М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Бекітемін
Физика-математика
факультетінің деканы
_________ Абулкасова Д.Б.
____.____. 20___
Физика-математика факультеті
Математика кафедрасы
6B01502 МАТЕМАТИКА –ФИЗИКА
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҮШІН
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДЫҢ
КЕШЕНДІ ЕМТИХАНДАР БАҒДАРЛАМАСЫ
Орал, 2023 ж.
Дайындағандар:
Математика кафедрасы:
1. Жумагалиева А.Е.
2. Маутеева С.М.
3. Орлова Л.Г.
4. Айтенова Г.М.
5. Узакбаева Г.А.
Физика кафедрасы:
К.ф.-м.н., профессор Кузьмичева А.Е.
К.п.н., доцент Кусаинов Р.
Ст.преп. Имангалиева Б.С.
Ст.преп. Кадырова Г.М.
Математика -физика білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихандарының бағдарламасы математика кафедрасының отырысында қаралды
202__ ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі Маутеева С.М.
Физика-математика факультетінің академиялық кеңесінің отырысында қаралды
202__ ж. № хаттама
АК төрағасы______________ А.У. Искалиева
Келісілді:
Жұмыс беруші: ___________ _______________________
МО (қолы) (Аты-жөні)
Мазмұны
Түсінік хат……………………………………………………………………….4
Кешенді емтихандардың мазмұны ……….....................………………………5
Бағалау критерилері……………………………………………………………12
Ұсынылатын әдебиеттер ………………………………………………………10
Түсінік хат
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихандарының бағдарламасы:
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III "білім туралы" Заңымен;
2. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына" 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрық; өзгерістер мен толықтырулармен 18.05.2020 жылғы № 207 бұйрық;
3. "Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен", "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен " 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрық; өзгерістер мен толықтырулармен 05.05.2020 жылғы № 182 бұйрық;
4. ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2011 ж. №152 бұйрығымен бекітілген "Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен", 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
5. Академиялық саясатымен28 қыркүйек 2020 ж.;
6. "БҚУ білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларымен.11 Қыркүйек 2020 ж.
сәйкес жасақталды.
Қорытынды аттестаттаудың мақсаты оқыту технологияларын, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканы, дифференциалдық теңдеулерді пайдалану біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары деңгейінде кәсіби міндеттерді орындау үшін математиканың жалпы курсының міндеттерін және стандартты емес міндеттерді шешу болып табылады.
Міндеттері:
математика және физиканың оқыту теориясы және әдістемесі бойынша практикалық және теориялық әрекеттерге байланысты эмпериялық және теориялық білімді, дағдыны қамтитын жеке тұлғаның сапасын қалыптастыру;
математика ғылымының дамуының тарихи тәжірибесін, математикалық білім беру реформаларын, педагогикалық үрдісте математиканың дамуының негізгі фактілері мен заңдылықтарын;
математиканы оқытудың теорияы мен әдістемесін, ақиқатты танудың ғылыми әдістерін; қазіргі кездегі педагогикалық технологияларды білу.
Кешенді емтихандар бағдарламасы жоғары білімнің білім беру бағдарламасына сәйкес еңбек нарығының талаптарына жауап беретін интеграцияланған білім мен негізгі құзыреттіліктерді көрсетеді.
Кешенді емтихан 1 нәтижесінде емтихан алушының меңгеруі тиіс
болашақ мамандарды ғылыми оқытудың фундаменттілігін қамтамасыз ету;
компьютерлік техниканы міндетті және кеңінен қолдану;
зерттеудің физикалық және математикалық әдістерін меңгеруі;
математика саласындағы, сонымен қатар педагогикалық актуалды мәселелерді шешу.
Кешенді емтихан 2 нәтижесінде емтихан алушының меңгеруі тиіс
оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын және тестілеуді қолдану; білікті жаңашыл-мұғалімдердің шығармашылық әдістемелік тәжірибелерін зерттеу; математика және физика пәндері бойынша жаңа конференциялармен, стандарттармен, бағдарламалармен және оқу-әдістемелік оқулықтармен танысу;
болашақ мамандардың өзіндік теориялық және тәжірибелік білімдердің үздіксіз өз бетімен толықтыру.
Кешенді емтихандар алдында білім алушыларға қорытынды аттестаттау бағдарламасына енгізілген мәселелер бойынша консультация беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |