Берілген мақал-мәтелдерге морфемдік талдау жаса: Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол, қызың өссе, қылықтымен ауыл бол. Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені. Ата-ананың ақылы – сайрап жатқан жолмен тең, ақылдының ақылы – сарқылмайтын көлмен тең. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол. Жақсы адам – елдің ырысы, жақсы жер – жанның тынысы.
Жауап: 1)Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол, қызың өссе, қылықтымен ауыл бол.
Ұл – зат е (кім?); ы – тәу жалғ. IIIж (кімі?); ң – тәу жалғ. II ж (кімің?)
өс – етістік (не істе?); се – шартты рай жұрнағы (не істесе?)
ұлық – зат е (кім?); ты – сын е туд.жұрнақ (кім?); мен – көмектес с жалғ.(кіммен?)
ауыл – зат е (не?)
бол – етістік (не істе?)
2)Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені.
Адам – зат есім (кім?); дық – есім сөз туд.жұрнақ (не?); тың - ілік с жалғауы (ненің?)
белгі – зат есім (не?); сі – тәу.жалғау III жағы (несі?)
иіл – етістік (не істе?); іп – көсемшенің жұрнағы (қайтіп?)
сәлем – зат есім (не?)
бер – етістік (не істе?); ген – есімшенің жұрнағы (қайткен?); і – тәу.жалғ. III жағы
шын – сын есім (қандай?)
көп – мөлшер үстеуі (қанша?)
кеш – зат есім (не?); ік – етістік туд.жұрнақ (не істе?); пе – болымсыз.етістіктің жұрнағы
кел – етістік (не істе?); ген – есімшенің жұрнағы (қайткен?); і – тәу.жалғ. III жағы
3)Ата-ананың ақылы – сайрап жатқан жолмен тең, ақылдының ақылы – сарқылмайтын көлмен тең.
Ата-ана – зат есім (кім?); ның – ілік с жалғауы (кімнің?)
ақыл – зат есім (не?); ы - тәу.жалғау III жағы (несі?)
сайра – етістік (не істе?); п – көсемшенің жұрнағы (не істеп?)
жат – етістік (не істе?); қан – есімшенің жұрнағы (қайткен?)
жол – зат есім (не?); мен – көмектес с жұрнағы (немен?)
тең –
ақыл – зат есім (не?) ; ды – сын е туд.жұрнақ(қандай?); ның – ілік с.жұрнағы(ненің?)
сарқыл – етістік (не істе?); ма – болымсыз етістіктің жұрнағы (не істеме?); йтын – есімшенің жұрнағы (не істемейтін?)
4)Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
Ата – зат есім (кім?); ң – тәу жалғ. II жағы, ның – ілік с жалғауы (кімнің?)
бала – зат есім ; сы - тәу.жалғау III жағы (несі?)
бол – етістік (не істе?); ма – болымсыз етістіктің жұрнағы (не істеме?)
5) Жақсы адам – елдің ырысы, жақсы жер – жанның тынысы.
Жақсы – сын есім (қандай?)
адам – зат есім (не?)
ел – зат есім (не?); дің – ілік с жалғауы (ненің?)
ырыс – зат есім (не?), ы- тәу.жалғау III жағы (несі?)
жер – зат есім (не?)