Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету

Loading...


бет3/11
Дата05.04.2020
өлшемі1.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Негізгілері

        1. Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты. 2- кітап. А., 1998 ж. 143 – 154 бет.

        2. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің базистік оқу жоспары. А., 1998 ж.

        3. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заң, “Қазақстан мұғалімі”, ақпан 1998 ж.

        4. Химия пәнінің бағдарламалар жинағы(8 – 11 сыныптар) Ы. Алтынсарин атындағы Қазақстан Білім Академиясының Республикалық баспа кабинеті. А., 2000 ж

        5. Н.Нұрахметов және басқалар., Химия, 8,2004 ж.

        6. К.Аханбаев. Жалпы және бейорганикалық химия.Алматы. «Санат».1999. 560 бет

        7. Тестер жинағы 2000, 2001, 2002

        8. тестер жинағы 2004, 2006, 2008

        9. Н.Нұрахметов. К.Сарманова., Химия, 11, 2007 ж.

        10. Н.Нұрахметов. К.Сарманова., Химия, 9, 2006 ж.

        11. Н.Нұрахметов. К.Сарманова., Химия, 10, 2005 ж.



VI. Білім алушының өзіндік жұмысы

Апта

БАӨЖ-ның тапсырмалары

Академиялық сағат саны

Ұсынылатын әдебиеттер мен өзге де ақпарат көздері

Жұмыстың орындалу мерзімі

БАӨЖ-дің орындалу түрлері

1

1. Газ заңдары, химиялық формула және химиялық теңдеулер бойынша есептеулер.

3. Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі



5

Нег.1[ 8- 13] ,

[ 12-18]



2 апта

Реферат

2

Моль.Молярлық масса. Эквивалент түсініктері мен заңдылықтары.

5

Нег. 1[ 17] ,5 [ 22-29]

Қосымша 7 [ 31-39]. 8 [ 37-39].




3 апта

Реферат

Презентация



3

s-,p-,d-,f- элементерінің химиясы, атом құрылысы.

5

Нег. 1[24-28 ,2 [ 15-19]

5 [ 12-22]

Қосымша 7 [ 45-49]. 8 [ 37-39].


4 апта

Мультимедиалық пакет

Реферат


Презентация

4

Химиялық байланыстың типтері. Валенттілік теориясы.Молекулалық орбитальдар әдісі.

5

Нег. 1[36] ,3 [ 43],

Қосымша 7 [ 56-59]. 8 [ 107].




5 апта

Реферат

Ауызша сұрау

есеп шығару


5

Ерітінділер және олардың концентрацияларын анықтауға арналған есептер шығару

5

Нег. 1[48-53 ] ,3 [ 12-22]

Қосымша 7 [ 67]. 8 [ 45-49 ].



6 апта

Презентация

Реферат


6

Химиялық процестердің энергетикасы және реакциялардың жылу эффектілері.Термодинамика.Ішкі энергия.Энтропия. Гиббс энергиясы.

5

Нег. 1[48-53 ] ,3 [ 12-22]

Қосымша 7 [ 67]. 8 [ 45-49 ].



7 апта

Презентация

Реферат


7

Химиялық реакциялардың кинетикасы.Химиялық реакциялардың жүру жылдамдығы.

5

Нег. 1[48-53 ] ,3 [ 12-22]

Қосымша 7 [ 67]. 8 [ 45-49 ].



8 апта

Презентация

Реферат


8

Әрекеттесуші массалар заңы Ле-Шателье принципі. Химиялық тепе-теңдік.

5

Нег. 1[ 73-79] ,3 [ 12-22 ]

Қосымша 7 [ 31-39]. 8 [ 37-39].




9-10 апта

Слайдшоу

Мультимедиалық пакет



9

Электролиттер және бейэлек-тролиттер. Электролиттік дис-социация теориясы.

5

Нег. 1[ 84-89] ,3 [ 24-31]

Қосымша 1 [ 105]. 2[98 ].




11-12 апта

Реферат

Презентация

Мини баяндама

Реферат


10

Тұздар гидролизі. Ерігіштік көбейтіндісі

5

Қосымша 2.,3

[ 106]. 2[98 ].6




13-15 апта

Презентация

Мини баяндама



Лекция 1

Кіріспе. Химия пәні.

