Құрастырған: __________________ Сисенбаева Р.Ж.
қолы аты-жөні
Қазақ филологиясы
кафедрасының меңгерушісі: __________________ Сұлтаниязова И.С.
қолы аты-жөні
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Факультет Филология
Кафедра Қазақ филологиясы
Шифр, білім беру бағдарламасы 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, 6В02301 Филология: қазақ филологиясы
Пәні Тіл біліміне кіріспе
Емтихан билеті №14
Сөйлем
Жауап:
Сөйлем де тілдегі единицалардың бірі. Ол басқа тілдікединицадан коммуникативті қызметі арқылы ерекшеленді. Демек, сөйлем толық қызметі бар синтаксистік единица. Мысалы; егін егілді-сөйлем, егін егу – сөз тіркесі. Сөйлемнің белгілі бір құрылымы бар, яғни бірдеме жайында хабарласа; сөз тіркесінің грамматикалық белгісі - бірдемені атап қана көрсетеді. Сөйлем - құрылымдық үлгісі бар синтаксистік единица. Сөйлемге тән басты белгі- интонация. Интонация сөйлемнің органикалық элементі, сондықтан сөйлем сөзден де, сөз тіркесінен де белгілі бір интонациямен айтылу жағдайында ерекшеленеді. Кейде жеке сөздер мен сөз тіркестері сөйлем түрінде жұмсалады, яғни олар сөйлемге тән интонациямен айтылады. Мыс: Қыс. Айдала.Сөйлемде объективті-модальдық мағына болады. Яғни, ол белгілі бір грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Сондай-ақ, сөйлемде белгілі бір субъективті-модальдылық мағына болуы мүмкін. Ол сөйлеушінің нені айтқысы, хабарлағысы келгеніне қатысты. Субъективті-модальдылық мағына айтылған ойға немесе бір нәрсеге сенімділік пен сенімсіздікті, күшейту мен әсерлеу, құптау мен жақтырмау тәрізді мағыналарды жатқызамыз. Бұндай мағыналар белгілі бір тәсілдер арқылы беріледі.
1.Сондай құрал-тәсілдердің бірі – интонация. Тыңда, дала, Жамбылды! Тыңда, Қастек, Қаскелең!
2. Сөздердің қосарлануы – Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен боласың.(күшейту)
3. Демеуліктер арқылы – Аты ат-ақ екен! (күшейту).
Сонда сөйлем:1.Сөйлем коммуникативті қызметі арқылы; 2.Бастауыштық-баяндауыштық құрылымы арқылы; 3.Сөйлемге интонация тән; 4. Объективтілік-модальдылық (шақ, жақ, рай); 5.Субъективті-модальдылық тән.
Сөйлем түрлері төмендегіше классификацияланады: 1.Хабарлы. 2.Сұраулы. 3. Лепті.
Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай: жай және құрмалас болып бөлінеді. Жай сөйлем мен құрм. сөй. ұқсас жағы мен айырмашылығы:
Ұқсас жағы- жай сөй. де, құрм. сөй. де бір нәрсе туралы хабарлайды. Жай сөйл. сөздердің орналасу тәртібі мен интонациясы арқылы тұлғаланса, құрм. сөйл. де комп. орналасу тәртібі, интонациясы арқ. тұлғаланады.
Айырмашылығы- Жай сөйл. сөздердің формаларынан, олардың тіркесінен құралса, құрм. сөйл.жай сөйл. тән қасиеттері бар компоненттерден құралады. Құрм. сөйл. мағынасы оны құрастырушы комп. арасындағы синтаксистік және мағыналық қатынастардан келіп туады. Құрм.сөйл. арас. байл. салалас байл. және бағыныңқылы байл. болады. Осыған орай құрм. сөйл. салалас және сабақтас болып бөлінеді.
Тіл мен ойлау тығыз байланысты дедік. Ендеше бұл,ұғым мен сөздің, байымдау мен сөйлемнің байланысының негізін қарастырады. Сөйлем-қатынас жасаудың негізгі формасы. Сөйлем ойды айтып берудің және хабарлаудың негізгі құралы бола тұрып, байымдаумен байланысты болады. Сондықтан сөйлем байымдауды айтып берудің құралы. Олай болса, сөйлем мен байымдау тығыз байланысты. Байымдауда затқа немесе оның белгісіне қатысты бірдеме мақұлданады немесе теріске шығарылады. Ендеше, мақұлдау мен теріске шығару – байымдауға тән белгі. Сондай-ақ, байымдау ақиқат немесе жалған түрінде болуы мүмкін. Бұлар байымдаудың мазмұны болады. Байымдаудың өзіне тән логикалық құрылымы мен элементтері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |