OFD 1205 «Оқушылардың физиологиялық дамуы» пәні бойынша ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS) Білім беру бағдарламасы: 6В01503 -Биология
Курсы: 1 , семестрі: 2 Пәннің циклі: Базалық пәндер
Компоненті: ЖОО компоненті
Кредит саны: 3
Оқыту түрі: күндізгі
Лекция: 15 сағат
Практикалық/семинар сабақтар: 15 сағат
ОББӨЖ: 30 сағат
БӨЖ: 30 сағат
Межелік бақылау: (7 және 15 апта)
Емтихан: 2 семестр
1 Пәннің академиялық сипаттамасы Мектеп жасындағы балалардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру.
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты -мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру. Бұл мәліметтер ғылыми негізде әр түрлі жастағы балалармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға, олардың денсаулығын қорғау, дене тәрбиесі мен еңбек етуге үйретуде аса қажет.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері– Қазіргі кезеңде оқушы баланың даму физиологиясы заман талабына лайық, бәсекелестікке қабілетті педагогикалық мамандар дайындауда ролі мен маңызы едәуір өсіп отыр. Бұл мектеп оқушыларының білімінің сапасы мен көлеміне қойылатын талаптың жоғарылауымен, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың, интернеттің және басқа техникалық оқыту құралдарының кеңінен қолданылуымен, инновациялық технологиялардың білім беру ісінде жаппай ендірілуімен және қазіргі уақытта балалардың қимыл белсенділігінің төмендеуімен байланысты. Осылардың бәрі оқушылардың денсаулығы мен организмнің функционалдық мүмкіншіліктеріне теріс әсер етуде. Қалыптасып отырған жағдайда тәрбие беру мен оқыту жұмыстарының педагогикалық тиімділігі балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері мен организмнің әр түрлі жас кезеңдерінде қызмет ету мүмкіншіліктерін ескерумен тікелей байланысты.