Билет №22
1. Абай – балалар әдебиетін жаңартушы.
. Абай – балалар әдебиетін жаңартушы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында туған қазақтың жаңа жазба әдебиетінің атасы, үлкен ойшыл-ағартушысы – Абай Құнанбаев. Ол қазақ әдебиетінің атасы, ұлы ойшыл ғана емес, ұлттар достығын ерте бастап, қазақ даласының Ресейге қосылуын кімнен де болса келелі етіп жырлаған ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Абайды біз поэзияда көрінген тұңғыш ағартушы дейміз.
Медреседе үшінші жыл оқып жүрген уақытта Абай жалғыз мұсылманша оқумен тоқтамай, Семей қаласындағы «Приходская школаға» түсіп, орысша да оқи бастаған. Бірақ мұндағы оқу ұзақ болмайды. Бас-аяғы үш-ақ аймен орысша оқуы бітеді. Мұсылманша оқуы да доғарылады. Жасы 13-ке толғанда, ерте есейіп, ақыл, сезімі ашыла бастаған өткір зейінді, ерекше талапты жас шәкіртке аз да болса, тәрбие беретін мектептің есігі жабылады.
Абайдың толық жинағы 1858 жылы жазылған екі өлеңнен басталады. Біріншісі – «Иузи – рәушан», екіншісі – «Фзули, Шәмси» бұлардан соң 1864 жылы жазылған «Әліфби» өлеңі бар. Ақынның он үш жас пен он сегіз, он тоғыз жастар арасында тудырған шығармалары осы.
Абайдың қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығының бірі – осы реалистік эстетика алғашқыда ол реализмнен бастап, 1898 жылдары Салтыков-Щедрин ізіндегі үлкен сатирик болды. Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңдері бір кездері айтылғандай әдебиеттегі формализмнің, яғни өлеңді қалай жазудың техникасы емес, реалистік эстетиканың программалық ұраны болды. [2; 158-160 б.]
Абай поэзиясының қоғамды өзгертуші қызметін алға қояды. Өлеңнің түрі мен ішкі мазмұн бірлігіне де айрықша мән береді.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы, -
деген жерде соны аңғарсақ керек. Түр мен мазмұн байлығы Абайда орасан биік, классикалық дәрежеге жеткен.
Ат суреті мен қыздың кескінін суреттеу реализмнің бастаьмасы болды. Ақынның тілі мен теңеулері халық үлгісінде жасалуымен бірге заттың, адамның портретін өмірдегідей жанды көрсетеді. Абай Пушкин поэзиясынырң үлгісімен («Жаз», «Қыс») табиғат суретін де жырлайды. Мұнда да айналадағы табиғаттың жандыю суреті реалистік арнада суреттеледі. Сонымен бірге әлеуметтік өмірдің ішкі қайшылығы да жақсы айтылған. Ақынның әлеумет қайшылығын суреттеген бір өлеңі – «Қараша жел». Мұнда ол бай баласы мен кедей баласы тұсында тап қайшылығын жақсы көрсете білген.
Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ.
Екеуін аңдастырған құдайым – ай, -
деген жерде Абай екі таптың арасындағы қайшылықты айтып отыр. 1888 жылы жазған «Қыс» өлеңінде Абай бұл қайшылықты әлі толық тани қойған жоқ еді. «Күз» деген өлеңінде табиғат суретіндегі жыртық үй, жыртық киім, жыртық үйін жамаған кедейдің күзді күнгі көңілсіз күйін көрсетеді.
1890 жылдар ішінде тап қайшылығы артып, Аабйдың бұқарашылдығы арат түсіп, заман болмысына наразылығы да күшейеді. Ол өзі шыққан таптың тар аясына сыймай, әлеуметтік өмір қайшылықтарын, ескіні де, жаңаны да бірдей аяусыз сынайды.
Абайдың лирикасы көп болса да, сюжетті дастандары аз. Лермонтовтың «Демон», «Вадим» сияқты поэмаларынан үзінділер аударған. «Мың бір түн», «Әзім», шығыс сюжеттерінен «Масғұт», «Ескендірді» жырлайды. Бұл поэмаларда Абайдың халықтық идеясы нығая түскен.
1885 жылы туған «Жасымда ғыылм бар деп» дейтін өлең Абайдың сол 1880 жылдардың бас кездерінде, ақындық еңбек жолында әр алуан түрде ізденіп жүргенін көрсетеді. Ізденуші Абай, ең алдымен, өзін жаңа үлгідегі ақын етуге жәрдемші болатын ғылымның жайын сөз етеді. Жасында оқыған оқуын, анық ғылым екен деп танымайды. Ендігі Абайдың арман етіп, «махрұм» қалдым деп көкірегін қарс айырғандай арман ететін мекені мәлім.
1886 жылдың тағы бір өлеңі – «Қалың елім, қазағым, қайран жұртымда» ақын өз халқының сол кездегі тарихи трагедиясын айта кеп дерттенеді. Жоғын жоқтап, мұңын мұңдап отырғаны «қалың елі қазағы». Оны «қайран жұртым»деп, бар жанымен ынтыға сүйеді.
Алғашы көп тақырыпты, мол өлеңдер жазған жылдың ішінде Абайдың бір топ өлеңі жастарға арналған. «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге» деген шығармалардың бәрі де – өсиетші, сыншы ұстаз ақынның жас буынға арнап айтқан сөздері. Солардың ішінде, әсіресе Абай шығармасына үлкен жаңалық қосатын өлең – «Интернатта оқып жүр».
Бұл өлеңде сыншылдық та көп, қоғам үшін қамқорлық озғын ой да мол. Жаңа буынға басшы болған ақын патшалық системасына да терең сын айтады.
2. Б.Соқпақбаев «Менің атым - Қожа», «Жекпе-жек» повестерінің көркемдік ерекшелігі.
3. «Үш алып» тақырыбында ой толғаңыз, дәлел келтіріңіз, талдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |