17 билет 1) КӨЛІК ТҮРЛЕРІ
Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.
Көлік түрлері[өңдеу]
Көлік екі ірі тарапқа бөлінеді:
өндірістік ішкі көлігі
көпшілік пайдаланатын көлік
Өндірістік ішкі Көлігі[өңдеу]
Өндірістік ішкі көлігі (зауыттардың ішкі темір жол пункттері, автомобильдік және көлік жолдар, конвейер, трансопортер, кран, т.б. көтергіш қондырғылар) әдетте белгілі бір кәсіорынға қызмет етеді және ол тікелей өндіріс процесінің құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Көпшілік пайдаланатын көлік[өңдеу]
Көпшілік пайдаланатын көлік:
еңбек өнімдерін (дайын өнім, шикізат, шала фабрикада т.б.) бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, өндіріс орнынан тұтыну пункттеріне тасымалдау ісін жүзеге асырады. Бұл топқа көпшілік пайдаланатын көліктің барлық түрі - темір жол, өзен, теңіз, автомобильдік, әуе, құбыр жолы көліктері жатады.Көпшілік пайдаланатын көлік еңбек өнімдерін тұтынатын орындарға (өндірістік және жеке тұтыну) жеткізе отырып, өндіріс процесін одан әрі жалғастырады.
жолаушыларды тасымалдау ісін де жүзеге асырады.
Құрлық көліктері[өңдеу]
Құрлық көлігінің құрамына
Автомобиль көлігі[өңдеу]
Толық мақаласы: Автомобиль
Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.
Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша көзге түседі: мұнда 1000 адамға шаққанда 600 автомобильден келеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы жөнінен де (5 млн км) АҚШ жетекші орын алады. Ал жолдардың жиілігі жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.
Автомобиль көлігінің өте қарқынды дамуы көліктің жылдамдығына әрі жүкті шалғай аудандарға жедел жеткізуіне байланысты. Жалпы алғанда, дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы, жолаушы тасымалының 80%-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |