Білім беру бағдарламасы 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, 6В02301 Филология: қазақ филологиясы


Берілген сөздердің орнасуын реттеп даяр фразелогиялық тіркес дайындаңыз



бет6/30
Дата02.01.2023
өлшемі107.16 Kb.
#405523
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
билет ТБК
Калиахметова Н.И, Калиахметова Н.И, Красота природы в поэзии А. А Фета
Берілген сөздердің орнасуын реттеп даяр фразелогиялық тіркес дайындаңыз: Үсті, қарау, ат, арасында, пен, қас, көздің, жер, ит, өлген, дала, мидай, ету, түйедей, түймедейді т.б

Жауап:
Ат үсті қарау
Ит өлген жер
Қас пен көздің арасында
Мидай дала
Түймедейді түйедей ету


Құрастырған: __________________ Сисенбаева Р.Ж.
қолы аты-жөні
Қазақ филологиясы
кафедрасының меңгерушісі: __________________ Сұлтаниязова И.С.
қолы аты-жөні


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Факультет Филология


Кафедра Қазақ филологиясы
Шифр, білім беру бағдарламасы 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, 6В02301 Филология: қазақ филологиясы
Пәні Тіл біліміне кіріспе


Емтихан билеті №11



  1. Грамматикалық категориялар.

Жауап:
Бір тектес, бір ыңғайлас грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығын грамматикалық категория деп атаймыз. Грамматикалық категория грамматикалық мағынадан, грамматикалық формадан тыс болмайды. Грамматикалық мағынаның грамматикалық категория ретінде танылуы үшін оның ең кемінде 2 түрлі формада көрінуі шарт. Грамматикалық категория біреулері көптеген тілдерге тән болса, кейбіреулері басқа тілде болмауы мүмкін. Мысалы; род. Ол орыс, неміс, француз тілдеріне тән, бірақ түркі тілдерінде жоқ. Осы сияқты вид категориясы славян тілдеріне тән де, роман, герман француз, неміс тілдерінде кездеспейді. Қазақ тілінде сан-мөлшер септік, жақ,шақ, рай, етіс категориялары бар.
 Сан-мөлшер категориясы- тілдің барлығына делік тән. Даралық ұғым мен көптік ұғымды ажырату үшін тілде грамматикалық сан-мөлшер категориясы пайда болды. Даралық және көптік ұғым әдетте заттармен тікелей байланыста. Сондай-ақ, жекелік және көптік есімдерге оның ішінде жіктеу есімдіктеріне тән. Түркі тілдер сөздігінде жекше түрінің арнаулы көрсеткіші жоқ ол оның көпше түрі арнаулы арқылы (көптік,жалғаулық) беріледі. 
 Септік категориясы- жалғау мен грамматикалық мағыналар бірлігінен тұрып, бір сөздің екінші есімге не етістікке қатысын білдіреді. Түркі тілдерде септік категориясы зат есім мен есімдікке тән. 
А.с – бастауыштың қалпын
І.с – меншіктеуді
Т.с – тікелей объектіні
Септік бар да, септелу бар. бұл екеуі тығыз байланыста .
Жақ категориясы- іс-әрекеттің қай жаққа қатысты екенін білдіреді. Іс-әрекет сөйлеуші жақ, тыңдаушы және бөгде жақтың бірі арқылы жүзеге асады. Түркі тілдерінде жіктелетіндер – етістіктер, сонымен қатар баяндауыш қызметінде жұмсалған зат, сан, сын кейбір есімдерде жіктеледі. 
Шақ категориясы- етістікке тән. Қимыл, іс-әрекет уақыт ұғымымен тығыз байланысты. Түркі тілдерінде бір шақтың бірнеше түрі бар. 
Рай категориясы – бұл да етістікке тән категория. Іс-әрекет іске асу мүмкіндігіне сөйлеушінің қалай қарайтындығын білдіреді. Мысалы; оқыдым, білдім, білемін- ақиқат іс-әрекет білдірсе, оқыса игі еді деген формалар әлі де іске аспаған, бірақ қалау, тілек мағынадағы іс-әрекетті білдіреді. Сонымен, етістіктің ашық рай ( ақиқат іс-әрекетті білдірсе), бұйрық, шартты, қалау райлар (болуы мүмкін іс-әрекетті қалау, тілек түрінде берілетін формалар)
Етіс категориясы- етістікке тән категория. Қимыл іс-әрекеттің объектіге немесе субъектіге бағытталғандығын білдіреді де, субъектінің объектіге өзара қарым-қатынасын айқындайды. Түркі тілдерінде етістің өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ етіс деген түрлері бар. бұлардан жасайтын өзіндік жұрнақтары бар. 
1)Өздік етіс – ын,-ін,-н.
2) Өзгелік етіс – тыр,-тір,-ғыз,-гіз,-қыз,-кіз
3) Ырықсыз етіс – ыл,-іл,-л
4) Ортақ етіс – ыс,-іс,-с.
Сөз таптары- сөз өзінің лексикалық мағынасымен бірге белгілі бір сөз табының мағынасына ие болады. Сөз таптарының сөздің лексика-грамматикалық категориясы. Олар бір-бірінен категория мағынасы мен грамматика белгілері жағынан ажыратылады. Тілде сөз таптарының даму барысында олардың бір-біріне ауысу құбылысы, атап айтқанда субстантивтену- сын есімге, прономиналдану- есімдікке, адвербиалдану-үстеуге, вербалдану- етістікке айналу процесі жүріп отырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет