Билет №20
1. Ш.Құдайбердиевтің азаматтық және табиғат лирикасы, поэмалары.
2. Ө.Тұрманжанов, Ә.Ахметов, Қ.Мұқышев шығармашылығы.
3. Балалар әдебиеті жөніндегі ұлы адамдардың ой-пікірлерінен дәлелдер келтіріңіз.
Билет №21
Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
1. Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқынан шыққан халық ағартушыларының бірі, ірі жазушы , тамаша ұстаз, қазақ балалар әдебиетінің атасы.
Ол 1841 жылы 20 қазан да қазіргі Қостанай облысы ,бұрынғы Аманқарағай болысы , Затабол ауданында дүниеге келді. Ыбырай өзәкесі Алтынсарыдан 4 жасында жетім қалды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін Ыбырай атасы Балқожаның тәрбиесінде болад .Балқожа кішкентай немересі Ыбырайды 1850 жылы , 23 тамызда Орынбор қаласында жаңадан ашылған мектепке оқуға берген . Ыбырай жас кезінен-ақ өте зерек болып , сабақты үнемі үздік оқиды. Атасы Балқожаның оқушы Ыбырайға өлеңмен жазған мына бір өсиет сөздерін ол бұлжытпай орындаған еді.
Балаларға арнап Еңбек тақырыбындағы “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш”, “Бай мен жарлы баласы”, “Дүние қалай етсең табылады”, “Байлық”, “Әке мен бала”, “Асыл шөп”, “Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй”, т.б. әңгімелері — өзінің өнегелілігімен, образдылдығыменерекше мәнді тәлім берер күші мол көркем шығармалар.
Ыбырай творчествосында еңбекке тәрбиелейтін әңгімелерінің ішіндегі ең биік шыңы — “Бай мен жарлы баласы”.
Асан – бай баласы. Ол өмірдің қиыншылығын көрмеген. Екі қолын жылы суға малып, алдындағы асын алып ішуге ерінетін ерке.
Ал Үсен — кедей баласы. Ол өмір мектебінен өткен. Басына түскен қиыншылықтан құтылудың жолын да ойластыра біледі.
Ы.Алтынсарин әңгімелерінің көтеретін тағы бір өзекті мәселесі-адамгершілік. Ол әр кезде адам сабырлы, мейірімді, қайырымды, әдепті, ұқыпты болса, деген ізгі ниет білдіреді. “Шеше мен бала”, “Бір уыс мақта”, “Мейірімді бала”, “Аурудан аяған күштірек”, “Әдеп”, “Әділдік”, “Петр патшаның тергелгені”, “Тәкаппарлық”, “Таза бұлақ” әңгімелері мен аудармалары жазушының осы ниетінің жемісі еді.
Ыбырай шығармаларының ішіндегі ертегі-аңыз ретінде келетін “Қара қылыш”, “Тазша бала”, “Қара батыр”, “Алтын айдар”, “Жиренше шешен” сиқты халықтың аңыз-ертегі сюжетіне құрылған әңгімелері де бар.
Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
2. Б.Ысқақов, Н.Әлімқұлов поэзиясы.
Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақов (4.11.1924, Қарағанды облысы Нұра ауданы Көкмөлдір ауылы - 22.1.1991, Алматы) — ақын, филология ғылымдарының кандидаты (1970). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазҰУ-ды бітірген (1948).
1946 - 1949 жылдары "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналы,
1949 - 1960 "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті,
1960 - 1969 жылдары "Білім және еңбек" (қазіргі "Зерде") журналында қызметкер,
1969 - 1991 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметтер атқарған.
Өлеңдері баспасөзде 1938 жылдан жариялана бастаған. Тұңғыш кітабы "Сенің Отаның" 1958 жылы жарық көрген. "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" ертегісі негізінде мультфильм жасалған. Ысқақов көптеген мәтіндерінің авторы. А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.Я. Франко, В.Маяковский, Н.Хикмет, С.Вургу т.б. ақындардың шығармалары қазақ тіліне аударуға қатысқан. Өлеңдері орыс, өзбек, түрікмен татар, т.б. тілдерге аударылған. Әр дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған
Сенің Отаның. Өлеңдер. A., 1959;Кішкене театр. Мектеп сахнасына арналған пьеса. А., 1959;Москвані тыңдаймын. Өлеңдер. А., 1962;Өнерпаз болсаң... Өлеңдер. А., 1965;Кішкен көмекші. Суретті кітапша. А., 1966;Қарлығаштың құйрығы неге айыр. А., 1966;Өлеңдер, балладалар, ертегілер. А., 1974;Қазақ татар байланысы. Монография. A., 1976;Жылдар жырлайды. Өлеңдер. А. 1979;Шабыт шуағы. Өлеңдер мен поэма А., 1984;Жеткіншек. Өлеңдер мен дастандар. А., 1985.
Достарыңызбен бөлісу: |