Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету


Металл эквивалентінің молярлық массасын анықтау

Loading...


бет8/11
Дата05.04.2020
өлшемі1.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Металл эквивалентінің молярлық массасын анықтау

Жұмыстың мақсаты. Бұл жұмыста магнийдің эквиваленттік массасы қышқылдан сутектi ығыстыру арқылы анықталады.

Тәжірибе

Қажет аспаптар мен реактивтер: штатив, бюретка, воронка, резина шланг, өлшенген Mg(Fe, Zn), сұйытылған , барометр, термометр.

Бұл әдіс металдың сұйытылған қышқылдармен әрекеттескен кезде сутегін ығыстыру реакциясына негізделген. Металл мөлшеріне эквивалент сутегі бөлінеді. Оның көлемін бюретка көмегімен өлшеп алады. Тәжірибе жүргізу үшін суретте көрсетілгендей аспап құрастыру керек. Бұл аспап штативке бекітілген бюреткадан, онымен резина шлангі арқылы жалғастырылған реакция жүретін сынауықтан және су толтырылған бюреткамен жасаған теңестіруші воронкадан тұрады. Тәжірибе алдында аспаптың герметикалық тексеру керек. Ол үшін аспапты толық құрастырып, теңестіргіш воронканы біраз төмен түсіреді. Егер бюреткадағы судың деңгейі бірқалыпты тұрса, аспап герметикалы, тәжірибе бастауға болады. Ал егер бюреткадағы судың деңгейі төмендей берсе онда аспаптың герметикалығы жоқ, бір жерінен ауа жібереді. Ол кезде тығындарды, газ жүретін шлангыны тексеру керек.



Тәжірибе жасау үшін эквиваленті анықталатын металды Mg (Fe, Zn) таразыда 0,001 дәлдікпен өлшеп алады Реакция жүргізетін сынауыққа 1-2 мл сұйытылган құяды да, сынауықты көлбеу ұстап кабырғасына металл салады, сынауықты абайлап (металл қышқылға түспеу керек) тығынға орналастырады. Реакция басталмай тұрып тағы да аспаптың герметикалығын тексереді де, бюреткадағы судың бастапқы деңгейін жазып алады (мл). Енді металды қышқылға салып, реакция жүруін бақылайды. Металл толық еріп, біраз сынауык суыған соң воронкадағы және бюреткадағы су деңгейлерін теңестіріп тұрып реакциядан кейінгі су мөлшерін өлшейді мл. Содан соң реакция жүргізген сынауықты алып тазалап жуып қояды.

Эквивалент есептеу үшін термометрмен бөлме температурасын (t), барометрден атмосфера қысымын (Р), кестеден бөлме темлературасындағы су буының қысымын () жазып алу қажет:

Есептеулер:



  1. - металл массасы;

  2. бөлме температурасы;

  3. Р-атмосфералық қысым (кПа);

  4. -су буының қысымы (кПа) (1-кесте);

  5. -бюреткадағы реакцияға дейінгі су деңгейі (мл);

  6. - бюреткадағы реакциядан кейінгі су деңгейі (мл).

Қорытынды есептеулер:

1. Бөлме температурасында және Р қысымда магний ығыстырған сутегі көлемі (мл):





2. Сутегінің парциал қысымын есептеу:

3. Сутегінің көлемін қалыпты жағдайға келтіру:

4. Сутегінің масасын есептеу:



5. Магнийдің эквиваленттік массасын есептеу:



6. Тәжірибенің абсолютті және салыстырмалы қатесін есептеу:





Бақылау сұрақтары:

  1. Мыс қосылыстарында бір және екі валентті болады. Мыстың атомдық массасы мен валенттіліктерін пайдаланып бір және екі валенті мыстың эквиваленттерін анықтаңыздар.

  2. 1г металл 1,78г күкіртпен қосылады. Күкірттің эквиваленті 16г/моль екенін еске алып металдың эквивалентін есептеп шығарыңыз.

5 зертханалық жұмыс



Химиялық реакциялардың жылдамдығы.

Химиялық тепе теңдік. Катализ

Жұмыстың мақсаты Химиялық реакцияның заттардың концентрациясына және тем-ператураға тәуелді екенін зерттеу. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы мен заттардың концентрацияларының арасындағы тәуілділікті зерттеу.

Тәжірибелер:

Қажет аспаптар мен реактивтер

Үш үлкен және үш кішкене сынауықтар, ерітінділері, дистилденген секундомер, өлшеуіш сынауық немесе бюреткалар, термометр.

  1. Әрекеттесуші заттар концентрациясының реакция жылдамдығына әсері. Нөмірі бар үлкен үш сынауыққа натрий тиосульфатының сұйытылған ерітіндісін 1) 5 мл, 2) 10 мл, 3) 15 мл құйыңдар.Бірінші сынауыққа -10 мл су, екіншісіне 5 мл су қосыңдар. Тиосульфаты бар сынауықтарға 5 мл күкірт қышқылын қосыңдар. Секундомермен күкірт қышқылын қосқан уақытты белгілеп, жазып алыңдар. Тәжірибе нәтижесін кесте түрінде жазыңдар.Осыдан у- осіне жылдамдық , х-сіне -концентрациясын салып график сызыңдар. Қорытынды шығарыңдар.

Реакция теңдеуі:

1. Кесте

Сынауық нөмірі

мл


мл


мл


Жалпы көлем

Лай пайда болған уақыт, , сек.

Жылдамдық



1

5

10

5

20







2

10

5

5

20







3

15

-

5

20







2. Температураның реакция жылдамдығына әсері. Үш сынауыққа 5 мл және басқа үш сынауыққа 5 мл ерітінділерін құйыңдар. Бөлме температурасында 1- тәжірибедегі пен -ті бір-біріне қосып, реакцияға кеткен уақытты жазып алу керек. Келесі сынауықты температурасы 100С-қа көтерілген жылы суға салу арқылы өсіріп, бір-біріне қосып, лай түзілу уақытын жазып алады. Нәтижесін кестеге жазады. Абцисса осіне темпера тура (), ордината осіне жылдамдықтың көрсеткішін жазып, график сызыңдар.

2. Кесте

Сынауық нөмірі

мл


мл


С

Лай пайда болған уақыт, , сек.

Жылдамдық



1

5

5

0С







2

5

5

0С+100







3

5

5

0С+200







Қорытынды.

3. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Бір үлкен сынауыққа 5 мл 0,001н мен араластырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған ерітіндіні 4 сынауыққа бөліңдер. Біріншісіне концентрлі , екіншісіне концентрлі ерітіндісін, ал үшіншісіне аздап кристалл калий хлоридін қосыңдар, төртіншісін салыстыру үшін қалдырыңдар. Не байқалады? Тепе-теңдік қай жаққа ығысады? Қорытынды.

Бақылау сұрақтары:

1.Химиялық реакцияның жылдамдығы қандай факторларға тәуелді ?

2.Вант-Гофф ережесін пайдаланып жылдамдықты қалай анықтауға болады ?

3.Концентрация жылдамдыққа қалай әсер етеді ?

4. Кайтымды реакцияның және тепе-теңдік константаның теңдеулерін жазыңыз.

5. Ерiтiндiнiң түсі қалай өзгереді?

6. 2, 3, 4 пробиркалардағы химиялық тепе-теңдік қай бағытқа ығысады?
6 зертханалық жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...