Жоспар

А) Химия пәнінің маңызы

Б)Халық шаруашылығындағы маңызы

Материя объективтік шындықты бейнелейтін философиялық категория, материя біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп сезім тудырады, бейнеленеді. Материя негізінен екі формада – зат және өріс түрінде іске асырылады. Материя деген түсінікті затпен біріктіруге, бірлестіруге болмайды. Зат – белгілі бір массасы бар болатын бөлшектердің (атом, молекула, электрон және т.б.) тұрақты жиыны болып табылады. Өріс дегеніміз – тұрақты массасы болмайтын кванттардың гравитациялық немесе электромагниттік ағыны. Зат пен өріс теңбе-тең бола алмайды, дегенмен зат бөлшектерінің әрекеттесуі өрісте іске асады.

Материя қозғалыспен тығыз байланысты. Қозғалыс материяның өмір сүру формасы. Химия – материя қозғалысының химиялық формасын зерттейді, нақтырақ айтқанда заттардың түзілуі мен ыдырауын қарастырады.

Химия негізінен элементтерді және олардың қосылыстарын зерттейді. Барлық элементтер (көміртегінен басқасы) мен олардың қосылыстарын зерттейтін химияны бейорганикалық немесе анорганикалық химия дейді.

Қазіргі кезде химиялық синтез әдісін пайдаланып табиғи пайдалы қазбалармен бірге кездесетін қосалқы газдардан органикалық және бейорганикалық химия өнімдерін өндіреді. Әсіресе химия өнеркәсібінде технологиялық процестерді жақсарту және жаңа технологиялық әдістерді іске қосу, өнімдердің шығынын, сапасын арттырумен бірге қоршаған ортаны қорғауға да зор пайдасын тигізіп отыр. Қазіргі кезде химиялық әдістерді пайдаланып өнеркәсіпке қажетті аса таза заттар алу өндірістік мөлшерде жүзеге асырылады.

Халық шаруашылығына қажетті қара және түсті металдарды олардың қосылыстарынан тотықсыздандырып алу тек химиялық реакциялардың негізінде жүреді.

Химиялық реакциялардың негізінде химиялық өнімдер: күкірт қышқылы, азот қышқылы, тұз қышқылы, сілтілер, сода, сабын, резеңкелер, пластмассалар, каучуктер, жасанда талшықтар, мұнай өнімдерін өндіру, сонымен бірге ауыл шаруашылығына қажетті калий, азот, фосфор тыңайтқыштарын және микротыңайтқыштар, гербицидтер т.б. өндіру іске асырылады.

Химиялық реакцияларды пайдаланып, дәрі-дәрмектер, тау-кен жұмысына қажетті қопарғыш заттар өндіреді. Бір ғана мұнайдың өзінен 20 мыңнан астам, ал таскөмірден одан да көп органикалық және минералдық заттар алынады. Химия жетістіктерін пайдаланып қазіргі химия өнеркәсібі 50 мыңнан астам халық тұтынатын өнімдер өндіреді.

Соңғы кезде зор көңіл бөлініп отырған қоршаған ортаны қорғау мәселесінде химияның алатын орны ерекше. Өндірістік суларды (металлургия, химия т.б. өнеркәсіптердің) тазарту ауа және су тазалығын сақтау және бақылау, қалдықсыз жұмыс істейтін өндірісті жүзеге асыруда химия ғылымы мен өнеркәсібінің маңызы зор.

Химия ғылымы күрделі даму кезеңдерін өткерді. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІV ғасырда өмір сүрген грек философы Демокрит барлық заттар бөлінбейтін – атомдардан тұрады деген пікір айтқан, бірақ бұл пікір тәжірибеге негізделмеген жалпы жорамал еді.

Бірақ материяның атомдардан тұратындығы туралы Демокриттің болжамы көп уақыт ұмыт болып қалды да, оның орнына Аристотельдің (384-332 б.ж.с.д.) элементтер теориясы қабылданды, ол шіркеудің қолдауының арқасында 17 ғасырдай өмір сүрді. Бұл теорияның негізгі мәні жоғары бір күштің әсерінен бір элементті басқа бір элементке айналдыруға болады деп есептеді.

Осы теорияның негізінде әрекет еткен орта ғасырлық химия – алхимия (химияның арабша аты) деп аталды. Алхимия дәуірі шамамен ІV ғасырдан ХVІ ғасырға дейін созылды. Алхимиктердің ғылыми бағыты теріс болды. Олар Аристотельдің теориясына тым сене отырып, жай металдарды алтынға айналдыратын «ғажайып философиялық тасты» іздеп әуре болды. Бірақ алхимиктердің еңбектері мүлде босқа кеткен жоқ., олардың «философиялық тасты» іздеу мақсатында жүргізген тәжірибелерінің нәтижесінде көптеген металдар, қышқылдар, тұздар, дәрі-дәрмектер, бояғыш заттар т.б. алынды.

Алхимиктердің теріс бағытын көптеген ғалымдар ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда қатты сынады.

Ғылыми химия М.В.Ломоносовтың (1711-1765ж) еңбектерінен басталады. Ол зат массасының сақталу заңын ашып (1748ж) , атом молекулалық ілімінің негізін салды.

Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеевтің еңбектерінің химия ғылымын дамытудағы маңызы орасан зор. Ол 1869 жылы аса маңызды табиғат заңы – периодтық заңды ашып, химиялық элементтердің ғылыми жүйесін жасады. Өзінің “Химия негіздері” еңбегінде ол бірінші рет химияны периодтық заң негізінде баяндады. Д.И.Менделеев көп жылдық еңбектерінің нәтижесінде ерітінділердің химиялық теориясын жасады.

Химия ғылымын дамытудағы А.М.Бутлеровтың, Н.Н.Зининнің, А.А.Воскресенскийдің, Е.А.Фаворскийдің, И.С.Курнаковтың, Л.А.Чугаевтің, Г.И.Гесстің және т.б. еңбектері зор болды. Химияның өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, тұрмыста, мемлекеттік қорғаныс ісінде маңызы өте зор. Қазіргі кезде химияны қолданбайтын бірде-бір өндіріс саласы жоқ десек артық емес. Қазан төңкерісіне дейін Ресейде химия өнеркәсібі нашар дамыды. Сондықтан көптеген химия өнімдерін, мысалы, азот, фосфор, калий тыңайытқыштарын, резеңкені, түсті металдарды, бояғыш заттарды, дәрі-дәрмектерді сол сияқты тағы басқа заттарды шет елдерден алып тұрды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жаңа отандық химия өнеркәсібін жасауға және оны табиғи шикізаттармен, электр энергиясымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарымен және маман кадрлармен қамтамасыз етуге зор көңіл бөлді. Соның нәтижесінде Кеңес Одағы химия өнімдерін өндіруде дүние жүзінде екінші орынға шықты.

Қорытынды: Химияландыру дегеніміз – халық шаруашылығының барлық салаларында химиялық материалдарды, өнімдерді, химиялық технология әдістерін біртіндеп және қарқынды енгізіп отыру. Химияландыру өндірісті жеделдетуге, еңбек өнімділігін арттыруға және оның тиімділігін көбейтуге жағдай жасайды. Химияландыру экономиканың, мәдениеттің, тұрмыстың өскелең тұтыну мұқтаждығын қанағаттандырып отырады. Кешенді механикаландыру, автоматтандыру, электрлендірумен бірге химияландыру халық шаруашылығындағы ғылымитехникалық прогрестің маңызды бағытына жатады.

Атом-молекулалық ілім, химияның негізгі түсініктері мен заңдары.


  1. Атом-молекулалық теориясы: 1748 жылы М.В.Ломоносов ашқан атом-молекулалық ілім химияның ғылыми негізі болып табылады.

1) барлық заттар элементтерден (атомдар) және корпускуладан (молекула) тұрады.

2) бұл бөлшектер үздіксіз қозғалыста болады, яғни жылудың табиғи әсерімен түсіндіріледі.



  1. Масса және салмақ түсінігі.

Масса – дененің немесе заттың қасиеті. Масса – гравитациялық өріс көрсету қабылетімен сипатталады да, m – деп белгіленеді. Өлшем бірлігі СИ-жүйесінде – кг, г.

Салмақ – дененің гравитациялық өріспен әрекеттесуі нәтижсінде пайда болатын күш және салмақ еркін түсу үдеуінде (g)-ға тәуелді: h=m*g.

Заттың массасы арнайы таразыларда (иінді, пружиналы) өлшенеді, дене салмағы – динамометрмен өлшенеді. Химияда көбінесе масса түсінігі жиі қолданылады.

3.Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса. Массаның атомдық бірлігі.

Атомдар мен молекулалардың абсолютті массасы өте аз шама:

mа(Н)=1,674*10-24г,

mа(С)=1,993*10-23г,

mм(Н2О)=2,99*10-23г.

Мұндай шамалармен есептеулер өте күрделі, ыңғайсыз. 1961 жылдан бастап а.м.б. ретінде көміртегі 12 изотобының атомы массасының 1/12 бөлігі алынған. 1,66-10-24 г тең. Осыдан, мысалы







A
r(H) – дегеніміз сутегі атомының салыстырмалы массасы, бұл шама сутегі атомы а.м.б. неше есе ауыр екенін көрсететін, өлшем бірліксіз шама. Mr(H2O) – судың салыстырмалы молекулалық массасы.

Судың салыстырмалы молекулалық массасын – сутегінің және оттегінің салыстырмалы атомдық массаларының қосындысымен есептеуге де болады:

Mr(H2O)=2*1.0079+15.999=18.015

4 Моль. Молярлық масса. Авогадро тұрақтысы.

СИ – жүйесінде моль – зат мөлшерінің өлшем белгіленуі ν(Са)=1,2 моль, ν(NаOH)=3 моль.

Моль дегеніміз – көміртегі С-изотобында 12 г қанша атом болса, сонша құрылымдық бөл-шектер (молекула, атом, иондар) болатын заттың мөлшері болып табылады. 12 г-да 6,02*1023 құрылымдық бөлшектер болатыны анықталған.

Авогадро тұрақтысы деген осы шама:



Молярлық масса заттың молінің массасы, өлшем бірлігі г/моль. M(NaOH)=40 г/моль. Молярлық массасы сандық және салыстырмалы молекулалық массаға тең болады:

M=Mr.

Заттың мөлшері мен молярлық массасы массамен төмендегідей қатынаста болады:



немесе m=*M

Заттың молекулалық массасын жеке молекула массасымен Авогадро тұрақтысы арқылы есептеуге болады.

M(H2O)=2.99*10-23г*6,02*1023моль-1=18г/моль

Жеке атомның немесе молекуланың массасының сандық мәнің м.а.б. немесе Авагадро тұрақтысын қолдана отырып табуға болады:



Ma(Fe)=1.66*10-24г*56=9.29*10-23г немесе



5. Химияның негізгі заңдары.

Массаның және энергияның сақталу заңын 1748 жылы М.В.Ломоносов тұжырымдаған: Химиялық реакцияға қатысушы заттардың массасы өзгермейді. 1905 жылы Эйнштейн энергиямен массаның өзара байланысын, тәуелділігін көрсеткен.



E=m*c2

c=3*108м/с

Масса мен энергия материяның бөлінбес қасиеті. Масса энергия өлшемі, ал энергия – материя қозғалысының өлшемі. Сол себептен олар өзара эквивалент (тең) емес, бір-біріне ауыспайды, дегенмен дене энергиясы өзгергенде (Е), оның массасы да өзгереді. Массаның шамалы өзгерісі ядролық химияда жиі байқалады.



6. Құрам тұрақтылық заңын 1808 жылдары француз ғалымы Пруст тұжырымдаған: кез-келген таза заттың алыну жолдарына қарамастан, сапалық және сандық құрамы тұрақты болады, егер берілген агрегаттық күйде молекулалық құрылымдары болса. Судың құрамында массасы бойынша 11.19% сутегі, 88.81% оттегі болады, бұл сандық құрамы, ал сутегі (Н) мен оттегі (О) элементтері – сапалық құрамын көрсетеді.

Дальтонидтер - бүтін санды коэффициентті, құрамы тұрақты сандар: H2O, CH4, HCl, С6H6.



Бертолидтер – бөлшекті индексті, құрамы айнымалы, тұрақсыз заттар TiO0.7-TiO1.3. Бұларға оксидтер, гидридтер, сульфидтер және т.б. жатады.

7. Еселік қатынас заңын 1803 жылдары ағылшын ғалымы Дальтон ашқан, газ-бу күйінде-гі қосылыстарға тән заңдылық. Дальтонидтердің құрамы секірмелі түрде өзгереді, яғни реак-цияға бүтін санды атомдар қатысады, сандық құрылым сапалық құрамға ауысады. Ф.Энгельс-тің сараптауынша бұл табиғаттың, қоғамның және таным дамуының бүкіл әлемдік заңы, яғни химия сандық құрамы өзгеруі әсерінен болатын дененің сапалық өзгерісі жөніндегі ғылым.

