Құрастырған: __________________ Сисенбаева Р.Ж.
қолы аты-жөні
Қазақ филологиясы
кафедрасының меңгерушісі: __________________ Сұлтаниязова И.С.
қолы аты-жөні
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Факультет Филология
Кафедра Қазақ филологиясы
Шифр, білім беру бағдарламасы 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, 6В02301 Филология: қазақ филологиясы
Пәні Тіл біліміне кіріспе
Емтихан билеті №15
Әлем тілдерінің топтастырылуы
Жауап:
Дүниежүзінде 6600 шамасында тіл бар.Олардың ішінде тайпа тілдері, халық тілдері де, ұлт тілдері де бар. Олардыңішінен орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, араб тілі, испан тілі, қытай тілі әлем тілдеріне жатады. Әлем тілдеріекі түрлі тұрғыдан: 1)тілдік-материалдардың бірлігі, яғни шығу тегінің бірлігі тұрғысынан.; 2) құрылысы мен типінің ыңғайластығы, ұқсастығы тұрғысынан топтастырылады. Бұл метод туыстас тілдердегі материалды өзара бір-бірімен салыстыра зерттеуге негізделгендіктен салыстырмалы деп аталады. Тілдегі құбылыстарды өзгеруі, тарихи дамуы тұрғысынан қарастырылатындықтан тарихи деп аталады. Тілдерді роман, герман, иран, түркі тілдері деп топтастыру және д/ж-гі басқа тілдерді әр түрлі топтарға бөліп жіктеусалыстыра зерттеудің нәтижесінде іске асады.Туыстас тілдер тобының құралып дамуының көптеген замандар бойына созылған ұзақ тарихы бар.Туыстас тілдер семьясының құрылу барысында бір топқа енетін тілдер алуан түрлі процесті – дифференция процесін де, тоғысу процессінбастан өткізді. Тарихи дамудың барысында құрылған туыстас тілдер тобы өз ішінде бірнеше кіші топтарға бөлініп отырады. Мысалы; славян тілдері өз ішінде 3 топқа – шығыс, батыс, оңтүстік славян болып бөлінеді. Салыстырмалы- тарихи метод туыстас тілдер деректерін салыстыра келіп, ол тілдегі ортақ бір тектес элементтерді, ортақ форма мен грамматикалық категориялардың ары қарай дамуы мен өзгеру ерекшеліктерін айқындайды.Тілдер туыстас тілдер деп саналуы үшін, ең алдымен олардың лексикасында мағыналар жағынан біркелкі немсе өзара ұқсас, дыбысталуы жағынан да бір-біріне жақын көптеген сөздер болуы шарт. Мысалы, қазақ тіліндегі ауыр, өзбекше-оғыр, қырғ-агыр, тат-авыр деген сөздің мағыналары бірдей, дыбысталуының ұқсас болып келуі бұл сөздер бір негізден шыққандығын көрсетеді. Ал түркі тілдерінің деректерінен мынадай ерекшелікті байқаймыз: тува тілінде аяқ-бұт деген сөз арқылы беріледі. Бұл ерекшлік қырғыз,алтай, ұйғыр тілдерінде бар. Түркі тілдерінде жыл мезгілімен тәуліктің әр кезеңінің аттары бір-бірімен ұқсас келеді: қаз-жаз, өзб-ез, қырғ-жай, тува-чай, тат-жәй т.б. Тілдердің туыстық байл. сан есім жүйесінен де көр: қаз-бір, екі, үш.. өзб- бир, икки, үч, турт, беш, олти, етти, саккиз, тұқиз, ун., хақасша- пір, екі, үс, төрт, пис, алды, чеди, сес, тос, он түрінде айтылады.
Тілдердің туыстас тілдер деп саналуы үшін олар грамматикалық құрылысы жағынан да жақын, біртектес келуі шарт. Мысалы, славян тілдері деп аталатын тілдерде де(орыс, поляк, чех, болгар т.б.), сондай-ақ түркі тілдері деп аталатын тілдерде де бір-біріне жақын туыстас тілдер екенін олардың грамматикалық құрылысына тән септелу, тәуелдену, көптелу, жіктелу жүйесінен, сөз тудыру жолдарынан, сөздердің бір-бірімен тіркесу, өзара байланысу ерекшелігінен байқауға болады. Мыс:септік жалғауларын алсақ, қаз-жер,қырғ-жер,тува-чер, хақас-чир, түрк-ер; қаз-жердің, жердин, черниц, чирнінь, ериң; қаз-жерге, жерге, черге, чирге, ере; қаз-жерді, жерди, черди, чирди, ери; қаз-жерде, жерде, черде, чирде, ерде; қаз-жерден, жерден, черден, чирдень, ерден.(септетемін) Тілдерді шығу тегінің бірлігіне, материалдық туыстығына қарай әр түрлі тілдік семьяға, топтарға бөліп қарастыруға болады. Роман тілдері (испан,француз, итальян, румын ) өзара туыстас тілдер бір негізден- латын тілінен шыққан. Тілдер туыстығы, өзара жақындық дәрежесі әр түрлі болады. Қазақ, ноғай, қарақалпақ- қыпшақ –ноғай тобына енсе, азерб, түрік-оғуз-селдьжук тобына енді. Әр топқа ентін қаз.т мен азерб.тілінің ортақ белгілері менұқсастығына қарағанда бір топқа ентін:қарақалпақ, қазақ, ноғай тілдеріне ортақ белгілері мол.
Генеологиялық классфикация бойынша әлем тілдері төмендегіше топтастырылады
Достарыңызбен бөлісу: |