«Жұмбақ – ойдың гимнастикасы» тақырыбында ой бөлісіңіз, жұмбақ жатқа айтыңыз.
Қазақ халқы ерте кезде, жазбаша әдебиет дамымаған кезде ауыз әдебиетінің әр алуан үлгілерімен танысып,қоршаған ортаны, дүниеге көзқарасын білдіріп, суреттеп отырған. Ауыз әдебиетінің даму барысында адамдардың ойлау,сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда мақал-мәтел, жұмбақтың алар орны ерекше сипатқа ие.
Ұлттық әдебиетіміздің күрделі саласының бірі –жұмбақ. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда жұмбақтың шығу тарихы өте ертеде болғанымен бізге жеткені 19 ғасырдың екінші жартысында ел арасынан жинап алғандар Ш.Уәлиханов пен В.Радлов болғанын білеміз.М.Әуезов1940 –жылы «Жұмбақтар» жинағын жазып, білім берерлік,дүниетанымды дамытарлық қасиеті барын айтқан.
Қазіргі кезде сабақ барысындажұмбақты шешу оқушылардың ой-өрісі, логикалық ойлау қабілетін дамытатын –ұтымды әдіс. Әдебиеттен басқа пәндерде де жұмбақтар, жұмбақты тапсырмалар қолданса,оқушының ой-өрісін дамытып, тәрбие береріміз анық.Білімге деген ынтасын арттырып, сергіту жаттығу түрінде қолданса тиімді екенін байқаймыз.
Жұмбақтың тақырыбы, мазмұны әр алуан болғандықтан күнделікті сабақта қолданып, оқушыларға ой тастап, тапқырлыққа, білмегенді білуге, ізденуге ой салатын тәрбиелік мәні бар халық шығармасы деп қараймыз. Жұмбақ әрбір заттың атқаратын қызметіне, жаратылысына, ерекше қасиетіне қарай құрастыратындықтан астарлы,жасырын ойды анықтау үшін оқушылар логикалық байлам жасап,өз ойын айтады. Жалпы жұмбақта фантазиядан гөрі нақтылық, деректік басым болғандықтан, аз уақыт ішінде тез шешім қабылдап, жауабын табуға тиіс. Атап айтсақ, ой ұшқырлығын, ойлау жылдамдығын қажет етеді.М.Әуезов «Жұмбақ-адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деп, бекер айтпаған.Тақырыбы да әр алуан. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар, мал, жан-жануарлар, адам, оның дене мүшелері, еңбек құралдары , т.б әртүрлі заттар мен құбылыстар, білім-өнер ұғымдары.
Алайда жұмбақтардың мазмұны мен түрлері әр алуан. Атап айтсақ:
• Табиғат туралы мақалдар
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады .
(Күн)
Көзіңе көрінбейді,
Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,
Жол бойын сыпырады.
(Жел)
• Жан-жануарлар туралы
Иір қобыз, жарық жұлдыз
(Түйенің мойны мен көзі)
Үстім жолақ
Тісім-орақ
Күшім мол-ақ.
Барып тұрған қайсарлық,
Өзің айтшы, қайсы аңмын?
(Жолбарыс)
Әдеби жұмбақтар
Торы тай
Табанында төрт ай.
(Таға)
От ішінде үш аяқ
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі
Ілгегіне ілгені
(Мосы)
• Адамның дене мүшесі туралы
Қимылдаса қос шебер
Қыруар іс тындырар.
(Қол)
Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат,
Байлауынан бір босамас қызық ат.
(Тіл)
Бұл жұмбақтар балалардың дүниетанымын кеңейтеді. Білімге деген ынтасын арттырып, ой салады. Кейбір жұмбақтар әзіл –оспаққа, логикалық ой-өрісін дамытуға да құрастырылады. Ой ұшқырлығын талап етеді.
Мысал келтірсек :
• Әзіл-оспақ түріндегі жұмбақтар
Төрт қызметші
Бір патша.
(Үстел)
Адам есектен неге құлайды?
(Жерге)
Достарыңызбен бөлісу: |