8. Эквиваленттер заңын 1791 жылы Рихтер ашқан. Элемент атомдары бірімен-бірі нақты алынған эквиваленттік қатынаста әрекеттеседі. СИ жүйесінде эквивалент нақты бөлшектің (Х) 1/z бөлігі. Х – алынған атом, молекула, ион және т.б. Ал z нақты бөлшек байланысатын немесе беретін протон санына тең (нейтралдану эквиваленті), тотығу-тотықсыздану эквиваленті болғанда (Х) бөлшек беретін немесе қосып алатын электрон санына тең. Иондық эквивалент болғанда (z) ион зарядының шамасына тең.

- эквиваленттің молярлық масасы, өлшемі – г/моль. Бұл шама (Х) бөлшектің молярлық массасының (z) санының қатынасына тең.

Мысалы: элементтің молырлық массасының оның валенттілігіне қатынасымен анықталынады. Су молекуласында







Al2O3 молекуласында

Эквивалент заңы:



Әрекеттесуші заттардың массасы, қатынасы олардың эквиваленттерінің молярлық массасының қатынасындай болады.

Математикалық өргені:

мұндағы m1 және m2 - әрекеттесуші заттар массасы,



және – олардың эквиваленттерінің молярлық массасы.

Егр әрекеттесуші заттардың мөлшері массамен емес, көлемімен сипатталса (V(x)), эквива-лент өрнегіндегі молярлық масса (Э) эквиваленттің молярлық көмегімен ауыстырылады.









9. Заттың газ күйіндегі заңдары.

Газ көлемі газдың табиғатына, массасына және ортаның жағдайына – температура мен қысымға байланысты. Гей-Люссак заңы бойынша: қысым тұрақты болғанда (Р=const) газдың берілген массасының көлемі абсолюттік температураға тура пропорционал болады.





Бойл-Мариотт заңы бойынша: тұрақты температурада (Т=const) берілген газ массасының көлемі олардың қысымына кері пропорционал болады:

P1V1=P2V2=PnVn=const

Осы екі заңды біріктіре отырып және қалыпты жағдайдағы газдардың күйін P0, V0, T0 деп белгілеп Клайперон теңдеуін аламыз:



Б
ұл теңдеу көмегімен кез-келген газ көлемін қалыпты жағдайға келтіруге (қ.ж) болады:

Қалыпты жағдайда:

Р0=101,325 кПа, немесе 1 атм. немесе 760 мм сн. бағ.

Т0=273 К, немесе 00С, V0=22.4 л.



Тұрақты шамалар қатынасы да тұрақты R-шама.

Газ тұрақтысы деп аталады, берілген жағдайға байланысты өлшем бірлігі әр түрлі болады:

R1=8.314Дж/моль*К,

R2=1.987кал/моль*град,

R3=0.082л*атм/моль*град.

І-теңдеу n-моль газ мөлшері үшін:





P1V1= n*RT немесе (ІІ) Клайперон-Менделеев теңдеуі деп аталады. Бұл тең-деу көмегімен белгісіз заттың (m) массасын, М – молярлық массасын, жүйедегі Р - қысымды, V - көлемімен Т - температураны есептеуге болады.

Авогадро заңы.. Мольдік көлем. Газдардың салыстырмалы тығыздығы.

1811 жылы Авогадро ашқан заң анықтамасы: кез-келгшен газдың бірдей көлемінде бірдей жағдайда молекулалар саны тең (бірдей) болады.

Кез-келген газ немесе бу күйіндегі заттың 1 моль қалыпты жағдайда 22,4л көлем алады. Бұл көлемді – молярлық көлем деп, Vm – деп белгілейді, өлшемі – л/моль, см3/моль:

Vm=22,4 л/моль

Бірдей көлемдегі, бірдей молекула саны болатын кез-келген газдардың массасының қатынасы, олардың молярлық массасының қатынасындай болады:



Д – газдың салыстырмалы тығыздығы, өлшемі бірліксіз шама. Мұның мәні – берілген газ-дың массасы осындай көлемдегі басқа газдың массасына қарағанда неше есе ауыр немесе же-ңіл екенін көрсеті. Д – салыстырмалы тығыздықты әдетте сутегі бойынша М(Н2)=2 г/моль не-месе ауа бойынша Мауа=29 г/моль анықтайды. Салыстырмалы тығыздығын біле отырып белгі-сіз газдың молярлық массасын немесе массасын анықтауға болады: М1=Д*М2 немесе m1=Д*m2

Қорытынды Атом молекулалық ілім химияның негізгі теориясы болып табылады. Химияның негізгі заңдылықтары эквивалент заңы, құрам тұрақтылық заңы, Авогадро заңы, Заттың газ күйіндегі заңына толық қорытынды жасауға болады

Лекция 2

Заттар құрылысы


  1. Атом құрылысы

  2. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

  3. Периодтың ашылу тарихы

Ең алғаш рет ғылыми тәжірибеге негізделген атом құрылысының моделін ағылшын физигі Э.Резерфорд 1911 жылы ұсынды. Ол мынадай тәжірибе жасады. Радиоактивті заттан ұшып шығатын α-сәулелерінің жолына өте жұқа металл пластинкасын орналастырды. Резерфорд α-сәулелерін жұқа металл пластинкасына бағыттап жібергенде, α-сәулелерінің басым көпшілігі одан өтіп кеткенін, кейбірі бағытын өзгерткенін, ал осы соңғылардың кейбіреуі кері қайтатынын байқайды.

1913 жылы Нильс Бор Резерфордтың ядролық теориясы және неміс ғалымы Планктың сәуле шығарудың кванттық теориясын негізге ала отырып сутегі атомы құрлысының теориясын жасады. Планктың теориясы бойынша заттар энергияны жеке-жеке порциялар-кванттар түрінде сіңіреді, немесе бөліп шығарады. Е=h*V Е-квант энергиясы, V-тербелу жиілігі, h=6,626*10-34Дж*с.



Бордың І-ші постулатасы: Электрон ядроны кез келген орбита бойынша емес, тек тұрақты (стационар) орбита бойынша айналып жүреді. Бұл тұрақты орбита бойынша айналғанда электрон энергия бөліп шығармайды.

Бордың ІІ постулаты: Электрон көбірек қозған (жоғарғы деңгейден) күйден азырақ қозған (төменгі деңгейге) немесе қалыпты күйге көшкенде өзіне тән тербелу жиілігі бар сәуле түрінде квант энергия бөлініп шығады.



- ядродан қашық деңгейдегі электронның энергия қоры.- ядродан жақын деңгейдегі электронның энергия қоры.V – тербелу жиілігі



- Планк тұрақтысы = 6,626*10-34 Дж/с

Атомдағы деңгейлерден электрон ауысуының тербелу жиілігі белгілі болса толқын ұзындығы келесі формуламен есептеледі.

- толқын ұзындығы, - жарық жылдамдығы, - жиілік (тербелу).

Квант сандары.

Атомдағы электронның күйін толық көрсету үшін квант сандарын пайдаланады. Квант сандары электрон қозғалысын физикалық тұрғыдан сипаттайды, әрі электрон бұлтының геометриялық ерекшеліктерін бейнелеп береді.

1) n – бас квант саны орбитальдағы электронның энергиясын және орбитальдың көлемін көрсетеді. Ол болады тең: n: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 …

Энергетикалық деңгейі: K, L, M, N, O, P, Q …

2) Электрон бұлттарының пішінен орбиталь квант саныl сипаттайды. Орбиталь квант саны 0-ден n-1-ге дейінгі аралықтағы бүтін сандардың мәніне тең болады: l=0, 1, 2, 3 … n-1 дейін. Оларды s, p, d, f әріптерімен белгілейді.


N

L

n-1

Орбитальдарды белгілеу әріптері

1

0-ге

(1-1)=0

1s

2

0,1

(2-1)=1

2s2p

3

0,1,2

(3-1)=2

3s3p3d

4

0,1,2,3

(4-1)=3

4s4p4d4f

S – орбитальдардың кеңістіктегі – геометриялық пішіні шар тәрізді сфера.


y


z
l=0-ге




x

s


p – орбитальдікі гантель тектес, l = 1

ал d, f – орбитальдарыныкі оданда күрделі болады.

3) m – магнит квант саны, бір пішіндес орбитальдардың жалпы санын және олардың кеңістіктегі орналасу ретін көрсетеді. Магнит квант саны – l ..0 .. +l аралығындағы бүтін сандардың мәніне ие болады. Осыған орай әрбір орбиталь квант санына (2l+1) магнит саны сай болады.

l=0 (s) - шар тәрізді, онда m=0

l=1 (p), m=3 болса,онда -1, 0, +1

l=2 (d), m=5 болса, онда -2, -1, 0, +1, +2

l=3 (f), m=7 болса, онда -3, -2, -1, 0, 1, 2,3

4).Спин квант саны – ms электронның өз өсінен қай бағытта айналатынын көрсетеді.



Электрон өз өсінен бір бағытта немесе оған қарсы бағытта қозғалуы мүмкін. Сондықтан

. Электрондар спиндерін стрелкамен белгілейді. Спиндері параллель электрондарды бір жаққа бағытталған , ал спиндері қарама-қарсыларды екі жаққа бағытталған стрелкалармен белгілейді. Көп электрондарды атомдардағы электрондардың жалпы сипатын анықтау үшін Паули принципін қолданады.

Бір атомда бірдей кванттық күйде болатын электрондар болмайды, немесе кез-келген атомда төрт квант сандарының мәндері бірдей екі электрон болмайды.

Бас, орбиталь, магнит, спин квант сандарының мәндерін және Паули принципін пайдаланып энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелердегі электрондардың максимал сандарын анықтауға болады.

1) Бас квант саны – n=1, K – деңгейде S – деңгейшесі бір S - орбитальдан тұратындықтан бұл қабатта 2 электроннан артық болмайды.

2) Бас квант саны n=2, сәйкес L деңгейінің бір s; бір p – деңгейшелерінде (n2) 4 орбиталь болғандықтан, екінші қабаттағы электрондардың ең көп саны (2n2) 8-ге тең болады.



3) Бас квант саны n=3, М – деңгейде, Паули принципіне сәйкес ең көбі - 18 электрон.

4) Бас квант саны n=4, N – деңгейде

Кезекті электронның энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерде орналасу ретінің бас және орбиталь квант сандарына тәуелділігін Клечковскийдің бірінші және екінші ережелері анықтайды:



Клечковскийдің бірінші ережесі:

Элемент атомының электрондары оның энергетикалық деңгейлерімен деңгейшелерінде бас және қосымша квант сандары қосындысының (n+l) өсу ретімен орналасады.

Клечковскийдің екінші ережесі:

Егер екі деңгейше үшін бас және қосымша квант сандарының қосындысы (n+l) бірдей болса, онда электрон алдымен l-дің мәні кіші n-нің мәні үлкен l-дің мәні кіші деңгейшеде орналасады. Клечковский ережесіне сәйкес келесі тізбекті алуға болады:





Мысалы:

Паули принципіне сәйкес әрбір орбитальда бір немесе спиндері қарама қарсы екі электрон болады. Бірнеше орбитальдары бар бір деңгейшеде электрондар орналасу реті Гунд ережесіне бағынады: электрондар спин сандарының қосындысы максимал болатындай орналасады немесе әрбір электрон мүмкіндігінше жеке ұяшыққа орналасуға тырысады.

Ядро құрамы

Атом ядросында протон (р) және нейтрондар (n) бар – оларды нуклондар дейді.



Протонның массасы – , және заряды +

Нейтронның массасы - , заряды – 0. (электрлік бейтарап бөлшек).

Олардың массалары бірдей деп санауға болады. Осы теория бойынша барлық атомдардың ядролары z протоннан және (A-Z) нейтроннан тұрады, мұндағы Z – элемент. A – массалық саны.

A=Z+N

Изотоптар: Бір элементтің әр түрлі атомдарының ядро зарядтары бірдей, бірақ массалық сандары әр түрлі болса олардың изотоптар деп атайды.

Мысалы: Оттектің массалық саны



16, 17, 18 болатын изотоптары бар:

- орташа атомдық массасы

Элементтің атомдық массасы барлық табиғи изотоптарының таралуын ескерген кездегі олардың массаларының орташа мәніне тең.



Ерекшелік: - Жеңіл элементтердің изотоптары.



- жеңіл сутегі (протий)