Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет3/26
Дата24.12.2021
өлшемі458.28 Kb.
#148003
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Дәрістер курсы лексикология

Бақылау сұрақтары:
1. Лексикологияның зерттейтін нысаны және ол нені зерттейді?

2. Лексикологияның салаларын атаңыз.

3. Лексикологияның өзге пәндермен байланысы.

2 дәріс



Тақырыбы: СӨЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. А. Байтұрсынұлы, Қ.Қ. Жұбанов еңбектеріндегі сөз жүйесінің зерттелуі

2. С. Аманжолов, Н.Т. Сауранбаев еңбектеріндегі қарастырылған мәселелер

3. І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиевтің еңбектеріндегі мәселелер

Қазақ сөз жүйесінің алғаш зерттелуі А. Байтұрсынұлы мен Қ.Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады. А. Байтұрсынұлы сөз, сөз мағынасы, мағына т.б. сөздерді бірнеше рет терімсөз ретінде қолданады. Қ. Жұбанов сөз жүйесінің өзге салалармен байланысы мен айырмашылығын анықтап, «біріншіден жазылған, сөйленген сөздің бәрін сөз дейміз, екіншіден, нәрсенің атының бір өзін ғана сөз дейміз» деп, сөз тұлғасының екі мағынада жұмсалатынын көрсетеді. Сөзге бірінші рет анықтама береді: «Жеке сөз – заттың өзінің, я заттың бір белгісінің аты. ... Әрбір сөз осылай, айырым-айырым айтуға да келеді» (1999, 146-бет). Қ. Жұбанов сөз жүйесінің көптеген теориялық мәселелерін алғаш рет анықтап, бағалайды. Мәселен, болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттарының пайда болуы мен сөздердің мағыналық дамуы, мағынаның кеңеюі мен таралуы, тотемдік атаулардың мәні, сөздің өзгешелігі мен қызметі, номинативтік қызметі мен ерекшелігі, синтагма мен сөздің арақатынасы, идиомдардың ішкі болмыс-бітімінің ерекшелігі, сөздің негіздік мағынасы мен грамматикалық мағынаның арақатынасы т.б. сияқты теориялық мағлұматтар тілдік деректер арқылы терең талдауға түседі. Сөз бен ой арасындағы байланыс туралы «Ой деген адамның өзі жайлы, болмаса, төңіректегілер жайлы білгені. Сөз деген – сол білген нәрселердің аты» деп қарапайым түсінікпен терең мәнді тұжырым жасайды (1999, 151-бет).

С. Аманжолов «Жалпы тіл ғылымы» пәні негізінде оқыған лекциясында «Лексикологияны» жеке сала ретінде бөлек қарастырып, «Лексикология дегеніміз – лексика, сөз байлығы туралы ғылым. Сөз жүйесінің қарайтыны – әрбір тілдің сөз байлығын, сөздік құрамын тексеру» екенін көрсетеді. Теориялық нақтылық пен тілдік дерекке сүйенген С. Аманжолов сөзге мынадай анықтама береді: «Сөз – дыбысталу мен мағынаның бірлігі. Сөз шартты белгі, ол заттың көрінісі емес. Тілдің сөздік құрамы – сөз жүйесінің зерттеу объектісі» (2005, 37-41-бет). Ғалымның сөз жүйесінің зерттеу нысанын анықтап, сөз мағыналарын тура және бұрма мағына деп екі топқа бөледі және тілдегі объективтілік пен субъективтілік қарым- қатынасты көрсетеді.

Н.Т. Сауранбаев «Қазақ тілі» атты оқулығында «Лексиканы» дербес сала ретінде бөліп, теориялық мәселелерді қамтиды. (1953, 9-24-бет).

1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» атты оқулықта қазақ тіл білімінің барлық салалары бірінші рет жүйеленіп, толық қамтылады, көптеген теориялық мәселелер осы еңбекте көрініс тауып, біршама кең қамтылып жазылады.

І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаевтың авторлығымен шыққан «Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика» оқулығы 1962 жылы жарыққа шықты. Сөз жүйесінің негізгі ғылыми-теориялық мәселелері бұл еңбекте толық қамтылады.

Бұдан соң сөз жүйесінің жеке мәселелері көптеген ғылыми зерттеулердің нысанына айналды. К. Аханов, С. Исаев, Р. Барлыбаев, Е. Жампейісов, Р. Сыздықова, Б. Қалиев, Х. Қожахметова, Т. Қордабаев, Ә. Нұрма,амбетов, Т. Жанұзақов, Ә. Бол,анбаев, Ғ. Қалиев, Ж. Досқараев, С. Омарбеков, М. Оразов, А. Айғабылов, Ә. Ахметов, Ө. Айтбаев, Л. З. Рүстемов, К. Ш. Хусайын, Н. Уәлиев, Б. Хасанов, С. Сатенова т.б. сынды ғалымдар еңбектері сөз жүйесінің жан-жақты дамуына үлкен ықпал етті.

Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиевтің авторлығымен бірнеше рет қайта басылған «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты оқулықта қазақ ұлттық тілінің болмысы, ұлттық әдеби тілдің сипаттамасы, лексиканың семасиологиялық сипаты, құрамы мен шығу арналары, қолданыс ерекшелігі, қазақ фразеологиясы мен лексикографиясына қатысты ғылыми мәселелер кең талданып, тілдік деректер мол қамтылып ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді