Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет12/26
Дата24.12.2021
өлшемі458.28 Kb.
#148003
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
Дәрістер курсы лексикология

Бақылау сұрақтары:

1. Синонимдік және антонимдік парадигмалардың ерекшеліктері

2. Синонимдерді қолданудын негізгі тәсілдері

3. Антонимдерді қолданудың жолдары


7 дәріс

Тақырыбы: ЭВФЕМИЗМ ЖӘНЕ ДИСФЕМИЗМ СӨЗДЕР
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Табу немесе тыйым сөздер, олардың ерекшеліктері

  2. Эвфемизм сөздер, олардың жасалуы

  3. Дисфемизм немесе какофемизм сөздер, олардың сипаты

Жалпы тіл білімінде эвфемизмнің пайда болу жолы табу сөздердің қолданысымен байланысты деген пікір орныққан. Табу дегеніміз – тыйым сөз ретінде қолданылады, тек ұғымға салынатын тыйым емес, сол ұғымның тілдегі атауына, яғни сөзге салынатын тыйым екені мәлім. Бұл орайда Ә. Ахметов өз еңбегінде «... табу мен эвфемизмдердің арасындағы байланысты себеп пен салдар деп қараған жөн. Өйткені эвфемизмдерді тудыратын – табу. Сондықтан да олар бірінсіз бірі жүре алмайды. Сосын табу эвфемизмдерді тудырып қана қоймай, оларға үнемі өз орнын беріп, өзі солардың тасасына бой жасырады» деп, эвфемизм құбылысының тілдік табиғаты мен әлеуметтік сипатын айқындауға мүмкіндік беретін іргелі тұжырым жасайды.

Ә. Хасенов «Тіл білімі» деген еңбегінде «Эвфемизм – бір затты не құбылысты я болмаса бір оқиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы; адамның көңіліне келмейтіндей, жұқалап, жайдарылап, майдалап, іштей ренжіп тұрса да, рахаттана баяндағандай айта білу тәсілі», деп түсіндіреді. Адамзат, табиғат т.б. болсын жалпы тіршілік иелері дейтін болсақ (жанды, жансыз) қарама-қарсы екі құбылыстан тұрады түн және күн бар дегендей. Тіл де осы заңдылыққа бағынады, әрі оның көрінісі. Ғалымдардың табу мен эвфемизмдер бірін-бірі толықтыратын тілдік амалдар дегенде, олардың сан не сапа жағынан өсуі бұларға қарсы мәндес дисфемизмдердің әсерін естен шығарму керек. Кез келген эвфемизмдердің дисфемистік қолданысы (тіпті контекстік мағынада болсын) болуы – осының айғағы. Айталық, «оттама» деген қарапайым дисфемизмнің «көп сөйлеу», «сөзіне ие болу» т.б. толып жатқан эвфемизмдік қолданыстары бар. Сондықтан бұл екі тілдік құбылыстың (эвфемистік, дисфемистік) қатар өмір сүруі қай тілде болмасын – тілдік заңдылық.

Сөйлеу тілі лексикасына стильдік бояуы жағынан табу сөздер мен эвфемизмдер де жатады. Сондай-ақ, табу мен эвфемизмдер екі түрлі мақсаттан шыққан құбылыс ретінде қарастырылады. «Бір затты, құбылысты өз атымен тура атамай, басқаша атаумен атау тек табумен байланысты емес. Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда да тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер айтылады. Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталады. Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған сенімге негізделмейді, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі қолданылып жүрген эвфемизмдер бүгінгі таңдағы өскелең халқымыздың қалыптасқан этикалық және эстетикалық нормаларының күнделікті нақ көріністері деп есептеледі. Б. Сағындықұлы «...табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан. Эвфемизм табу сияқты қорқыныштан, үрейленуден туған сенімге емес, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді» – деген пікірді негізге ала отырып, «...ауыстыра алатын қасиеті үшін ғана эвфемизмдерді табуға телудің реті жоқ. Әлеуметтік саладағы құбылыс – жаргондар мен арголар да бір сөзді екінші сөзбен алмастыра алады. Эвфемизмнің семантикалық табиғаты табумен үйлеспейді» [6, 87-88 бб.] деп, эвфемизм құбылысының семантикалық табиғатына баса назар аударады. Бұл айтылғандар эвфемизм мен табудың ара жігін ажыратудағы негізгі тұжырым екенін байқаймыз. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, Қазақ университеті, 2008. – 101 б.

Сондай-ақ, Б. Сағындықұлы «Әр түрлі наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, т.б. негізінде қалыптасқан этнографиялық ұғымдарды этнографиялық табу деп, тыйым салынған атауларды алмастыратын сөздерді лингвистикалық табу деп – атау дәстүрі тіл білімінде бар. Алайда, этнографиялық табудың мағыналық ауқымы кең болса, лингвистикалық табудың өрісі тар, ол – этнографиялық табудың бір бөлігі ғана. Кеңістік тіл білімінде бұларға тиісінше табу және эвфемизмдер деген терминдер телінді» дей келе, «Этнографиялық табуды ділдік табу, лингвистикалық табуды тілдік табу деуге болады. Себебі, ділдік табу да, тілдік табу да ақшаның екі беті сияқты, бір түсініктің (яғни табудың) аясында қарастырылады, ал ділдік, тілдік дегендер – анықтауыштар. Этнографиялық ұғымдарды – адамдардың ішкі жан дүниесіне, дүние–танымына, ой-өрісіне, сана-сезіміне, іс-әрекетіне, мінез–құлқына қатысты болғандықтан – ділдік ұғымдар деп атаған жөн. Тыйым салынған ділдік ұғымдардың барлығы – ділдік табу.

Сөйтіп, табу іштей екіге бөлінеді: 1) ділдік табулар, 2) тілдік табулар. Тікелей айтуға, хабарлауға тыйым салынатын (затқа, құбылысқа, қимылға, іс-әрекетке, сөз бен тілге, т.б. байланысты) этнографиялық ұғымдар ділдік табуға жатады. Ділдік табулардың орнына жүретін, яки оларды алмастыратын қосалқы, жанама сөздер тілдік табулар болып есептеледі», – деп табу мен эвфемизмнің өзіндік ерекшеліктері мен қызметін саралай отыра оларға жаңа атау беруді ұсынады. Бұл құбылыстарды жаңа атаумен атау олардың ара жігін ажыратуға бірден-бір септігі болар еді.

3. Эвфемизмдер әдепті, дұрыс жұмсалған әдеби тіл нормасы үлгісінде қолданылса, дисфемизмдер әдеби тілдің үлгісіне жатпайтын, қарапайым сөз түрінде ұшырасады.

Дисфемизмдер туралы құнды пікір айтқандар Ғ. Қалиұлы мен Ә. Болғанбайұлы. Олар дисфемизмге былайша анықтама береді: «Дисфемизм, какофемизм – тілде әдепті сөзді әдепсіз (дөрекі) сөздермен ауыстырып айту. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Белгілі контексте жөнімен дұрыс жұмсалған сөзді мағынасы неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру – сөзді ауыспалы мағынада (троп) қолданудың бір жолы» деп, дисфимистік қолданыстарды ажырататын тұстарын айқындап көрсетеді.

Белгілі тіл білімінің маманы Б. Сағындықұлы: «Дисфемизм тәсілімен сөз қолдану – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы тілдік құбылыс, соңғысы сөздің ұғым-түсінігін сыпайылап әдемілесе, алдыңғысы керісінше жағымды мағынаны дөрекілейді, қатайтады. Күнделікті өмірде, әдеби қолданыста жағымды, сыпайы әдепті сөздерді дөрекі, анайы сөздермен ауыстырып қолдану тәсілі тіл білімінде дисфемизм деп аталады. Дисфемизмдер көркем шығармада көбіне ауызекі сөйлеу тілінің үлгісі ретінде кейіпкерлер тілінде беріледі. Сол арқылы әр жазушы өз қаһармандарының мінез-құлқын, білім дәрежесін, іс-әрекетін бейнелейді, шынайы образын жасайды», – деп сипаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді