Билет №1 Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары


Өтірік өлеңдер туралы ой айтыңыз, өтірік өлең үлгілерін жатқа айтыңыз



бет7/48
Дата03.01.2023
өлшемі196.62 Kb.
#405683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
1-13
ОСӨЖ такырыптары-Косымша куру-3 Иско, сабак, сабак, medicinskiy-stol, 1614311361250
Өтірік өлеңдер туралы ой айтыңыз, өтірік өлең үлгілерін жатқа айтыңыз.

Өтірік өлеңдер
Өтірік әңгімелермен қатар қазақта өтірік өлеңдер де бар. Оның түп нұсқасы әзіл – оспаққа, өтірік сынға құрылған. Өтірікте қиыннан қиыстырған ойдың өткірлігі, логиканың күштілігі басым. Өтірік өлеңдер өте шеберлікпен, тілдің орамдылығымен өзгеше өңделген сөз. Өтірік өлеңде өмір бар, салыстыру бар, сықақ бар, өмірге тікелей байланысты болып келеді.
Ертеде бір хан халқына жар шақыртты:
— «Кімде-кім алдыма келіп, кідірмей-мүдірмей, бір өтірік әңгіме құрастырып айтып өтсе және артынан қырық ауыз өтірікті өлең қылып айтса, сол адамға қызымды беріп, күйеу етемін, тіпті, уәзір қоямын. Бірақ, бір сертім бар: әңгімесінің, иә өлеңінің ішінде бір ауыз рас сөз қосылса, дарға тартқызамын!» – депті.
Бұл хабар жұрттың құлағына тегіс тиген соң, ханның қызын алып, күйеу болуға қызықпайтын адам болмайды. Әркімдер-ақ дәмелі болып: «Ой, айтпай несі бар!» – деп ханның алдына барады, бірақ өтірігін келістіріп айта алмай дарға тартылып жатады.

Жұрттың ең соңынан бір тазша бала кіріп келіп, иіліп, тәжім етіп, сөйлеуге ханның рұқсатын сұрайды.


Сонда хан тұрып:
— Ие, не арызың бар? – дейді.
— Тақсыр, жарлығыңызды естіп, өтірік әңгіме мен өтірік өлең айтқалы келіп тұрмын! – дейді тазша.
— Жаным-ай, жас бала көрінесің! Сенен естияр талай адамдар да айтамын деп келіп, айта алмай кеткен. Жарқыным, өлуге асығып жүрген не қылған баласың? Тілімді ал да, қайта ғой! – дейді хан.
— Тақсыр-ау, солардан жаным артық па? Айта алмасам, обалым өзіме ғой, рұқсат етіңіз! – дейді тазша.
— Ал, ендеше сөйлей ғой! – дейді хан. Тазша:
— «Тақсыр, әкемнің белінде, анамның көңілінде жатып, әкемнің әкесінің жылқыларын он бес жыл баққан екенмін! Алған ақыма өзіме қалың беріп, әйел алып, бес-алты бала сүйген екенмін! Сол әйелімнен туған балаларымның қолымдағы ең кенжесі осы уақытта
Кешегі маған жағуға қимаған майың осы ма еді?» – деп, алдыма сарт еткізіп қоя салды. Пай-пай, тақсыр-ай, сондағы ұялғаным өмірімде есімнен кетер емес! Мінекей, тақсыр, туғаннан бергі өмірімде басымнан өткен істер осы, – деп тазша әңгімесін бітірді.
Қиыстырып, бір ауыз шын сөз араластырмай, айтқанына ханның көңілі толып:
— Қане, балам, енді өтірік өлеңіңді айтшы! – депті. Сонда тазшаның айтқаны:
Қайныма қарға мініп, ұрын бардым.
Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп,
Алдынан қайын атамның қырындадым!

Жүк артып инелікке, ерте көштім,


Шүйкелеп сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде: өлдім-талдым!— әрең шештім.
Міндім де қара қоңыз аяңдадым.
Салдыртып аяңыма қоян алдым.
Япыр-ай, сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым!

Міндім де жасыл қоңыз сона қудым,


Басынан мұнар төбе сағым будым.
Дәулеттің құдай берген арқасында,
Қанменен көйлегімнің кірін жудым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы