9 билет 1) Қара металлургия[өңдеу]
Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.
Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар Бағдарламалар әзірленді. «Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық Бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
9 билет 2 ) табиғат зоналары: го,климаты , топырағы , өсімдігі, жануарлары ,ерекшелігі
Орманды дала зонасы
Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек солтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.
Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.
Топырағы[өңдеу]
Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамының 9%-ына жуығы шірінді болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шіріндінің мөлшері де 6%-ға дейін азаяды. Қазакстандағы орманды дала топырағының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала топырағынан айырмасы - ойпаң жерлері сортаң болып келеді. Зонада көбінесе дала және шалғынды дала өсімдіктері өседі. Солтүстігінде, солтүстік-батысында шоқ-шоқ ормандар кездеседі.
Орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, аққіс, қояндар (ақ қоян, ор қоян, сусар, түлкі, қасқыр, т.б. кездеседі, шоқ карағай ормандарында - тиіндер бар .
Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 27%-ынан астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты камтиды, шамамен 54°-50° с.е. аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады. Дала климаты континентті, жазы ыстык әрі құрғак, жиі-жиі аңызак желі соғып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |