Білім беру бағдарламасы 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, 6В02301 Филология: қазақ филологиясы


Вокализмдер мен консонантизмдердің түрлері,ерекшеліктері



бет12/30
Дата02.01.2023
өлшемі107.16 Kb.
#405523
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
билет ТБК
Калиахметова Н.И, Калиахметова Н.И, Красота природы в поэзии А. А Фета
Вокализмдер мен консонантизмдердің түрлері,ерекшеліктері

Жауап:
Қазақ тілінде дыбыстар дауыс қатысына қарай үлкен екі топқа бӛлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.
Дауысты дыбыстар. Айтылғанда, ӛкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, е, э, о, ӛ, ү, ұ, ы, і, и, у. Бұлардың ішінде э тек орыс тілінен енген сӛздерде ғана қолданылады (электр, элеватор т.б.) және и мен у екеуі қосынды (дифтонгоид) деп аталады: и — ы+й немесе і+й және у — ү+у немесе ұ+у. Дауысты дыбыстар буын кұрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақта жіктеледі.
1. Тіл қатысына (жасалу жолына) қарай жуан және жіңішке болып бӛлінеді. Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы және бірде жуан, бірде жіңішке и, у. Жіңішке дауыстылар ә, е, (э), ӛ, ү, і және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
2.Иек (жақ) қатысына немесе жасалу орнына қарай ашық және қысаң болып бӛлінеді. Ашық дауыстылар: а, ә, е, (э), о, ӛ. Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у.
3. Ерін қатысына қарай езулік және еріндік болып бӛлінеді. Езулік дауыстылар: а, ә, е, (э), ы, і, и. Еріндік дауыстылар: о, ӛ, ү, ұ, у.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың мына тәрізді физиологиялық ерекшеліктері бар:
1. Дауысты дыбыстарды айтқанда фонациялық ауа кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады.
2. Дауысты дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады.
3. Дауысты дыбыстарды айтқанда фонациялық ауа баяу, лепсіз шығады.
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшкебөлінеді: Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыздар.
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ. 
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.
3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыздыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы