Билет қазақстанның экономикалық жағдайы


-Б 2) ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ӨНЕРКӘСІП ТОРАБЫ



бет2/23
Дата10.06.2022
өлшемі93.01 Kb.
#267851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
асемгуль

1-Б 2) ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ӨНЕРКӘСІП ТОРАБЫ
Орталық Қазақстан — Қазақстан Республикасының құрамындағы экономика-гео графиялық аймақ.
Табиғат жағдайы[өңдеу]
Ауданның құрамы:

  • Қарағанды облысы

  • Ауданы 428 мың км²

  • Халқы 1339 мың адам

  • Орташа тығыздығы:3,1 адам/км²

Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі өзендері де жоқтың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалык аудандармен шектеседі. Пайдалы қазба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған. Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының қуаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді. Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.[1]
Өнеркәсібі[өңдеу]
Орталық Қазақстан - республикамыздағы ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы ауданның аймақтық өнім шығарудағы үлесі 9%-дан астам. Кен орындарының барланған қоры - отын, электр куаты, металлургия өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік береді.Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені калыптасқан. Оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен кара және түсті металлургия кәсіпорындары, көмір өнеркәсібі кіреді. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабы жатады. Онда республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ы ендіріледі.Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау каласындағы толық циклді комбинатқа байланысты. Комбинатта шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. Қуаттылығы жөнінен ТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында 7-ші орында.Түсті металлургияда карқынды дамығаны мыс ендіру саласы,бірақ басқа да түсті металдардың коры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда (Қазакстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру, байыту және шақпақталған мысты алу кешенді түрде дамыған. Мыстың мұндай түрі тек Орталық Қазақстанда шығады Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп тораптары орналасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі арқылы және темір жолмен байланысады.Қарағанды- Теміртау АӨК (ең қуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптаскан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-нің құрамына өнеркөсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинск калалары, қала типтес Долинка, Шахан, Топар жөне т.б. кенттер кіреді.Бұл кешенде металды көп кажет ететін машина жасау және негізгі химияның салалары дамыған.АӨК-ні сумен Ертіс - Қарағанды каналы жөне Нұра су қоймасы камтамасыз етеді.Балқаш және Жезқазган өнеркәсіп тораптары, толық циклді мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан тау-кен байыту комбинаты (оның құрамына кен орны, карьер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары) жұмыс істейді.Орталык Қазакстанның өндіріс салалары көбінесе қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді. Зиянды калдықтарды азайту үшін кәсіпорындар өнімдерінің калдығын химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт кышқылы өндірілсе, Теміртау қаласында азот тыңайткышы, тас көмір шайыры,бензол шығарылады.Қожды құрылыс материалы ретінде және цементке қосуға пайдаланады.Күкірт қышқылын өндіруден Орталык Қазақстан Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы