|
Сынып журналдарын тексеру
|
Тоқсанына 1 рет
|
3
|
Оқушылардың күнделіктерін тексеру
|
Тоқсанына 1 рет
|
4
|
Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру
|
Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет
|
5
|
Оқушылардың жеке істерін тесеру
|
Жылына 2 рет (сынып жетекшілері үшін)
|
6
|
Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру
|
Жылына 2 рет
|
Білім беру қызметін ұйымдастыруда жалпы білім беретін ұйымдарға бағытталуы тиіс нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында (http://www.adilet.gov.kz) «ӘДІЛЕТ» ақпараттық-құқықтық жүйесі» блогында (http://adilet.zan.kz) орналастырылған.
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жүйелік-әдістемелік кешенін (ЖӘК) әзірледі, ол НЗМ-нің веб-сайтында (smk.edu.kz сілтемесі бойынша ашылады) көрсетілген.
Жаңартылған мазмұнға ауысу кезінде келесі тәсілдер ұсынылады:
Достарыңызбен бөлісу: |