4-Б 2) СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ӨНЕРКӘСІП ТОРАБЫ
Солтүстік Қазақстан — батыста Орал сырты үстіртінен, шығысында Ертіс маңы жазығына дейін, солтүстігінде Солтүстік қазақ жазығынан оңтүстіктегі Сарыарқаның ұсақ шоқылы қырқаларына дейін созылып жатқан өңір. Құрамына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары жатады. Аумағында Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы орналасқан. Ірі қалалары - Павлодар, Петропавл, Қостанай, Екібастұз, Көкшетау.
Ауыл шаруашылығы[өңдеу]
Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығынын, дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) - жаздық бидай өсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтары Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан (3 млн га-дан астам).
Бұдан басқа, мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмық псіріледі. Экономикалық аудан жалпы астық жинаудан Қазақстанда алдыңғы орын алады (67%), сонымен бірге оның басым белігі үш облыстың - Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының үлесіне тиеді. Техникалық дақылдардың үлесі (күнбағыс, зығыр, қыша т.б) көп емес, дегенмен күнбағыстан алынатын өнім біршама жоғары - республикадағы жалпы өнім жинаудың 11%- ын құрайды.
5 БИЛЕТ 1)
Өнеркәсіптің құрылымы:Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халық түтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше орында.
Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80% -ға жетті. «Б» тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.
Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркәсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (тау-кен өнеркәсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |