Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Лексикологияның ең басты салалары



бет2/26
Дата24.12.2021
өлшемі458.28 Kb.
#148003
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Дәрістер курсы лексикология

2. Лексикологияның ең басты салалары:
1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;

2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;

3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.

4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.

5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі. 

6. Терминология – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.

Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, қалыптасуы және дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал сипаттама лексикологияда “Қазіргі ағылшын тілі”, “Қазіргі қазақ тілі” атты пәндердің лексикология бөлімдерінде, аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық құрылымы, лексиканы құруышы арналар мен қат-қабаттар, сөздердің актив және пассив топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердің қолдану аясы және т.б. мәселелер қарастырылады.

3.Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу тарихын ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы зор. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиалогияның лексикографиялық жұмыста да маңызы айрықша. Сөздіктерде сөздің мағыналық жақтары талданады.

Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады. Сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, оның мағыналық жағына, ономосиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аударылады. Сонымен, ономосиология заттар мен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді. Ономосиологияның диалектологияға да қатысы бар. Ономосиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Ономосиологияның айрықша бір саласы – онамастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі – антропонимика кісі аттарын зерттеу, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі.

Сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұрақты сөз тіркестерінінң түрлерін, олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын қарастырады. Лексикология ғылымы – сөзжасаммен, морфологиямен және синтаксиспен байланысады, сонымен қатар ол диалектология, стилистика, когнитивтік лингвистикамен де тығыз байланысты.  

Қорыта айтқанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді біріншіден мағынасы жағынан, екіншіден шығу тегі жағынан, үшіншіден қарым-қатынас жасауда қолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден экспрессивті-стильдік сипаты мен қызметі жағынан, бесіншіден, сөздің сөздік құрам мен сөздік қордан алатын орны жағынан жан-жақты қарастырып зерттейді. Демек, лексикология сөзді тілдің лексикалық единицасы ретінде қарастыра отырып, оны жан-жақты қамтиды.

Сөз мағынасын, мәнін зерттейтін семантика пәні философиямен, мәдениеттанумен, когнитивті психологиямен, логикамен тығыз бірлікте қарастырылады.

Сонымен, зерттеу нысаны ортақ болғандықтан, тіл білімінің барлық салалары бір- бірімен байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді