Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет26/26
Дата24.12.2021
өлшемі458.28 Kb.
#148003
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Дәрістер курсы лексикология

Бақылау сұрақтары:

1. Лингвистикалық сөздік жасаудың қажеттілігі.

2. Лингвистикалық сөздіктердің топтастырылуы.

3. Арнаулы сөздіктер, олардың сипаты.


15 Дәріс
Тақырып: Этимология

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Этимологияның негізгі обьектісі, ерекшеліктері, принциптері

2. Этимологияның түрлері



3. Қазақ этимологиясының зерттелу жайы

Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, грамматикалық тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсіл, морфемдік-модельдік талдаулар, т.б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін. Этимологиялық зерттеулер фонетикалық, морфологиялық және семантикалық принцип-критерийге сүйененеді. Сөз төркінін дұрыс та дәл анықтаудың нәтижелі тәсілі болып саналатын бұл принцип-критерийлер жалпы түрде емес, нақтылы тілдердің өзіндік ерекшеліктері мен сол тілдердің қалыптасу, даму заңдылықтары негізінде қолданылады. Фонетикалық принцип – әрбір тілдің немесе бір топтағы туыс тілдердің дыбыстық жүйесіне тән (сингармонизм – үндестік пен ассимиляция, дыбыс алмасу мен дыбыстық сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы мен қосымша дыбыстың пайда болуы, дыбыстардың қосарлануы мен әлсізденуі, дыбыстардың ұзаруы мен қысқаруы, орын алмастыру мен апокопа, элизия мен парагогия, флексия мен фузия, т.б.) сан алуан фонетикалық заңдылықтарды қатаң ескеруді талап етеді. Морфологиялық принцип – сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына негізделеді. Лексемаларға жасалатын морфологиялық талдаудың басты мақсаты, мәселен, түркі тілдерінің жалғамалық құрылысына сәйкес, олардың ілкі түбір, жай түбір, туынды түбір және грамматикалық тұлғалардың ара-жігін ажырату болып саналады. Семантикалық принцип – сөздердің мағынасын анықтауда Этимологияның негізгі критерийлерінің бірі болып саналады. Өйткені мағынасыз сөз болмайтыны белгілі және ол мағына сол сөздің дыбыстық не морфологиялық тұлғасына да тікелей қатысты.

Этимология тарихи лексикологиямен, этнолингвистика және этнографиямен тығыз байланысты.. Өйткені, тіл абстракция емес, ол белгілі этностың туындысы, ал этнос белгілі бір геосаяси аумақта, тарихи кеңістікте жасап келген феномен. Оның болмысын анықтайтын өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, өмір тіршілігі, т.б. рухани-материалдық мәдениеті болады. Бұл аталған этимологиялық принцип-критерийлер өзара тығыз байланыста, қатыстырыла қолданылады. Этимологияның түрлері үш топқа (ғыл., қызықты, халықтық) бөлінеді. Ғылыми этимология – жоғарыдағы аталған төрт түрлі принципке, яғни тіл дамуының объективті заңдылықтарына сүйеніп жасалған. Қызықты этимология– сөз төркінін ашуда аталатын принциптерге тереңдеп бара бермейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін этимологиялар жатады. Халықтық этимология – сөз бен сөз тіркестерінің табиғатын оларға тән өзгеру, түрлену, даму, жасалу, т.б. заңдылықтарымен, этимологияның ғылыми принциптерімен санаспай, табиғатын басқа зат пен құбылыс атауларының кездейсоқ, не тым алыс ұқсастықтарын жақындастыру арқылы анықтауға бейім тұрады. Этимологиялық зерттеулердің түрлері көп. Солардың көп тарағаны және пайдалануға қолайлысы – этимологиялық сөздіктер. Мамандардың пікірінше, түркі тілдер бойынша жарық көрген әр деңгейдегі этимологиялық сөздіктердің 7 түрі бар. Солардың ішінде жалпы түркі тілдерінің этимологиясына бағытталған іргелі еңбектердің қатарына А.Вамбери  және  Э.В. Севортянның  сөздіктерін айтуға болады. Жеке түркі тілдері ойынша шыққан сөздіктердің қазақ ғалымдары түзген “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін” (1958) жатқызуға болады.
Бақылау сұрақтары:

1. Этимологиялық зерттеулердің мақсаты мен нысанына қарай тәсілдер мен принциптердің түрлері



2. Этимологияның түрлері мен ерекшеліктері.

3. Қазақ этимологиясының зерттелуі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді