Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет9/26
Дата24.12.2021
өлшемі458.28 Kb.
#148003
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
Дәрістер курсы лексикология

Окказионализмдер (лат. occasionalisкездейсоқ, тосын сөздер) белгілі бір шығармада пайдаланып, контекст арқылы анықталатын, әдеби тілімізге кіру қабілеті шектеулі сөздер, немесе Р.Сыздық және өзге де қазақ ғалымдарының айтуы бойынша тосын сөздер, бір қолданар сөздер. Г.Мұратова окказионал сөздердің ерекшеліктерін былай анықтайды: «Окказионализмдердің мағынасы контекспен тығыз бірлікте әрі үнемі экспрессивті бояу – реңкте болады. Сыртқы формасына, жасалу тәсіліне қарай тіл нормасына үйлеспей жасалады». Ғ.Тұрабаева мақал-мәтелдерге қатысты окказионализм құбылысын кең ұғымда анықтап, оның құрамына контекстік қолданыста кездесетін барлық құрылымдық-семантикалық өзгерістер мен варианттарды кіргізеді. Олар: мақал-мәтелдер құрамындағы лексемалық ауыстыру, мақал-мәтелдердің құрылымын окказионалдық кеңейту және тарылту т.б. [6] Мысалы: Ол қара сөзден қаймақ алатын ділмар тұғын. Осындағы «қара сөзден қаймақ алатын» - «қу бастан қуырдақ ет алатын» деген бұрыннан қалыптасқан белгілі таныс идиомдар негізінде семантикалық құрылым үлгісімен дүниеге келген жеке авторлық қолданыстағы окказионалды фразиологиялық орамдар. Кәрі жүрек көп қуана бермейді. Бірақ әр күн сайын таңертең төсегінен тағы да тірі өргенін көргенде қалай да көңілденеді. Жазушы Ә.Кекілбаев болса «жүрек» емес «кәрі жүрек» деп алуы суреттеп отырған адамның жас адам емес екендігін нақтылай білдіріп тұр. «Тірі өргенін» тіркесі де басқаларда кездеспейтін, тек осы контекске ғана тән жаңа қолданыс. Таңертең малдың орнынан тұрып өріске қозғалуын «мал өрді» деп қолданамыз.

Семантикалық тұрғыда лексикалық мағына екі аспектіде қарастырылады: сигнификативті және денотатты. Лексикалық мағына – сөздерді бір -бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единица) қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс, әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. Ол – сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. Денотат (лат. denotatum белгіленуші) - белгіленуші зат, заттың аталуы. Ол мынадай мағынада қолданылады: 1) референт ұғымын, яғни сөйлеушінің түсінік қабілетіне байланысты санада қабылданған объект ұғымын білдіреді; 2) шындық өмірдегі көптеген объектілердің (заттар, қасиеттер, қатынастар процестердің т.б.) табиғи немесе айырым белгілеріне қатыссыз бір сөз арқылы аталуын білдіреді. Әңгіме бұл жерде лексикалық тіл бірліктерінің денотаты туралы болып отыр. Бұл тұрғыда денотат термині дәстүрлі логикадағы «түсінік көлемі» дегенге сәйкес келеді. Бұл жағдайда денотат сигнификат пен референтке қарама -қайшы келеді. Мәселен, ғылым әлемі дүниесінде қияр, қарбыз сөздерінің денотаттары жидек сөзінің денотатына, кит сөзінің денотаты – аң немесе сүт қоректілер денотатына жатқызылса, ал әлемдік дүниенің қарапайым қабылдануында қияр денотаты - көкөніс сөзінің денотатына, қарбыз денотаты – жеміс сөзінің денотатына, кит денотаты – балық сөзінің денотатына жатқызылады. Кейбір зат атауларының денотаты тұрақты болады, ол бір элементті денотатқа жатады: Ай, Жер, Күн, Шыңғысхан т.б. Денотаттық мағына (лат. denotatum белгілеу, көрсету) – әр түрлі реңк тудыратын үстеме мағынадан тыс сөздің негізгі мағынасы. Айналадағы заттың, құбылыстың адамның сезім мүшелеріне әсер етуіне негізделген, көрнекті, нақты ойлауға қатысты қабылдаудан туындайтын ұғым негізінде қалыптасқан ақиқат дүниенің объективті бейнесі. Мәселен, лақты ешкі дегенде тыңдаушыға өзі көзімен көрген, сезіміне әсер еткен егіз лақ ерткен желіні жер сызған бөрте ешкінің, т.б. бейнесі елестейді. Мұндағы ешкі, лақ деген жалпылама атаулар әр тыңдаушының көрнекі, бейнелі ойлауына байланысты ешкі, лақтың нақты бейнесін беретін белгі, нышандармен (тоқал, ақ, қара, бөрте, желінді т.б.) айқындылық, нақтылық сипат алады. Денотат дегеніміз - белгілі бір сөзді айтқанда, ойымызға оралатын зат (құбылыс) немесе оның ерекше белгілері. Денотат көбінесе сөздің тура (атауыштық) мағынасында сақталады. Сигнификат (лат. significatum белгіленуші) – тілдік таңбаның ұғымдық мазмұны. Сигнификат термині бір мағыналы емес. Гносеологиялық (философиялық таным теориясы) тұрғыдан алғанда сигнификат адам санасындағы қайсыбір денотат қасиеттердің белгісін білдіреді. Демек, «сигнификат» термині екі мағынада қолданылады: 1) санада қалыптасқан құбылыс ретінде заттық ұғымға негізделген психикалық денотатқа қарама-қарсы қойылып қаралады; 2) тілдегі сөздердің номинанты (атауы) ретінде қабылданады. Осы тұрғыда тілдегі сөздер әр түрлі сигнификаттармен денотативті теңдестікте болуы мүмкін. Абстракті, дерексіз ойлау негізінде пайда болатын мағынаны сигнификаттық мағына деп те атайды. Сигнификативтік мағына сөзді ұғыммен, оймен байланыстырады. Мысалы, Балқаш, Ойыл, аққайың, қаратал, шығанақ, ұлар, қосаяқ, бесік, киіз үй, барды, келді, айтты, т.б. деген сөздердің мағыналарына нақтылық, ал өсімдік, өзен, үй жабдықтары, жүру, сөйлеу дегендерге жалпылық, адамгершілік, жолдастық, сыйластық, махаббат деген сөздердің мағыналарына дерексіздік сипат тән. Абстракты лексика ( лат. abstractus дерексіз) – дерексіз мағынадағы зат есім атауларының жиынтығы. Оған бірқатар түбір зат есіммен бірге (арман, қиял, әсер), деректі, нақты мағыналы сөздерден –лық/ -лік, -шылық/ -шілік, ыс/ -іс т.б. жұрнақтар арқылы туып, мағынасы дерексізденген зат есімдер жатады. Мысалы, жақсылық, сұлулық, тіршілік, қиыншылық, дағдарыс. Зерттеу еңбектерде дерексіз сөздер түрінде де кездеседі [3; 8-9] Сөздің затты, құбылысты дәлме-дәл, анық, айқын, даралап көрсетіп атайтын мағынасын нақты мағына, ал типтес заттарды, құбылыстарды жалпылап, жинақтап, дерексіздендіріп атаудан туындайтын мағынаны, сондай-ақ адам санасында қалыптасқан дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздердің мағыналарын дерексіз мағына дейді. Мысалы, алты сан алаш, сансыз көп тіркестеріндегі, сондай -ақ батырлар жырларында кездесетін он сан қол, мың сан әскер түріндегі тіркестерде келетін сан сөзі бұл күндегі «есеп» мағынасында қолданып тұрған жоқ. О бастан сан деген сөз «өте көп, мөлшерсіз көп» деген ұғымды білдірген. Жоғарыдағы тіркестер құрамындағы алты, он, мың сан есімдері де өздерінің тура (номинатив) мағынасын танытпайды, олар да «көп, белгісіз мөлшердегі көп» деген жинақтаушы, дерексіз мағынада жұмсалып тұр. Сонда алты сан алаш - «қаумалаған қарындас», яғни қалың елі, ағайыны артынан ерген қалың жұртшылық, мың сан әскер - «есепсіз көп әскер». Адалдық, жақсылық, басқару, игеру, бағыттау т.б. сөздер де дерексіз мағынаға ие болып тұр. Ал сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз грамматикалық амал тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағына. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы негізінде туады, бұл екеуінің арасында тығыз байланыс бар. Лексикалық мағынамен қатар жарыса қолданылып, оны айқындап, саралап отырады. Әдетте, сөздің бірнеше грамматикалық мағынасы болады. Мысалы, балам деген сөз зат есім, оның ішінде жалпы есім, жекеше, оңаша тәуелденудің 1 жағы сияқты бірнеше грамматикалық мағынаға ие болып тұр. Бірақ бұл грамматикалық мағыналардың бәрі де бала сөзінің лексикалық мағынасы негізінде туып тұр. Сөздің грамматикалық мағынасының пайда болу жолдары, түрлері грамматикада қарастырылады. Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер) мен синтагмалық тіркестердің семантикасын анықтауға болады. Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді: заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориялдық мағына және сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттық тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, меңгеру, септік жүйесі т.б. жатады. Ал категориалдық мағына «субъект – передикат», субъект – объект», «жанды – жансыз», «белгілі – белгісіз», «іс- әрекет–жағдай» т.б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында.

2. Сөз мағынасының дамуы. Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады. Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын, қарау, табыс,табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. бәрі де халықтың бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер. Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы: көне түркі тілінде тон, тары- тек «дәнді дақылдардың бір түрін емес», егін, астық, атаулыны білдірген. Тон-тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге, тарихи «әскер, жасақ» ұғымында да қолданылған. Қарындас – көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасың болмаса», «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздердің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен –саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған; міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.

Сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себепер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Әсіресе сөздің мағынасының сыртқы себептерінің әсері басымырақ екендігі байқалады. Бұлар бірнеше амал тәсілдер арқылы жүзеге асады.

1.Метафора: Өмірдегі зат пен құбылыстың сыртқы не ішкі ұқсастық белгілеріне қарай сөздің бірнеше мағынада ауысып қолдануын айтамыз. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы жатыр. Метафора қолдану сипатына қарай 2 түрі бар: тілдік /сөздік/ метафора; поэтикалық /сөйлеу кезінде туатын конткестік/ метафора.

1. Тілдік метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, дамытып отырады. Көп мағыналы сөздің біразы осы тәсіл арқылы жасалған. Мысалы: аяқ 1. адамның аяғы, мысықтың аяғы. 2. орындықтың, үстелдің. 3. жоғары-төменге байланысты, ауылдың басынан-аяғына дейін жүріп. 4. екі аяқты велосипед, мотоцикл.

Сөзге қосылған үстеме мағына заттың, құбылыстың бойында бар сан алуан ерекше белгілердің негізінде ауыстырып қолдану арқылы жасалады. Сондықтан бір сөзден тараған қосымша мағыналар бір сөз табына да, кейде әр сөз табыа қатысты болып келеді. Мысалы: балапан /құстың баласы/, /балапан қарағай, бұта/. Сол сияқты сын мәндегі сөздер ауыс мағынада кейде заттық ұғым тудыруы мүмкін. Мысалы; суыққа тоңбау, шаланың басы.

2.Тұрақты метафора көбіне халық ақындарының шығармаларында жиі кездеседі.

Төл кемесі - түйе

Жер кемесі – комбайн

Ақ алтын - мақта

Қара алтын – көмір

Тұрақты метафора барлық жанрда кездесе бермейді; көбіне поэзи да көп ұшырасады. Сондықтан оларды поэтикалық метафора дейміз.

3.Жеке қолданыстағы метафора мен тұрақты метафора өзара тығыз байланысты. Белгілі контексте ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Олар құбылмалы болады. Мысалы; көңіл құсы, арманның дүрбісі.

Метонимия. Іргелес не шектес екі заттың немесе құбылыстың бір атауға телініп бірінің орнына бірі алмасып қолдануын метономия дейміз. Метономияның жасалу жолдары:

1/ қимыл, әрекет пен оның нәтижесінің шектестігі; бояу-боя, егеу-еге, ою-ою.

2/ зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі. Мысалы:қазан – қазан піскенше шайнек қайнау

3/ материал мен одан жасалған заттың шектестігі; Мысалы: алмас – қатты асыл металл, содан жасалған қатты қылыш.

4/ жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл-әрекет атауларымен байланысты. Мысалы:Қыз Жібек- Төлегендер – шынайы сүйіспеншіліктің бейнесінде қолданылады.

5/ сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналырының байланыстығы. Мысалы: Ұрғызбаған соң алыста көрінген бір қараны қайыра қуды.

6/ жалқы есімдердің бір-бірімен шектестігі. Мысалы:Абылай хан мен Төле бидің қиылысқан жерінде «Балалар әлемі» орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді