Мына фразеологизмдермен сөйлемдер құра: Кірпік қақпау, ку бастан қуырдақ ет алған, ну орман, тілі тию, қолқа салу, мақтамен бауыздау, бейбіт қатар өмір сүру, екі көзі төрт болу, сайдың тасындай, соқырға таяқ ұстатқандай, тіс қаққан, бел буу, мидай дала, мойны жар бермеу, түйе үстінен сирақ үйткендей.
Жауап:
1)Түні бойы кішкентай нәрестені қараймын деп кірпік қақпады.
2)Жұрт оны жұмыртқадан жүн қырыққан, қу бастан қуырдақ ет алған Әбдібай деп бекер айтпаған.
3)Ну орманды мекен еткен сары ала жолбарысты екі-үш жігіт қолға түсіріп, хайуанаттар саябағына апарып тапсырды.
4)Сол бір бәйгені жеңіп шыққан жүйрік атқа көптің тілі тигендей, бүгін аяғын басып, тұра алмай да қалды.
5)Немересі қолқа салып сұрағандықтан, әжесі сөзін аттап кете алмай, оның тілегін орындады.
6)Оның бұл әрекеті қызды мақтамен бауыздағандай болды.
7)Татарлар да басқа ұлт секілді бейбіт қатар өмір сүруді қалайды.
8)Жұбайының сапардан келуін екі көзі төрт болып күтті.
Құрастырған: __________________ Сисенбаева Р.Ж.
қолы аты-жөні
Қазақ филологиясы
кафедрасының меңгерушісі: __________________ Сұлтаниязова И.С.
қолы аты-жөні
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Факультет Филология
Кафедра Қазақ филологиясы
Шифр, білім беру бағдарламасы 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, 6В02301 Филология: қазақ филологиясы
Пәні Тіл біліміне кіріспе
Емтихан билеті №12
Сөз таптары
Жауап:
Тіл білімінде сөз таптары, оның табиғаты туралы алуан түрлі көзқарастар мен байымдау бар. Академик В.В.Виноградов пен А.А.Шахматов сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп қарастырады, яғни сөздер семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілерібойынша топталып, белгілі бір сөз табына телінеді десе, академик Ф.Ф.Фортунатов сөз таптарын морфологиялық категория деп қарайды. Яғни сөздерді түрленетін және түрленбейтін деп топтаса , О.П.Суник, А.А.Реформатский сөз таптарын грамматикалық категориялар деп қарастырып « сөз таптары лексикалық мағынасына емес, морфологиялық және синтетикалық ерекшелігімен айқындалады деп көрсетеді. Сонымен сөздерді топтастырғанда 3 түрлі принципке бағынамыз. Олар: мағынасына, тұлғасына және синтаксистік қызметі жағынан топтасады. Сонымен, сөздердің лексикалық мағына ыңғайластығы мен морфологиялық тұлға және синтетикалық қызметінің ұқсастығына қарай топталуын сөз таптары дейді. Әрбір тілде сөз таптарының саны бірдей емес, қазақ тілінде 9 сөз табы бар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөз.
Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
Сын есім — заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары – қандай? қай?
Сан есім — заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Қанша? Неше? сұрақтарына жауап береді.
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табыЕсімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.
Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер.
Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар: еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер
Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |