Құрастырған: __________________ Сисенбаева Р.Ж.
қолы аты-жөні
Қазақ филологиясы
кафедрасының меңгерушісі: __________________ Сұлтаниязова И.С.
қолы аты-жөні
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Факультет Филология
Кафедра Қазақ филологиясы
Шифр, білім беру бағдарламасы 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, 6В02301 Филология: қазақ филологиясы
Пәні Тіл біліміне кіріспе
Емтихан билеті №13
Сөз тіркесі
Жауап:
Сөз тіркесінің тілдік табиғатын айқындап, оған анықтама беру үшін сөз тіркесін күрделі сөздер, фразеологиялық сөз тіркесінен және сөйлемнен ажыратып, оған тән белгілерді айқындау қажет. Сөз тіркесі- мағына жақтан да, грамматикалық жақтан да өзара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөзден тіркеседі. Сөздер затты, құбылысты, сапа-белгіні, іс-әрекеті бір-біріне байланыссыз, қарым-қатынассыз, жеке-дара күйінде атайды. Мысалы; ат, ағаш, биік, жасыл, ору, кесу т.б. Ал сөз тіркесі зат, құбылысты, іс-әрекетті атағанда жеке-дара күйінде емес, өзара байланыста, өзара қарым-қатынаста атайды. Мысалы; қар тоқтату, хат жазу, жасыл жапырақ. Демек сөз тіркесінің әрбір сыңары мағына дербестігін сақтайды. Яғни әрбір сыңар сөйлемде басқа мүше ретінде қызмет атқарады. Сөз – даяр тұрған тілдік бірлік болса, сөз тіркесі сөйлеу кезінде толық мағыналы сөздердің тіркесуінен жасалатын, олардың мағыналық және грамматикалық бірлігінен пайда болатын тіркестер. Еркін сөз тіркесі фразеологиялық единицалардың жасалуына негізі болады. Бұлардың арасында түбірлі айырмашылық бар. Фраз. бұрыннан жасалып, даяр тұрған единица ретінде еркін сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына енеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сыңарды ыңғайға қарай басқа бір сыңарлармен ауыстыруға болады. Мысалы; қалың кітап, қызықты кітап, мазмұнды кітап. Ал фразеологиялық сыңар орны тұрақты, сыңарлар жиналып келіп біртұтас мағына білдіреді де сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады. Мысалы; аузымен орақ ору, жүрек жалғау. Еркін сөз тіркесі үшін сөздердің лексикалық тіркесімділігі міндетті шарт болса, фразеол. ед. үшін лексикалық тіркесімділігі шарт емес.
2. Құрамына қарай сөз тіркесі жалаң, күрделі, аралас болып 3-ке бөлінеді. Былайша топтастыру оның қандай байланыстың негізінде жасалғандығында. Жалаң сөз тіркесі сөздержің біресілі, екі еселі, үш еселі байланысына негізделген тіркес. Мысалы : сөзді тыңдау, кітапты оқушыға беру, шығарманы орысшадан қазақшаға аудару. Бұлардың бәрі де – меңгеру арқылы байланысады. Күрделі сөз тіркесі екі немесе одан да көп жалаң сөз тіркесінен жасалады да бір ғана ұйытқы сөзге тіреледі. Мысалы; шығарманы қызығып оқу; шығарманы оқу, қызығып оқу деген тіркес бір ғана ұйытқы сөзге (оқу) келіп тіреледі. Аралас сөз тіркесі – әр басқа ұйытқы сөзгенегізделген. Мысалы: мазмұнды шығарма- қабысу; шығарманы оқу- меңгеру; қызығып оқу- қабысу.
3. Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері(студенттерді қатыстырыла отырып түсіндіріледі). Сөздердің байланысу тәсілдері: жалғаулықтар, септеулік шылаулар арқылы, орын тәртібі, интонация арқылы. Сөздердің байланысу түрлері: қиысу, қабысу, матасу, меңгеру, жанасу.
1.Қиысу. Бастауыш пен баяңдауыштың жіктік жалғауы арқылы бір жақты және 1—2 жақтарда жекеше не көпше түрде байланысуын қиысу дейміз.
2.Матасу. Ілік септікті жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысу түрін матасу деп атаймыз.
3.Меңгеру. Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардағы сөздің атау мен іліктен басқа септік жалғауларының біреуі жалғану не шылаулар арқылы байланысу түрін меңгеру деп атайды.
4.Қабысу. Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды
5.Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелестұрып байланысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |