Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет17/26
Дата24.12.2021
өлшемі458.28 Kb.
#148003
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
Дәрістер курсы лексикология

Бақылау сұрақтары:

1. Стильаралық бейтарап лексиканың ерекшелікері, қолданылуы

2. Сөйлеу тілі лексикасының өз ішінен топтастырылуы

3. Кітаби лексиканың түрлері, ерекшелігі.


12 Дәріс
Тақырып: Экспрессивтік-эмоционалды лексика

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Экспрессивтік-эмоционалды лексиканың ерекшелігі

2. Экспрессивтік-эмоционалды лексиканың жасалу жолы


Сөздер зат, құбылысты, олардың белгілі бір қасиеттерін, болмаса іс-әрекетін ғана атап қоймайды, сонымен бірге адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивті-эмоционалды лексика деп аталады. Сөздің экспрессивтік сипаты оның бейнелі, мәнерлі айтылуынан, ал эмоционалдығы оған қоса бір затқа, құбылысқа өзіндік көзқарасын, көңіл-күйін сезімін білдіруінен көрінеді. Эмоционалды сөздердің тіл білімінде зерттелуі, экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қабылданылуы, экспрессия бұл айқындылықтың, бейнеліліктің күшейтілуі, айтылған сөздің ықпал етуші күшінің артуы. Қолданыстағы әсер ету күші, тілде экспрессивтілік эмоционалдылыққа қарағанда бірінші ме? әлде эмоционалды сөздер экспрессивті сөздердің негізінде пайда болды ма? Эмоционалды сөздер әрқашанда экспрессивті бола ма? - деген мәселелер төңірегінде қарастырылады. Эмоциялық өң берілген лексика ұнату мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы уайым, зарығу т.б. көптеген мағыналардың қолданылуы. Тіл бірліктердің семантикалық  стилистикалық белгілердің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға (адресатқа) деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданылуы жұмыстың негізгі нысаны болып табылады.  Эмоция арқылы шыққан сөздердің лексикалық мағынасы солғандау болды. Олардың (одағай мен еліктеу сөздердің) лексикалық мағынасы субстантивтенген жағдайда немесе зат есім, етістік тудыратын жұрнақтар жалғанғанда ғана айқындалады. Эмоция арқылы шыққан сөздер сөз топтастыруда грамматикалық принципке толықтай жауап бере алмайды. Аталмыш сөздер тобы өздігінен жеке тұрып (түбір күйінде) белгілі бір сұраққа жауап бере алмайды, яғни атаушы сөз таптарының зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу секілді атаушы топтарына сұрақ қойған сияқты, оларға сұрақ қоя алмаймыз. Сөз топтастырудың синтаксистік принципі эмоци арқылы шыққан сөздерді топтастыруда негізі бола алмайды. Оны одағай, еліктеуіштер туралы еңбек жазған ғалымдар нақты мысалдармен дәлелдеп берген.Сөздің бейнелі мәнерлі айтылуы мен сезімге әсер ету қасиеті бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция бар жерде экспрессивтік болады. Ол эмоционалдық бояуы бар сөздерді айту арқылы білдіріледі. Әсіресе, сүйіспеншілік, мақтанушылық, масаттанушылық, есіркеушілік, еркелік, таңырқаушылық, жағымпаздық, қошеметшілік, өшпенділік, үрейлену, сес көрсету сияқты адамның жағымды-жағымсыз қасиеттерін білдіруде жиі кездеседі. Экспрессивтік-эмоционалды сөздер барлық стильде бірдей қолданыла бермейді, олар негізінен сөйлеу тілі мен көркем әдебиетке тән.

2. Экспрессивтік-эмоционалды лексика әр түрлі жолмен пайда болған:

1. Бірқатар сөз ешбір қосымшасыз-ақ жеке тұрып эмоционалдық бояуға ие болып тұрады. Мысалы: масқара, әттең, тамаша, шіркін, есіл, сабаз, марқұм, ғажап, мыстан, сайқал, айналайын, жексұрын, сұмпайы, жайсаң, дарқан, ербию, тыртию, қылқию, шілтию, үрпию т.б.

Мысалдар: –Ғажап!... Айтары жоқ! – деді Қабанбайға қарап. – Шүкір қазақ жерінде әлі де тұлпардың тұқымы үзілмеген екен (Қ.Жұмаділов).

2. Кейбір сөздер белгілі бір текст ішінде эмоционалдық бояуға ие болады. Мысалы:

Қарағым, неткен сұлу ең!?

Деп таңырқап, таңданды. (Абай).– дегендегі неткен – жеке тұрғанда қарапайым халықтық сөздер. Ал Абайдың қолдануында неткен-кекесін, әжуа қылу мақсатында жалған мақтау мәнінде эмоционалдық бояуға ие болып тұр.

3. Морфологиялық жолмен пайда болған эмоционалды сөздер. Мұндай сөздер еркелету, менсінбеу, елемеу, кішірейту, т.б. қосымшалары арқылы жасалады. Мысалы: құлыншақ, балақай, інішек, ағеке, ағатай, ағажан, қылдырықтай, алпамсадай т.б.

Экспрессивтік-эмоционалды сөздер бұдан басқа фонетикалық жолмен (дауыс ырғағы, пауза арқылы) жасалады: А-а-йт-а-ай-а-ай!деп қоңырлатып бастап, шырқатып көтеріп, төмендетіп түсіріп, қоңыр қайырыспен жайлап тоқтады (І. Жансүгіров)

Бейнелі сөздердің қайнар көзі еліктеуіш сөздерде жатыр. Былш-былш, қалш-қалш, маң-маң, сылқ-сылқ, жалп-жалп т.б. – бәрі де бейнелілігі мол сөздер. Одағай сөздер де бейнелілікке өте бай: -Апырай, күн қатты жауып кетсе, жер езіліп, таудағы жігіттерге бөгет болар ма екен?! – деп алаңдаушылық білдірді (Қ.Жұмаділов) т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді